2. Санақ – әр азаматтың жауапкершілігіне сынақ 2009 жылғы халық санағының маңызы


Қазақстан Республикасының 2009 жылғы халық санағының нәтижесі жайлы



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі47,49 Kb.
#94638
1   2   3   4
Байланысты:
боөж10

4. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы халық санағының нәтижесі жайлы

2009 жылғы санақ нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының халық саны 16млн.004мың 800 адамды құрды, өткен (1999ж.) санақпен салыстырғанда 1млн.022мың 900 адамға немесе 6.8% өсті.ҚР Статистика агенттігінде халық санағының қорытындыларына арналған брифингте Агенттік төрағасы Әлихан Смайылов 2009 жылғы ҚР Ұлттық халық санағының нәтижелері статистикалық жинақ болып жарыққа шыққандығын хабарлады.Жинақта соңғы 50 жылдағы Қазақстанның тұрақты халық санының өзгеруі туралы деректер көрініс тауып отыр. Ал жинақтың қазақ және орыс тіліндегі электрондық нұсқасы ҚР Статистика агенттігінің сайтында орналастырылған. «Жинақта 1999 және 2009 жылдар арасындағы кезеңдегі жекелеген ұлттар бойынша халық санының өзгерістері туралы мәліметтер жарияланды. Ана тілі туралы және халықтың жеке тілдерді меңгеру деңгейі жөніндегі мағлұматтар және халықтың дін ұстануы туралы деректер берілген», деп атап көрсетті ол.


ҚР Статистика агенттігі жыл соңына дейін, 2009 жылғы ҚР Ұлттық халық санағының нәтижелеріне арналған жинақтардың барлығын басып шығуды жоспарлауды. Ол жинақтар көші-қон, білім беру, үй шаруашылығы, отбасы және неке, жұмыспен қамту, өмір сүруге қажетті кіріс көздері, жастар, қала және ауылдың портреті, тұрмыстық жағдай тақырыптары бойынша ұсынылмақ.2009 жылғы ҚР Ұлттық халық санағының нәтижелеріне республикада қазақтардың ең тығыз шоғырланған жері — Қызылорда облысы екенін атап өтті. Қазақстанда саны бойынша неғұрлым көп болып табылатын қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және немістер, олардың үлесіне елдің 95, 6 пайыз халқы жатады.
«Жекелеген ұлттардың өңірлер бойынша орналасуы әртекті. Санақ бойынша Қызылорда облысындағы халықтың 95 пайыздан астам үлесін қазақтар құраса, келесі облыстарда: Маңғыстау — 88,2 пайыз, Ақтөбе — 79,4 пайыз, Оңтүстік Қазақстан — 72,3 пайыз, Батыс Қазақстан мен Жамбыл — 71,4 пайызды құрады.Ұлттық халық санағының нәтижелеріне, Қазақстандағы өзбектердің 87,9 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Ал ұйғырлардың 96 пайызға жуығы Алматы қаласы мен Алматы облысында шоғырланған. Немістердің 70 пайыздан көбі Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай мен Қарағанды облыстарында тұратыны анықталған.Жинақта санақ өткен (1959, 1970, 1979, 1989, 1999 және 2009 жж.) жылдар ішінде тұрақты халық санының өзгеруі туралы деректер жарияланып отыр. Тұрақты халық саны (санақ өткізу күніне – 2009 ж. 25 ақпанына) өңірлер бөлі­нісін­де, қала және ауыл бойын­ша және жынысы мен этностар бөлінісінде жария­ланған. Қо­ры­тындылар абсолюттік және салыстырмалы түрде кел­ті­ріл­ген. 2009 жылғы тұрақты халық саны алдыңғы санақ дерек­терімен салыстырылып берілген.Аталған жинақта 1999 және 2009 жылдардағы жекелеген ұлттар арасында халық санының өзгерістері туралы деректер жарияланды. Азаматтық алған елдері бойынша халық саны келтірілген. Ана тілі туралы және халықтың жеке тілдерді меңгеру деңгейі туралы дерек­терде көрсетілген. Сондай-ақ, халықтың дін ұстануы туралы деректер жарияланыпты.Жекелеген этностар ана тілі ретінде өзге тілдерді атаған, негізінен олар: украиндар, не­містер, беларусьтар, поляктар, кәрістер, татарлар.Осыған тұтастай ел бойынша (15 және одан үлкен жастағы) қазақ тілін меңгерген халықтың үлесі 74 пайызды құрады, қазақ тілін меңгергендер үлесінің көбеюі орыстар, өзбектер, ук­раиндар, ұйғырлар, татарлар, немістер және беларусьтар ара­сында байқалды. Орыс тілін жо­ғарыда аталған этностардың 90 пайыздан астамы меңгерген. Ағылшын тілін меңгеруден қазақ­тар, орыстар, ұйғырлар және татарлар арасында бірқатар жоғары көрсеткіштерге жеткен.Ауыл халқы арасында ерлер мен әйелдер арақатынасы қала халқынан едәуір басым түсті, 1000 әйелге 991 ер адамнан келеді (қала халқында – 1000 әйелге 880 ер адам).Халықтың дін ұстануы туралы сұрақ алғашқы рет 2009ХС санақ парағына енгізілген бола­тын. Елдегі халықтың 70 пайыз­дан астамы ислам, ал, халықтың 26,2 пайызы христиан дінде­рін ұстанады. Қала халқымен салыстырғанда ауыл халқын­да ислам дінін ұстанатындар­дың үлесі жоғары, 80 пайыз­ды құра­ған. Ал, христиан діні қала халқы арасында көбірек тарал­ған, ауыл халқының 34,2 пайызы осы дінді ұстайды. Өңір­лер бөлінісінде ислам дінін ұстанатын халықтың үлесі Қызыл­орда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы және Ақ­төбе облыстарында жоғары, олар­дың үлес салмағы 80 пайыз бен 96 пайыз аралығында. Сол­түстік Қазақстан және Қос­танай облыстары халқының 50 пайыздан астамы және Қарағанды мен Павлодар облыстары хал­қының 40 пайыздан астамы христиан дінін ұстанғандар. Осы екі негізгі діни ұстаным түрлері бойынша ерлер мен әйелдердің үлесі тиі­сінше қала халқында, сол сияқты ауыл халқында шамамен бірдей.

«Халық санағы – ұлттық маңызы бар іс-шара. Санақтың жетістікпен өтуі халықтың санақ мақсаттары мен міндеттерін, оның маңызын түсінуіне байланысты. Санақты өткізу еліміздің әр азаматының қатысуы мен ынтымақтастығын талап етеді. Санақтың жетістілігі халық бұл іс-шараның мемлекеттік маңыздылығын және өз қатынасының мәнін, сонымен бірге санақ парағының сұрақтарына шынайы жауап беруінің қажеттілігін қаншалықты дұрыс ұғынуына тәуелді». Ә. Касенова, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Демографиялық және әлеуметтік статистика департаментінің директоры, Астана қ. Қазақстанда 2009 жылдың бірінші тоқсанында өткен соңғы онжылдықтың ең ірі ауқымды іс-шараларының бірі – Ұлттық санақ. Бұл науқан «елімізде қанша адам тұрып жатыр», «олардың ішінде ерлер мен әйелдердің, балалар мен қарттардың үлесі қандай», «еліміздің аумағында қанша және қандай ұлт өкілдері тұрып жатыр», «қазақстандық отбасылардың табыс деңгейі» сияқты және өзге де көптеген сұрақтарға жауап беру үшін арнайы өткізіліп отыр. Бұл көрсеткіштердің барлығы Қазақстанның ішкі мемлекеттік құрылымының айқын статистикалық әлеуметтік-экономикалық бейнесін көрсетуі қажет. Санақ нәтижелері өз кезегінде, мемлекетке болашақта саяси бағытты нақты деректердің негізінде айқынырақ құруына мүмкіндік берді. 2009 жылғы Халықтың ұлттық санағының ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі қоғам арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді. Бұл жұмыстың мақсаты 2009 жылы санақты өткізу бағдарламасының қағидалары мен әдістері туралы халықтың барлық топтарын ақпараттандыру болып табылады. Еліміздің көптеген азаматтары санақшылармен ешқашан кездеспеген де болуы мүмкін және сол себепті науқан барысында санақ рәсімі бойынша түрлі сұрақтар туындайтыны белгілі. 1999 жылы санақшыларды пәтерлер мен үйлерге кіргізбеген жәйттер де орын алған. Кейбір адамдар күдікпен қарап, сенімсіздік танытқан. Бұл жәйт, өткен санақтың нәтижелеріне өз әсерін тигізгені даусыз.


Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық


көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі
қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек
қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы
азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды
ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.
«Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді
жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге,
оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ
жүзеге асыру 2010 жылдан басталды.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы
қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру
жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үйқымбат, бөлінетін жер
телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан
берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе,
облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шекараға
іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға
көңіл бөлінбек.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді
тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар
жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын
үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды
шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы.
Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын
үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі.
Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен
шұғылдануға қаржы бөлінеді.Алдағы үш жылда Ақтөбе облысына 3 мыңға жуық оралман
отбасылары көшіп келмекші. Бұл туралы Үкіметтің «Нұрлы көш»
бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының Ақтөбеге
келген сапарында мәлім болды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты
хатшысы Тамара Дүйсенова оралмандарды орналастыратын
облыстардың мүмкіншіліктерін қарап, саралау үшін бес жұмыс тобы
құрылғандығын мәлімдеді.Облыс әкімінің орынбасары Жеткерген Оралмағамбетов «Нұрлы
көшпен» ілесе келген шеттегі ағайындар Мұғалжар, Темір,
Хромтау, Қарғалы, Мәртөк аудандарына қоныстандырылады
дейді. Ол үшін алдын-ала тыңғылықты даярлық керек. Үй-жайын,
ер-азаматтарға жұмыс орындарын ертерек қамдамаса болмас.Министрліктің мәліметіне қарағанда, 1991 жылдан бастап, 1
миллионға жуық оралман атажұртына туын тігіпті. Ал, кейбір
дерек көздеріне үңілсек, келген олардың 100 мыңнан астамы кері
қайтып кеткен.Шетелден қоныс аударғандар Қазақстанда әлеуметтік
қиыншылықтарға кезігеді: көбіне тұрақты табыс көзі
болмайды, күнкөріс төмен. Квотасыз келсе, әр адам 100
мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алады.
Егерде, бір үйде 5 ересек жан болса, олардың
мемлекеттен алатын көмегі 500 мың теңгеден аспайды.
Ал, мұндай сомаға қаладан бір бөлмелі пәтер де ала
алмайсың. Сондықтан да көшіп келгендер қала
сыртындағы саяжайларды сатып алып, бірнеше отбасы
болып бірігіп тұрады. Осылайша, квотаға іліккен
санаулы ғана оралманды мемлекет баспанамен
қамтамасыз етуге міндетті болса, қалғандарына ондай
бақыт бұйыра қоймады. Сондықтан да, бір реттік
берілетін жәрдемақыға саяжай сатып алып, баспана
тұрғызып жатқандар қатары әлі жалғасып келеді.
Осы кезге дейін Ақтөбе облысына 6 мың оралман отбасы көшіп келді.
Көпшілігі алыс аудандарға емес, Ақтөбеге таяу орналасты 1995 жылы
Қарақалпақстаннан оралған Дәмегүл Өтепова отандастарының
мұндағы ахуалын жақсы біледі. Оның «Оралмандарды бейімдеу
орталығын» ашам деген ұсынысы қаржы жоқтығынан жүзеге аспай
тұр.Көші-қон департаментінің басшысы Кенжеғали Толықбаев 2010
жылдан бастап, Ақтөбе облысына көшіп келетін әрбір оралманға 1
миллион теңге жәрдемақы бөлінетіндігін жеткізді. Мұнымен бір
кезде, еліміздің оңтүстік өңірін таңдаған әр оралман 500 мың теңге
алады. Осы кезге дейін, көшіп келушілер табиғаты жайлы оңтүстік
өңірлерді таңдаған болса, ендігі кезекте олар солтүстік, орталық
және шекараға жақын елдімекендерге қоныстандырылады.
Орталық даму аймағына кіретін жәрдемақы коэффициенті де екі
есе өсті.Осылайша, атағы зор «Нұрлы көш» арқылы мемлекет
оралмандарға басқа көзбен қарайтындығын білдіріп жатыр.
Астанадан хабар жеткенімен, облыстарға «Нұрлы көшке»
даярлыққа бір жыл ғана мерзім берілді. Ақтөбеге келетін 3 мың
отбасыны қабылдауға үш жылдық бюджеттен 1-1,2 миллиард теңге
бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет