2. Санақ – әр азаматтың жауапкершілігіне сынақ 2009 жылғы халық санағының маңызы


Санақ – әр азаматтың жауапкершілігіне сынақ



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі47,49 Kb.
#94638
1   2   3   4
Байланысты:
боөж10

2.Санақ – әр азаматтың жауапкершілігіне сынақ.

2009 жылғы халық сана­ғына елімізде ерекше маңыз берілген. Ол “Әркім де маңызды” ұранымен өткізіді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елі­міз­де 15 миллион 778 мың адам тұра­ды. Халық ең көп шоғырланған өңірлер – Оңтүстік Қазақстан облысында 2 миллионнан астам, Алматы облысында 1 миллион 600 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 400 мың тұрғын бар. Алдағы халық санағы бұл дерек­тер­ге нақты өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізетіні сөзсіз.


Елімізде халық санағын өт­кізуге жан-жақты дайындық жа­салынған. Санақ жүргізетін негізгі 53 мың 706 есепші-санақшы бел­гі­ленген. Оған қосымша жергілікті жерлерде негізгі жұмыс орын­да­рын­да 20 пайыз жалақысы сақта­лып, санаққа қатысатын 2 мың есепші-санақшы бекітілген. Сөйтіп, еліміз бойынша 2009 өткен халық санағын 58 мың 368 есепші-санақшы жүргізген. Санақ жұ­мысына бақылау жасайтын нұс­қаушылар тиісті оқу курсынан өткен. Сол сияқты ішкі істер, қорғаныс, әділет, төтенше жағдайлар орган­дарына қарасты мекемелерде санақ жүргізетін арнаулы топ та дай­ын­дықтан өткізілді. Алдын ала белгі­лен­ген есеп бойынша бір есепші-са­нақшыға жүктелетін міндет – 78 пәтерді аралап, жобамен 290 тұрғынның есебін алу.
Есепші-санақшылар арнайы киім үлгісімен жабдықталДЫ. Олардың әрқайсысының қолында санақ бланкілері салынған көк түсті портфель, арнайы логотив белгісі бар көк түсті бөкебай, ысқырық және қолшамы болды. Пәтерлерге есепші-санақшылардың атын жа­мылып, бұзық ойлы бөгде адам­дар­дың кіріп кетпеуі үшін ойласты­рыл­ған тағы да басқа шаралар бар. Санақ алдында әрбір тұрғылықты жерлерде, шағын аудандарда, елді мекендерде есепші-санақшыларды таныстыруға арналған арнайы кез­десулер мен жиналыстар өткізілді. Сондай-ақ, бірқатар қоғамдық орындарда стационарлық санақ учас­келері ұйымдастырылды. Мә­се­лен, темір жол вокзалдарында – 56, автокөлік вокзалдарында – 24, әуежайларда 10 осындай санақ учас­келері ұйымдастырылған. Елі­міз бойынша 1674 санақ бөлім­ше­лері құрылады. Түрлі себептермен санаққа кірмей қалған тұрғындар осы учаскелерге келіп, тіркелуіне болады.Сонымен, 25 ақпан — 6 наурыз аралығында елімізде кезекті халық санағы өттіі. Санақ жұмысы тек осы мерзіммен аяқталған жоқ. 7-16 наурыз аралығында қайтадан бақы­лау санағы өткізіліп, қамтылмай қал­ған тұрғындардың есебі алына­ды. 16-18 наурыз аралығында санақ карточкалары есептеуден өткізіле бастады. Әр күн сайын халық са­на­ғының есебі беріліп отырады. Бел­гіленген меже бойынша күн сай­ын есепші-санақшылар 1 мил­лион 400 мың тұрғынның есебін алып отырған.Селекторлық кеңесте халық са­на­ғын өткізуге байланысты жаса­лып жатқан шаралар туралы Сырт­қы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің және бас­қа да мемлекеттік органдардың өкіл­дері есеп берді.Кеңесті Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қорытындылап, он жылда бір өткізілетін бұл саяси-әлеу­мет­тік ша­раның маңыздылығына тоқ­тал­ды. Сондықтан санақты ұйым­дас­қан түрде сапалы дәре­жеде өткізу әрбір мемлекеттік орган­ның кезек күттірмес міндеті болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет