Бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі49,45 Kb.
#26578
  1   2

Бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу
Мұғалім – үйретуші, ұйымдастырушы, тәлімгер, жетекші. Мен биылғы оқу жылынан бастап, мектептегі бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісімін. Осы жетекшілік жұмысымды бастар алдында

  • Бірлестік жетекшісінің жұмысын қалай бастаймын?

  • Жұмыс жоспарын жасақтауда қандай мәселелерді ескерген жөн?

  • Бұрын тікелей оқушымен жұмыс жүргізіп келген мұғаліммін. Бұдан былай бірлестік мұғалімдерімен әдіскерлік жұмысымды қандай бағытта жүргіземін деген сұрақтар мені қатты толғандырды.

Бірлестіктің өткен оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныса отырып, өзімнің әріптестерімнен, мұғалімдік жолдағы тәлімгерлерінен ақыл-кеңестер алып, жұмыс жоспарын жетілдірдім.
Бірлестікте 21 мұғалім бар.1-санатты мұғалімдер, 2-санатты мұғалімдер, санатсыздар мониторингісі. Осы мұғалімдерді санат, стаждарына қарай үш топқа бөлдім. «Шыңдалу» тобы - жоғарғы топ. Бұлар – үйретуші топ. «Ізденіс» тобы – ортаңғы топ. «Талпыныс» тобы – кіші топ. Бұл үш топ бір-бірімен тәжірибе алмасып, әр ай сайын, апталықтарда ашық сабақтар өткізіп тұрады. Жоспарға үш топқа апталықтар қойдым. Осы әуелден ізі бар бірлестіктің «Талпыныс», «Ізденіс», «Шыңдалу» шығармашылық топтарының жұмыстарын жалғастыруды, жандандыруды мақсат еттім. Сондықтан мұғалімдердің сабақтарына қатыса отырып, олардың сабақ процесінде жаңа педагогикалық технологияның қандай түрлерін қолданатынын сараладым. Өздерінің тәжірибесіне, жоспарлы жұмысына қандай әдіс-тәсілдердің тиімді екендігін жұмыс барысында сұхбаттасу, кеңесу, талдау арқылы білдім. Осыдан кейін «Талпыныс», «Ізденіс», «Шыңдалу» шығармашылық топтарындағы мұғалімдер туралы мәліметтерге мониторинг жасадым.
Әріптестердің жетістіктерін жинақтағанда бастауыш сынып оқушыларын ғылыми жұмыстарға баулу жағынан көрсеткішіміздің төмендігін байқадым. Басқа мектеп оқушыларының «Зерде», «Дарын» ғылыми жоба жарыстарынан жүлделі орындарға қол жеткізіп жүргенін білеміз.
«Бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу» деген өз ойымда жүрген өзекті педагокикалық мәселе туралы көңілге түйгендерімді қағаз бетіне түсірдім. Әрине, бұл туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Сонда да бұл-жауыр болған тақырып дей алмаймыз. Өйткені мұғалім оқушыны оқытып, тәрбиелей отырып, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білуі тиіс. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауы керек. Бала бойындағы жаңа қабілетті, жаңа қасиетті дарындылықты ашу мұғалімнен талап етіледі. Дарынды баланы тәрбие мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Ең алдымен, баланың даму ерекшелігіне көңіл бөліп, сабақта мұғалім қазіргі заман талабына сай оқушының жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, жұптық, топтық, жеке жұмыстар жүргізу отырып, баланың өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру керек. Ондай бала жан-жағындағы жағдайларға, оқиғаларға бей-жай қарамайды. Ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Абай Құнанбайұлының «Жетінші сөзінде»: «Жас бала ата-анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, екіншісі көрсем, білсем деп барлығын білуге, көруге құштар болып туады,»-дейді. Білімге, білуге құштар баланың бойындағы қабілет пен дарынды дамытуды кешікпей бастау- бастауыш сынып мұғаліміне үлкен міндет жүктейді. Күнделікті сабақта мұғалім балаға жаңа әлемді ашатындай жаңа мағлұматтар бере алады. Ол тағы да мұғалімнің шеберлігіне, білімділігіне байланысты. Әрбір жаңа сабақты мұғалім оқушының назарын аударып, оны ойландыратындай, ізденіске баулитындай сұрақтардан бастаса... Мәселен, «Зат есім», «Сын есім», «Үстеу», «Еліктеу сөз» тағы да басқа тақырыптарды өтерде: «есім», «зат», «сын», «еліктеу», «үстеу» деген сөздердің мағынасы қандай, ол туралы не білесің?» деген сұрақтар арқылы оқушыны ойландра отырып, білетінін тыңдап алып,мұғалім содан кейін толықтырса, бірте – бірте баланың ойлау қабілеті, ізденіс қабілетін дамыта аламыз.
3-сыныптың «Ана тілі» пәніндегі «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?» тақырыбын өткенде, мәтіннің мазмұнымен таныстырғаннан кейін оған «Арқар мүйізінің пайдасы» туралы жазып келуге үйге тапсырма берсек, оқушы ізденеді. Тапсырманы орындау үшін қандай әдебиеттер, энциклопедиялар пайдалану керектігін мұғалім айтып жіберсе, оқушыны ізденушілікке, зерттеушілікке бағыттайтын алғашқы баспалдақ болар еді.
«Құстар айтысы» тақырыбын өткенде, құстарға қатысты ырым-тыйымдар туралы сұрау, не болмаса,оқулықтан тыс құстар туралы мәтіндер әкеліп, ішінен құстардың аттарын, мақал-мәтелдерді тапқызуға болады. Баланың ізденгіштігін дамыту үшін мұндай жұмыстарды үнемі орындатып отыру жақсы жетістікке әкеледі.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет