2 Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары



Дата18.10.2022
өлшемі206 Kb.
#153656
Байланысты:
5 жоңышқа
содержание, ашық сабақ Жания

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................

3

1 Өндірістік практика өткізілген орнының сипаты......................................

4

2 Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары................................

5

2.1 Климаттық жағдайлары.........................................................................

5

2.2 Топырақ жағдайлары...........................................................................

9

3 Жеке тапсырма. Жоңышқа дақылының биологиялық ерекшеліктері және жоғарғы өнім алудың технолгиясы.......................................................

10


3.1 Жоңышқаның ботаникалық сипаттамасы................................................

10

3.2 Өсімдіктің биологиялық ерекшелігі.........................................................

11

3.3 Жоңышқаның аймақта аудандастырылған сорты................................

15

4 Тіршілік қауіпсіздігі........................................................................................

17

Қорытынды.........................................................................................................

20

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................

21

Кіріспе

Мал шаруашылығын өркендетудің табысты болуы бірінші кезекте азық қорының жағдайына тікелей байланысты. Мал азық қорын жасақтауда екі түрлі жағдай қалыптасқан: - біріншісі малды қолда ұстап баққан кезде азықтандыру үшін керек жемшөпті табиғи шабындықтар мен жайылымдардан дайындау; екіншісі екпе дақылдарды пайдалану.
Көпжылдық мал азықтық шөптердің ішінен Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ең бағалысы жоңышқа. Ол суармалы және тәлімі жерлерде жақсы өседі. Жоңышқа дақылы жердің құнарлығын арттырады, сол себептен суармалы және тәлімі жерлерде өсірілетін ауыл шауашылық дақылдарының ауыспалы егіс жүйесінде өсіріледі. Өкінішке орай соңғы жылдары ауыл шаруашылығында реформа жүргізген жылдары бүл дақылдың егіншілік жүйесіндегі үлес салмағы едәуір төмендеп кетті. Қалыптасқан жағдай егіншілік жүйесінің ғылыми негізде жүргізілуін өрескел бұзылуына ықпал етті, нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі төмендеп кетті.
Жоңышқа дақылын өсіргенде агротехникалық шараларды дүрыс атқарғанда суармалы жерлерден 600-800 ц/га көк балауса, 120-150 ц/га құрғақ пішен жинауға болатынын тәжірибе арқауы және өндірісте жекелеген шаруашылықтардың көрсеткіші дәлел. Тәлімі жерлерде әр гектардан 30-40 ц/га пішендеме жинауға болады.
Республиканың оңтүстік өңірінде тұрақты, сапалы, жоғары өнім алынатын көпжылдық мал азықтық дақылдардың бірі жоңышқа. Осымен қатар жоңышқа ауыспалы танап жүйесін қалыптастырып, топырақ құнарын сақтап арттыруда баламасыз дақыл болып табылады.
Өндірістік практика Оңтүстік –Қазақстан облысы жағдайында орналасқан Қайнар бұлақта жүргізілді.

1 Өндірістік практика өткізілген орнының сипаты


Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бұлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз денгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің пайдалануға алынған жер көлемі 2,8 га,оның ішінде 0,5 га интенсивтік бағы, 0,2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бұрыш егілінеді. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге – арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т.б жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.


2 Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары


2.1 Климаттық жағдайлары


Оңтүстік Қазақстан облысынының топырақ –климаттық жағдайы алуан түрлі бедерлігімен ерекшеленеді. Талас Алатауы мен Тянь-Шань тауының батыс тау сілемдерімен облыстың солтүстік –батыс жағы құмды шөлейт Бетпақ дала жазығымен жалғасып жатады. Оңтүстік –Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе егіс алқабы шамамен теңіз деңгейінен 650-800 м биіктікте орналасқан.


Оңтүстік Қазақстан облысының климаты ерекше мінезімен тез құбылмалығымен, күн сәулесінің радиациясы және жылылығымен ерекшеленеді. Орташа суықсыз кезеңі 245-265 күнге созылып, яғни 00 жоғары температура 8-10 айды құрайды. 2016-2017 жылдары қыс айларында агрометрологиялық жағдай температураның күрт төмендегенімен қардың көп көлемде түсуімен ерекшеленді.
Алғашқы қар жамылғысы зерттеу жүргізілген 2017-2018 жылдары қараша айының II декадасының соңғы күндері түсіп, ал 2018 жылы желтоқсан айының II декадасында жауған қар ақпан айының соңғы декадасына дейін сақталып наурыз айына дейін жатты. Ең жоғарғы қар жамылығысының биіктігі қараша-қаңтар айларында 23-45см жетіп, зерттеу жүргізген жылдары топырақ қабатында тоң қату болған жоқ, сондықтан күздік бидай қар жамылғысының астында қолайлы жағдай қалыптасқандықтан одан әрі даму процестері жүріп жатқандығы белгілі болды.
Көпжылдық көрсеткіштермен салыстыра қарағанда 2016-2017 жылдары сәуір-мамыр айларындағы түскен жауын-шашын мөлшері біркелкі болып, күздік бидайдың бас шығару және сүттеніп пісу кезеңдерінде ылғал жеткілікті болып, өнімнің де жоғары болуына септігін тигізді. Ал, 2018 жылғы көктем айларында құрғақшылық болып, түскен жауын-шашын мөлшері күздік дақылдарға нағыз ылғал қажет кезінде 22,0-58,3 мм құрады, бұл көрсеткіш орташа көпжылдыққа қарағанда 1,5-2,0 есе аз болғанын көрсетеді.
Көпжылдық орташа мәліметтер бойынша жауын-шашын түсімінің жиынтығы – 515 мм, оның ішінде 40,0 % көктемде, жазда – 5,2 %, күзде – 18,6% және қыста – 36,2% түседі. Зерттеулер жүргізілген 2010-2011 ауыл-шаруашылық жылы – 81,9 мм немесе 13,2% - күзде, 262,5 мм немесе 39,2% - қыста, 154,5 мм немесе 23,1% - көктемде, 36,5 мм немесе 5,5% - жазда жауын-шашын түсті, 2015-2016 ауылшаруашылық жылы бұл көрсеткіштер төмендегі-ше деңгейде болды: 208,2 мм немесе 31,1% - күзде, 212,6 мм немесе 37,3% - қыста, 201,1 мм немесе 35,2% - көктемде, 7,7 мм немесе 1,3% - жазда жауын жауған, ал 2016-2017 жылдары тиісінше 91,4 мм немесе 18,1% - күзде, 231,8 мм немесе 52,6% - қыста, 123,3 мм немесе 28,0% - көктемде, 5,6 мм немесе 1,3% - жазда жауын түскен. Яғни қыс және көктем айларында 70-80% жыл бойы түсетін жауын-шашын мөлшері түссе, күз айында небары 13,2-18,6% жаңбыр жауатыны айқындалды. Осы себептен күздегі далалық жұмыстарды уақтылы және сапалы жүргізу үшін әр жылы көптеген қиындықтар мен кедергілер туындайды. Демек, егіншілік жүйесінде күз айларында жүргізілетін агротехникалық шараға барынша шығынды аз жұмсау бағытын қалыптастыру керектігі өндірістің бүгінгі талабы екені аян.
2015 жылы қазан айының екінші онкүндігінде 17,7 мм, ал үшінші онкүндігінде 36,3 мм жауын жауып жердің беткі тұқым орналасатын қабатында (0-10 см) 25,2 мм ылғал қоры жинақталып далалық егіс жұмыстарын жүргізуге өте ыңғайлы болды. Бұл жылы күздік бидайды себу мерзімі қараша айының 6 жұлдызына тура келді. Топырақ ылғалдылығының жеткіліктілігі және тәліктік орташа температураның жоғарылығы (16,00С) нәтижесінде бидай өскінінің жер бетіне 8 күнде шығуы, толық шығымы 10-12 күнде қалыптасты (қарашаның II онкүндіктегі тәуліктік орташа температура 8,60С болды). Келесі 2013 жылдың жаз және күз айлары өте құрғақ болып (қыркүйек - 0,0 мм, қазан – 8,0 мм, қараша айының бірінші онкүндігінде – 17,2 мм жауын болды) далалық егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермеді, нәтижесінде күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей егу қараша айының 30 жұлдызында жүргізілді (қарашаның үшінші онкүндігінде 65,7 мм жауын болды). Осы жылы күздік бидайдың алғашқы өскіні желтоқсан айының басында (6.XII.2013 ж.) көрінді, толық өскін (14.XII.2013 ж.) инелік дәуірінде қар астында қалды.
2016 жылы алғашқы қар 13-16 желтоқсанда жауып жер бетінде 5 см тереңдікте топырақ қатқақтанып ең төменгі температура 0,50С төңірегінде болды. Ал тұрақты қар түсімі желтоқсан айының 19 жұлдызынан басталып, осы айдың үшінші онкүндігінде қар қалыңдығы 27 см болды, ал қаңтар айының алғашқы күндері (5-7.I.2013 ж.) қардың биіктігі 36 см жетті. Қар қалыңдығы-ның ең жоғарғы көрсеткіші 58см ақпан айының 15-16 жұлдызында анықталды.
Демек, қар түсімінің мол болып ұзақ жатуы 72 тәулік (19.XII.2015 ж. – 28.II.2016 ж.), сонымен қатар қыстың аязды болып (желтоқсан айының үшінші онкүндігі – 7,50С, қаңтар айының орташа температурасы – 9,60С жекелеген күндер – 30- 310С төмендеді, ақпан айының бірінші онкүндігі – 8,70С, ал екінші онкүндігінде – 1,9 0С температура қалыптасты) ақпан айының соңғы күндеріне дейін созылуы қыс айларының күздік бидайдың қыстап шығуына қолайсыз болғандығын айқындайды. Дегенмен, қардың қалың түсуі және бірқалыпты деңгейде ұзақ жатуы қар астындағы күздік өскінінің баяу болса да дамуына, нәтижесінде өз бойындағы пластикалық заттардың демалу процесіне жұмсалуына байланысты күздік өскіндерінің 25% дейін өліп шығындануына әкеліп соқты (кесте 1)
Сонымен қатар қар бар-жоғы 2 (екі) тәуліктің ішінде (27-28 ақпан күндері) тез еріп оның үстіне жылы ақ жауын жауып күздік бидайдың ылғал жоғарылығынан танаптың төменгі рельефінің бетіне шалшық су жинақталып қыстан әлсіреп шыққан күздік масақты дақылдардың түп санының сиреуіне себеп болды. Осы жылғы ауа-райының қолайсыздығы наурыз айының алғашқы күндерінен бастап орташа тәуліктік температураның күн санап артып бірінші онкүндікте 8,50С жоғарылап көпжылдық көрсеткіштен 3 есе артқанын, екінші онкүндікте 2,5 есе жоғары болып орта тәуліктік температура 13,30С жетіп, үшінші онкүндікте 16,50С артты.
кесте 1
Зерттеу жүргізілген 2016-2017 жылдардағы «Шымкент» АгроМетеостанциясының мәліметтері бойынша күздік бидайдың өніп-өсу кезеңіндегі климаттық көрсеткіштер

Зерттеу жүргізілген жылдар

Айлар

Орташа біржылдық ауа температурасы

Күздік бидай өсу кезеңіндегі оң температуралық көрсеткіштің жиынтығы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Ауа температурасы, оС

2016

-0,5

3,6

6,6

16,1

19,4

25,0

26,8

26,1

20,8

11,4

8,3

-1,2

13,5

2125,3

2017

-9,6

2,9

12,8

15,1

21,1

26,9

28,1

27,8

19,6

13,0

6,0

1,5

13,3

1774

Орт.көпжылдық

-2,6

0,3

5,4

12,8

18,7

23,2

26,1

24,5

19,1

11,9

4,8

0,0




1722

Жауын –шашын мөлшері, мм

Орт. біржылдық жауын –шашын мөлшері, мм

Өсу кезеңіндегі жауын –шашын мөлшері, мм

2016

51,8

96,3

72,5

84,1

44,6

5,2

1,4

1,1

-

8,0

83,4

122,6

570,6

544,8

2017

38,0

71,2

43,0

58,3

22,0

-

5,6

-

9,6

55,1

75,7

62,5

441,0

438,5

Орт.көпжылдық

60

63

87

78

42

17

7

3

7

37

52

64

517

422,8

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

Жылдық орт. ылғалдылық

Орт. жылдық ауа ылғалдылығы

2016

63

76

67

71

59

40

38

32

31

42

61

78

658

55

2017

76

73

55

54

52

32

32

25

35

60

70

81

645

54

Орт.көпжылдық

72

73

69

60

56

43

38

34

39

55

69

73

690

58

Жалпы наурыз айының орташа тәуліктік температурасы 12,80С жетіп, көпжылдық орташа көрсеткіштен 2,5 есе жоғары болды, ал жауын-шашын деңгейі 2,0 есе төмен болып (43,0 мм) топырақ қабатының жоғарғы беті күздік бидайдың тамыры қалыптасқан қабаты қатқақтанып құрғап кетті.
Сонымен, зерттеу жүргізілген жылдары күздік дақылдарды себер алдындағы кезеңде ауа-райының климаттық жағдайы өте құрғақшылық болып, түскен жауын-шашын мөлшері қазан айында бар болғаны 2,5-8мм құрап орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшерінен 4,6 есе кем түсті. Күздік дақылдардың себу кезеңінде 2015 жылы керісінше орташа көпжылдық жауын мөлшерінен 1,5 есе көп түсіп 54,7мм құрады. Барлық зерттеу жылдары күздік дақылдарды сепкеннен кейін қараша айының I декадасы ылғалды болып, жауған жауын мөлшері 79,3-125,9мм құрап, орташа көпжылдық көрсеткішке қарағанда 1,5-2,4 есе көп түсіп, күздік астық тұқымдас мәдени өсімдіктердің шығымдылығының біркелкі қарқындылығы артқаны белгілі болды. Демек, зерттеулер жүргізілген 2014-2015, 2015-2016 және 2016-2017 ауылшаруашылық жылдары күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей сеуіп өсірген уақыт нағыз ауа-райының әр түрлі қалыптасуына байланысты далалық танаптағы сынау ортасы болып жаңа өсіру технологиясының өміршеңдігіне жеткілікті деректер жинауға оң әсер етті.

2.2 Топырақ жағдайлары


Оңтүстік Қазақстан облысы солтүстіктен оңтүстікке қарай 650 километр және шығыстан батысқа қарай 550 километр жерді алып жатыр. Оның жер көлемі – 117,4 мың шаршы километр.


Облыстың территориясы негізінен алғанда солтүстік шөл аймақта орналасқан және алуан түрлі рельефімен көзге түседі. Рельефіне қарай ол айқын айырмалы төрт бөлікке бөлінген: солтүстік, оңтүстік-батыс жазықтық, жазықтық-оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Географиялық жағынан облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік-шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғары, Мойынқұмның батыс шеті, Шу өзенінің төменгі ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс бөлігі, Қаратау жотасының көпшілік бөлігі және Батыс Тянь-Шань бірқатар жоталары қосылады. Қаратау жотасы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай облысты екіге – солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөліп жатыр.
3. Жеке тапсырма. Жоңышқа дақылының биологиялық ерекшеліктері және жоғарғы өнім алудың технолгиясы
3.1 Жоңышқаның ботаникалық сипаттамасы

Жоңышқаның кіндік тамыры жуан, күшті дамыған бүйір тамырларымен 2,54-3,0 м дейін топырақ тереңдігіне бойлайды. Сабақтарының биіктігі 1,5м жетеді, бір бұтақта 6-7-ден 200-300 сабаққа жейін түзіледі. Күшті бұтақтанады. Жапырақтары үштік, пішіні әр түрлі: домалақ, эллипс, ланцет, кері жұмыртқа тәрізді. Кезектесіп орналасады.


Гүлшоғыры – көпгүлді шоқгүл, гүлдері қысқа гүл аяқшаларына бекітілген. Гүлі қосжынысты, аналығы және 10 аталығы бар. Күлтесінің түсі күлгін, сары, ақшыл-қызғылт, ақ шұбар.
Жемісі- Көптұқымды бұршаққап, 2-5 айналымды бұранда немесе орақ тәрізді.
Тұқымдары ұсақ, бүйрек немесе бадана тәрізді сары-қоңыр немесе сары түсті, 1000 дәннің массасы 1,0-ден 2,7г дейін.
Жоңышқа кәдімгі – энтомофил. Гүлдердің тозаңдануы олардың ұрықтануы, жатынның пайда болуы сенімді түрде тозаңдатқыш – насикомдар арқылы іске асады. Жоңышқаны тозаідандыруға 160-тан астам ара түрлері қатынасады. Климаттық аймаққа қарай тозаңдатқыштардың түрлері мен сандық құрамы қатты өзгереді. Алайда тозаңданудағы негізгі жұмысты аралардың 5-8 түрі атқарады, ал қалғандары егістікте жекелеген күйде кездеседі.
Біздің Еліміздің жоңышқа өсіретік көптеген аудандарда өсімдіктердің тозаңдатқыш жәндіктермен қамтамасыз етілуі небары 5-15 пайыз, оның өзі тұқым өнімінің төмендігінң негізгі себебі болып табылады. Жабайы тозаңдатқыш- аралардыі санын өсірудің үлкен практикалық маңызы бар.
Өсіру орны мен әдісіне қарай жекелеген аралар мынадай топқа бөлінеді: жер, сабақ, пәтердегі және жәрдемдеуші аралар. Жер араларының ішінен, жоңышқаны тозаңдандыруда аз рөл атқармайтын, андрена және галиктус туыстығына жататын түрлерінатауға болады. Олар жерге үлкен калонияларымен орналасады да бір орнында бірнеше жыл мекендейді. Меллит, эфцера, комия туыстықтарының түрлері жекелеген ұялар салады.
Жекелеген жер араларының көптеген түрлері топырағы тығыздалған күн көзімен жақсы қыздырылатын, өсімдік аз немесе мүлде тақыр тың учаскелерді қалайды. Індерінің тереңдігі әртүрлі – бірнеше см-ден 1,5 м-ге дейін жетеді. Жер аралары бұрын салынған орындарға таяу орналасады, сондықтан бұл аралардың үлкен мекендері пайда болады.
Жоңышқаны тозаңдандыруға соңғы жылдары кейбір елдерде құрт-құмырсқа көбелегінен қолдан өсірілген ара жапырақ кескіштерді пайдалана бастады.
Тозаңдатқыш- араларды көбейтуге бағытталған шаралармен қатар, қолдағы бар тозаңдатқыш - араларды тиімді пайдаланудің жолдарын қарастырған дұрыс: Жоңышқа егістігін ұсақ алқаптармен тозаңдатқыш - аралар мекендеген жерлерге таяу- орман алқабы маңына, оңтүстік қырғаларға , жыртылмаған учаскелер маңы т.б орналастырылады.
Целиноград АШИ - ның мал азығын өндіру лабораториясының тәжірибелердің осы институт оқу-тәжірибе шаруашылығының жоңышқа егістігінде, кішірек алаңдарға орналастырғанда әр гектарға есептегенде жәндік тозаңдатқыштардың саны 2-5 мың болды , олардың ішінде барынша көп түрлі - жер қазғыштар тобының өкілі - андрена, алис, мелиттурга: сабақтық топтан мечахилдер, сонымен қатар түпті аралар болды.
Американдық оқымыстылардың жариялауында жәндік –тозаңдытқыштардың тығыздығын гектарыне 20000 жеткенде жоңышқаның тұқым өнімі 20 ц/га асқандығы туралы мәліметтер кездестіруге болады.
Егістіктегі барлық жоңышқа 6 сортотипке бөлінеді: көк, көкбуданды, шұбар және сары буданды, сары, көгілдір. Солтүстік Қазақстанда соңғы жылдарға дейін алғашқытөрт топқа жататын сорттар аудандастырылып, келді, 1989 жылдан бастап, аудандастырылудан сары буданды Марусинская 425 сорты шығарылып тасталды. Жоңышқаның тобы мен сорты гүлдің түсіне , пішініне гүлшоғыры мен бұршағына қарап, ажыратылады.
Көк - гүлдің түсі күлгін, қоспа түс жоқ. Бұршағы спиральді 2-4 айналымға бұратылған. Бұл топтағы сорттар негізінен Қазақстанның оңтүстік облысында суармалы жерлерінле өсіріледі.
Көк буданды - гүлдің жалпы түсі көк, бірақ 15-20 % дейін өзгермелі түспен кезеседі: күлгін , кіршін –күлгін және жасылдау . Бұшағы борпылдақ, спиральді 2-4 айналымға бұратылған, кейде орақ тәрізді және түзу болып келеді. Бұл топтағы сорттар барынша барынша өнімді және Сібір мен Солтүстік Қазақстан да кең тараған.
Сары буданды – гүлдің жалпы түсі қоңыр сары, 15 % дейін ашықсары гүлді болып келеді. Бұршағы 1-1,5 айналымға бұратылған. Бұл жоңышқа далалық аудандарда барынша төзімді әрі өнімді.
Сары гүлдердің жалпы түсі ашықсары, қызғылт сары. Бұршағының пішімі орақ тәрізді шөптілігі жіңішке сабақты, ұсақ жапырақты, бұтасы ажыратылмайды. Қуаншылыққа , қыстың суығына өте төзімді , алайда өнімділігі жеткіліксіз.
Көгілдір – күлтесінің түсі көгілдір, көк жоңышқадан гүлдерінің ұсақтығымен және жапырақшалардың енсіздігімен ажыратылады.

3.2 Өсімдіктің биологиялық ерекшелігі


Жоңышқаның тұқымы 2-3 оС жылылықта өне бастайды. Тіршілікке бейім егін көгі 5-6 оС жылылықта қалыптасады, қолайлы температура +18+20 оС. Көктегенне кейін -5-6 оС бозқыраудан зақымданбайды. Өсе бастағаннан гүлдегенге дейін орта есеппен 800-900 оС жиынтық температура қажет, ал тұқымының пісіп жетілуі үшін 1200-2200 оС керек.


Жоңышқа – ыстыққа төзімді дақыл, +35+40 оС ыстықты көтере алады. Қысқы теріс 15-20 оС суыққа шыдайды, ал егер 10-15см қалыңдықта қар болса -30 оС суықты еркін көтереді.
Жоңышқа - ұзақ күн және жарық сүйгіш өсімдігікке жатады. Жарықты әсіресе жас кезеңінде көп қажет етеді. Егін себу мерзімін анықтағанда бұл көрсеткішті міндетті түрде ескеру керек.
Қуатты жапырақ бетін дамыта отырып жоңышқа суды көп буландырады, соның нәтижесінде бір өлшем құрғақ зат түзуі үшін 700-900 ылғал жұмсайды. Су пайдалану коэффиценті 55-75 м3 құрайды. Егістік жоңышқа су қабатын 5-6 күннен артық көтере алмайды, тұншығудан өліп қалады. Жоңышқаның жақсы өнімін гүлдену кезеңіне дейін жақсы ылғал қалыптасқан жылдары алуға болады. Мал азығына өсіргенде ылғалдылық ТДЫ-тың 70-80%.
Жоңышқа топырақ пен оның құнарлылығына үлкен талап қоятын дақыл. Бейтарап немесе әлсіз бейтарап реакциялы (РН-7-8) сұр, қоңыр, қара топырақтарда жақсы өседі. Дақыл үшін ең жақсы топырақ құрамы орташа саздақ болып табылады. 1ц пішен үшін дайындалатын жоңышқаның негізгі өніміне 2,6- азот, 0,65 – фосфор, 1,3- калий қажет.
Қуатты жапырақ бетін дамыта отырып жоңышқа суды көп буландырады, соның нәтижесінде бір өлшем құрғақ зат түзуге оның 700-900 өлшемі шығындалады.
ЦАШИ тәжірибелеріне жоңышқада себу әдісіне байланысты тіршілігінің екінші және кейінгі жылдарда су пайдалану коэффициенті 55-75 м куб және кең қатарлы егістерде қатардағы әдіспне егілген алқаптағыға қарағанда су шығыны 15-29 процен кем болды да 56-68мкуб жетті. Суаруды қолданғанда өнімді қалыптастыруға кеткен жалпы су шығыны 30мкуб/ц, ал есептелген тыңайтқыш нормасын енгізген алқапта 30-35 ке дейін өзгереді.
Дақылдың ылғалға жоғары қажетсінуін ескере отырып оны жылына 300мм жоғары ылғал түсетін аудандарда ғана суармасыз жағдайда ғана өсіруге болатынын ескерген дұрыс, бірақ бұл ретте оны ылғалмен қамтамассыз етілген және жер асты сулары – 2,0-2,5м тереңдікте болатын учаскелерге орналасады. Жылдық ылғал мөлшері 290-300 мм аспайтын құрғақ далалық аудандарда жоңышқаны тек қана суармалы жағдайда өсіруге болады.
Рельефі төменжер асты ағын булары бар учаскелерде жоңышқа жоғары өнім береді, сондықтан дақылдың потенциалын толық пайдалану үшін далалық және орманды далалық аймақтарда жоңышқаны осындай алқаптарға орналастыру керек.
Егістік жоңышқа су қабатын 5-6 күннен артық көтере алмайды, тұншығудан өліп қалады, алайда сары және сары буданды жоңышқалар, бастапқы ата тегі ойпатты экотипке жататын Марусинская 425, Павлодарская 7, Дединовская жоңышқалары ағын сулардың астында 20-30 күнге дейін шыдайды. Су басуды жас өсімдіктер және өсе қоймаған жоңышқа жеңіл көтереді (шыдайды).
Жоңышқаның жақсы тұқым өнімін гүлдену кезеңіне дейін жақсы ылғал қалыптасқан жылдары алуға болады. Суармалы жағдайда мол өнім қалыптасқан жылдары алуға болады. Суармалы жағдайда мол өнім қалыптастырып тұратын ең қолайлы суару режимі төмендегідей:
1. Бастапқы өсу кезеңінде 50-60,
2. Бүрлену – гүлдену кезеңінде – 60
3. Гүлдену пісу кезеңінде – 50
4. Мал азығын өсіргенде 70-80 % ылғалды дәрежесінде ұстау керек.

8-кесте
Жоңышқаның өсетін орта жағдайларыны қоятын талаптары





Реттік катары

Көрсеткіштер немесе ортаға қоятын талаптар

Жоңышқа

1.
2

3.
4.


5.
5.1.
5.3.

5.4.

5.5.
5.6.

6.
6.1.


6.2.

6.3.
7.
7.1.



Топыраққа қоятын талаптар
Топырақ ерітіндісінің көрсеткіші (РН) ең қолайлысы (ең жоғарғы және төменгі көрсеткіштер)
Жарыққа талабы
Күнннің ұзақтығына талабы (фотоперидизм)
Жылулық режиміне қойылатын талаптар,0С
Тұқымның өнуі
-ең төменгі жылулық
- ең қолайлы жылулық
Күздіктердің түптену түйнегіне қауіпті ең төменгі жылулық
Дақылдың даму сатыларындағы қауіпті ең төменгі жылулық
1. Жапырақтану кезеңі
2. Гүлдеу кезеңі
Дақылдың даму сатысындагы ең қолайлы жылулық
1. Жапырақтану кезеңі
2. Гүлдеу және пісіп жетілу кезеңі
Дақылдың вегетация кезеңіндегі қажетті әсерлі жылулық қосындысы,°С
1. Гүлденуге дейін
2. Тұқымның пісіп жетілуіне дейін
Ылғалдылыққа қойылатын талаптар
Топырақтың ең қолайлы ылғалдылығы (толық су сиымдылығынан % есебімен)
Ылғалдылықты қажетсінетін ең маңызды даму сатысы

Су пайдалану коэффициенті (диапозон)


Қоректік заттарға қойылатын талаптар
1 т. негізгі өнім қалыптастыру үшін қажетті
Азот
Фосфор
Калий

Жоғары

РН-7-8
Жоғары


Ұзақ
Орташа

2-3
5-6


-7-8
-1

15-20
20-22


800-900
1200-2200
Жоғары

70-75
гүлденуге дейін


700-900
Жоғары

2,6
0,65


1,5

Жоңышқаны өнімді пайдалану ұзақтығы ең алдымен ылғалдылыққа байланысты: орманды- далалық аймақта орта есеппен 3-6 жыл, далалық аймақта -2-3 жыл, суармалы жағдайда 8 жылға дейін дейін және одан да көп жыл.
Мал азығы мен тұқым өнімінің максимум дәрежесін өсімдік тіршілігінің 2-3 жылында, ал кең қатарлы әдіспен себілген - егістікке - тағы төртінші жылында алынады. Өсімдік тіршілігінің төртінші жылынан бастап, өнімнің төмендеуі топырақтағы негізгі тамыр қабатында прогресивті түрде ылғалдаудың төмендеуі және топырақтың су ауа және қоректік заттар режимінің күрт нашарлауымен байланысты, мұның өзі шөптіліктегі өсімдіктердің түсіп қалуына, топырақтың беткі қабатындағы белсенді тамырлар үлесінің азаюына, өсімдіктердегі сабақтың биіктігі, массасы мен санның азаюына әкеліп соғады.
Жоңышқа топырақ пен оның құнарлылығына үлкен талап қоятын дақылдарға жатады. Бейтарап немесе әлсіз бейтарап реакциялы сұр, қоңыр, қара топырақтарда ол жақсы өседі. РН-4,5-нан төмен болғанда жоңышқа нашар өседі, ал РН-8-ге дейін жоғарылағанда оның өнімі арта түседі. Бұл дақыл үшін ең жақсы топырақ құрамы орташа саздақ болып табылады.
Қатты сортаңдаған топырақтарға жоңышқаны себуге болмайды, және мұндай жерлерде оны пайдалану ұзақтығы 2-3 жылдан аспайды.
Сортаңдау дәрежесі жоғары топырақтарға түйе жоңышқа, тарлау жау қияқ т.б-қа себіледі.
Жоңышқа энтомофилді айқас тозаңданатын өсімдік алайда гүлдер 30-350 –қа дейін қызғанда олар өздігінен ашылады, өздігінен тозаңданады. Гүлдерді әртүрлі жабайы аралар тозаңдандарады, кейде мәдени аралар де араласады. Жоңышқаның тұқымын ойдағыдай өндіру үшін төмендегідей климат жағдайлары қажет:

  • Өсіп-өну кезеңі 100 күннен артық.

  • Гүлдені кезеңіндегі ауаның орташа темперетурасы күндіз. 250 және одан да жоғары түнде +180 –тан жоғары.

  • Гүлдену кезеңінде ашық күндер.

  • Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 50 пайыздан төмен.

  • Топырақтың ылғалдылығы көктемде жеткілікті.

  • Гүлдену кезеңі шамалы болғаны жөн.

3. 3 Жоңышқаның аймақта аудандастырылған сорты


Шаруашылықта Красноводопадская скороспелая жоңышқа сорттары өсіріледі. Сорт Оңтүстік Қазақстанның жауын-шашыны аз түсетін тәлімі аймағында аудандастырылған.


Ботаникалық анықтамасы бойынша жоңышқаның азиялық түрінің Түркістан тармағына жатады.
Сорт өсімдігі жіңішке сабақты (1,2-2 мм), жапырағы ұзыншақ, майда, түксіз. Жапырақтың көк балаусадағы үлесі 49-52%. Гүлінің түсі күлгін реңді. Басқа сорттардан 2-5 сабаққа артық түптейді. Бірінші қатардағы бұтақтардың ұзындығы сабақпен бірдей. Өсімдіктің бірінші орымдағы биіктігі орташа 75 см, басқа сорттардан 12-15 см-ге аласа.
Сорттың айрықша бір ерекшелігі көктемде өте қарқынды өсіп-өркендейді, гүлдеу мерзімі бірінші орылымда басқа сорттарға қарағанда 15-20 тәулік ілгері басталады. Тез өсіп жетілуіне, жіңішке сабақтылығына және бүтақтарының алшақтығына байланысты жоңышқа зиянкесі - фитономуспен зақымдалмайды. Жауын-шашын мол болып зиянкестерге зақымдалғанымен толерант болуы арқасында гүлін төкпейді. Мұндай ерекшелік тұқым шаруашылығында шешуші роль атқарады. Бұл сорт төменгі температурада да шиыршық байлайды, жоғары температура мен ауаның төменгі ылғалдылығында шиыршықтары жарылып, дәнін шашпайды.
Қуаңшылыққа, суыққа өте төзімді. Осындай қасиеттеріне байланысты бүл сорттың Тұқым шаруашылығын тәлімі жерлердің барлық аймағында жүргізуге болады. Тәлімі аймақтарда әр гектарына 20-50 т пішен алынып, басқа сорттардан 29 пайызға артық өнім береді. Тәлімі жерлерде тұқым өнімділігі 1,5-3,0 ц/га. Көпжылдық тәжірибе бойынша егер БИГ-3 маркалы тырма болса, бұл сорттың тұқымын өндіру үшін химиялық заттың қажеті жоқ. Авторы - М.Қоңырбеков.

9-кесте
Шаруашылықта өсірілетін жоңышқа сортының шаруашылықтың белгілерінің сипаттамасы



Реттік қатары

Көрсеткіштері

Красноводопадская скороспелая

1.
1.1.
1.2.

2.


3.
4.

5.


6.

Әр гектардан алынатын өнімділігі, ц/га
Шаруашылық бойынша орташа өнім, ц/га
Сорттың сипаттамасы бойынша бере алатын ең жоғарғы өнімі, ц/га
Беретін өнімінің сапа көрсеткіштері
- сіңімді протеин,г
Ауру мен зиянкестерге төзімділігі
Негізгі өнімі мен қосымша өнімінің (сабаны, сабағы, жапырағы, қауыздары және т.б.) ара қатынастары
Суыққа және қысқа төзімділіктері (күздік және көпжылдық дақылдарға баға беру үшін)
Сабақтарының жатып қалуға беріктігі, дәнінің
төгілуге төзімділігі
Вегетация кезеңінің ұзақтылығы, күн

295
190-210
200-500

Төзімді

1/1,5

Төзімді

Төзімді
30-45


Жоңышқаның шаруашылықтық сипаттамаларын саралай отырып шаруашылық жағдайында Красноводопадская скороспелая сортын өсірудің маңыздылығы жоғары екендігі белгілі болды. Өйткені, бұл сорттың өнімділігі және беретін өнімінің сапа көрсеткіштері жоғары және де ауру мен зиянкестерге, суыққа және қысқа, сабақтарының жатып қалуға төзімді.


4 Тіршілік қауіпсіздігі


Табиғатты қорғау халықаралық және қоғамдық жоспарлы жүйесі есептеледі. Ол табиғат ресурстарын жіктеу, қоршаған ортаны ластанудан бұзылудан қорғау, табиғи ресурстардан тиімді пайдалануға бағытталған, сонымен бірге қазіргі жасап жатқан адамдарға және келешек ұрпақтардың материалды және моральды талаптарын қанағаттандыруға бағытталған.


Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.
Табиғат ресурстары – адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай, адамзат техникаларға энергия көзі болған түрлі жанатын заттар, жабайы өсімдік және жануарлар, адамзатқа қосымша қоректік болған т.б. кіреді. Солай етіп табиғи ресурстар адамзат қауымының материалдық базасын жарататын бір бүтін дене болып есептеледі.
Табиғи ресурстардан пайдалану классификациясында ресурстар сарқылуына қарай пайдаланылады. Соған қарай табиғат ресурстарысарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Ол өз ретінде қайта тіктелетін және қайта тіктелмейтін болып бөлінеді.
Сарқылмайтын табиғат ресурстарына климаттық факторлар: күн радиациясы, жауын шашын, энергия, жел жатады. Су байлықтары дүние жүзіндегі көлемімен сарқылмайтын ресурстарға жатқанмен кейбір жерлерде өте қажетті және дефицитті болып есептеледі, соның үшін суды үнемдеу керек. Тиімді пайдалану заман талабына сай келеді.
Сарқылатын табиғи ресурстар қайта тіктелетін және қайта тіктелмейтін болып бөлінеді. Қайта тіктелмейтін ресурстарға қазылма байлықтар кіріп, олардан немқұрайлы пайдалану бұл ресурстардың сарылуына келіп соғады.
Қайта тіктелетін ресурстарға топырақ өсімдік жануарлар ресурстары кіреді. Олардан пайдалануда қайта тіктеу мүмкіндігі болады. Соның үшін топырақтардан пайдалану негізін ауылшаруашылығы болғандықтан, бұл талап ауылшаруашылығына түктеледі. Ол жерден білікті тиімді пайдалануды талап етеді.
Жұмысшыларды жалпы демалысын жоспарлауды ұйымдастыру табиғатты қорғау басқармасы алдында үлкен міндеттер тұрады. Адамзаттар демалыста табиғи байлықтардан кең пайдаланады. Табиғат аясында демалу жұмысшылардың денсаулығын байытады, жұмысқа қабілеттігін жақсартады. Соның үшін табиғатты қорғау мемлекеттің алдында негізгі мәселелердің бірі. Табиғат ресурстарын үнемдеудің тиімді шараларының бірі кем шығынды және шығындысыз технологиялардан пайдалану болып есептеледі. Кен байлықтарды қорғауды жақсылау және минералды ресурстарды комплексті пайдалану қазба байлықтардың жойылуын төмендету, көбінесе оларды қазып алуда тасымалдауда және өңдеуде тиімді пайдалану табиғатты қорғауда мемлекетімізде заманауи басқару мүшелерінен пайдалану.



    1. Шаруашылықта табиғатты қорғау шаралары

Шаруашылықта топырақты қорғауда негізгі атқарылатын жұмыстар жел және су эрозиясынан қорғау шаралары болып есептеледі. Жел эрозиясы қалаған өсімдіктер сирек алқаптарда болуы мүмкін. Сонымен бірге қатарда ауылшаруашылығы егіндері енді пайда болған алқаптарда жел эрозиясы қауіпті болып саналады.
Жел эрозиясына қарсы бірінші шаралардың бірі алқаптарды желден қорғау. Екіншіден топырақтың ылғалдығын сақтау. Бұл мәселелерді шешуде орман жолақтарын құру, жоғары қалың сабақты өсімдіктер (жүгері,күнбағыс) егіп топырақты сақтау және басқада орман мелиоратив жұмыстары атқарылды.
Су эрозиясында табиғи жағдайға қарап көп кездеседі. Су эрозиясының бір түрі ирригациялық эрозия болып ол суғаруда көп су нормасынан пайдаланудан келіп шығады. Эрозияның бұл түріне қарсы суландыру нормасын реттеу, отвалсыз терең аудару, бұл шарада топырақ суды көбірек сіңіру көбірек ұсталды. Және бір ең жай және оңай шаралардың бірі ауылшаруашылығы егіндерін еніне егу, ол судың ағымын іркеді. Сондай-ақ шаруашылықта агротехникалық, орман мелиорация және гидротехникалық шараларда қолданылды.
Су көздерін қорғау. Су суармалы жерлерде өнімділікті асыру факторының бірі. Суды үлкеннен – кіші барлығымыз қорғауымыз тиістіміз. Сондай-ақ судан тиімді пайдаланып өзен су қоймаларын таза ұстап ластанудан сақтау қажет.
Ауылшаруашылығында су резервтерінен үнемді пайдалану ауылшаруашылығы өнімдерін кепілі соның үшін өсімдік талабына қарай суғару және техникалық суғаруға үлкен назар аударылады.
Ауылшаруашылығында инсектицидтерді және гербицидтерді білімсіз пайдалану олардың суға түсуіне себепші болады. Ол канал өзен суларының сапасының бұзылуына алып келеді. Ауыл тұрғындары пайдаланатын су сапасы өте жақсы болуы қажет. Ластанған сулар адам және жануарларға үлкен зиянын тигізеді. Соның үшін пайдаланатын сулар қорғауды талап етеді. Ішімдік және ағынды сулардың биологиялық және бактериялық жағдайы барлық уақыт қадағалау қорғау жұмыстары жақсы қойылды.
Атмосфера ауаны қорғау. Ауылшаруашылығы өсімдіктері, орман, қала және қала сырты көгалдандыру үлкен зиянын тигізетін нәрсе өндірістік шығындылар есептеледі. Ауаны ластандыруда көбірек таралған және өте улы зат бірі күкіртті газ. Сондай-ақ фтор, көмірхлорид т.б Олардың өсімдіктерге зияны төмендеуге көптеген ғылыми мәліметтер бар.
Ауылшаруашылығында тракторлар, комбайн және дизельді двигательдер атмосфераға зиянды компонентерді тастайды. Атмосфера ауасы тазалағын сақтау үшін ормандарды көбейту олардың өнімділігін арттыру, ормандарды өрттен сақтау, өсімдіктерді түрлі зиянкестер аурулардан қорғау жұмыстары атқарылуы қажет.
Табиғатта жануарлар және өсімдіктер өте тығыз байланыста болады. Жануарлар өсімдіктермен қоректенеді, ауаға көмірқышқыл газын шығарады, сонымен бірге топырақты құнарландырады. Соның үшін жануарлар және өсімдіктерді пайдалануда тиімді жұмысқа асыру ауаны қорғаудың бір түрі. Соның үшін жануарлардан тек сүт, ет, жүн терісі үшін емес табиғатты қорғау үшінде мал шаруашылығын өркендету керек.
Табиғатты қорғаудағы шаралар

  1. Қауыпты шығындылар көзінен пайдалануда зиянды заттарды кемітетін жаңа технологиялардан пайдалану.

  2. Жанармайлардың құрамын жақсылау, аппараттардан техникалардан атмосфера және суларға түсетін зиянды заттардың алдын алу.

  3. Зиянды шығындыларды ауаға тастайтын өндірістік зоналарды орман, көгалдандыру жолымен түрлі шығындылардан сақтау.

  4. Ормандардан тиімді пайдалану олардың аралық өнімдерін өңдеуде жаңа технологиядан пайдаланып орман өнімін арттырумен орманды қорғау.

  5. Өсімдік және жануарлардың өнімділігін асыру және оларды тиімді пайдаланумен олардың санын сапасын жақсарту.

Қорытынды





  1. Жоңышқадан жоғары өнім алуға топырақты өңдеу жүйесінің маңызы өте зор болғандықтан, аудара жырту, тырмалау, қопсыту, нығыздау және тегістеу жұмыстарын дер кезінде, сапалы жүргізу керек.

  2. Жоңышқаның тамырында болатын түйнек бактерияларының жақсы өсіп- жетілуі үшін тұқымды нитрагинмен өңдеу арқылы өнімділікті 15-20 пайызға арттыруға болатындығын ескере отырып, себерден 1-2 күн бұрын тұқымды 0,5-1,0 л/т нитрагин ерітіндісімен ылғалдандырамыз.

  3. Жоңышқа тұқымын ерте көктемде топырақ қабаты 0-5 см 4-6 °С мөлшерінде қызған кезде егуді бастайды. Қазақстанның оңтүстік аймағының табиғи климаттық ерекшелігін ескере отырып нақты шаруашылық жағдайында жоңышқаны себу нормасы 4 млн. дән/га мөлшерімен (10,2 кг/га) наурыз айының соңында себеміз.

  4. Ескі жоңышқалықты күтіп баптау жұмысы тәлімі егісте ерте көктемде фосфор тыңайтқышы 30 кг/га беріледі. Егістің бағытына тікесінен 16-18 см тереңдікке,культиватордың универсалды өңдеуіштерімен 45 см аралықта өндейді және осы агрегатқа БИГ- 3,0 тырмасын тіркеу ұсынылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





  1. Әубәкіров Т., Жұмағұлов Ж. Өсімдік шаруашылығы және селекция.- Алматы, 1988

  2. Жаңабаев К.Ш., Саудабаев Т. т.б. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.-Алматы, 2003.

  3. ӘріновҚ.К., Апушев А.К., және тб. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау. – Астана, 2001ж.

  4. Елешев Р.Е., Смағұлов Т.С., Бәсібеков Б.С. Тыңайтқыш қолдану жүйесі . Алматы , 1997

5. Афендулов К.П., Лантухова Л.И., Удобрения под планнируемый урожай. М.: « Колос», 1987.
6. Бараев А.И ., Сүлейменов М.К. т.б. Топырақты қорғау егіншілік жүйесі. –Алматы, 1985.
7. Можаев Н ., Әрінов Қ.К. т.б. Өсімдік шаруашылығы.- Ақмола, 1996.
8. Ж. Земледелие . Агропромиздат . 1998-2006гг.
9. Степанов Н.С., Костецкий И.И. Практикум по основам агрономии.- М.: Колос, 1981-240 с, ил.
10. Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша ауыл шауашылығын жүргізуге арналған ұсыныс. Алматы. «Қайнар», 2005.
11. Елешсв Р., Бекмағанбетов Л Научные основы и рекомендации по иримснению удобрений в Казахстане, 1982.
12. Рахымбеков., Макаров В.М. Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы егіс жағдайында қонақ жүгері өсіру.- Алматы 1996.
13. Сейтов I., Өрісбаев Қ. Суармалы егіншілік өнімін арттыру.- Алматы, 1984.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет