2-тақырып. Философияның пәні, функциялары және міндеттері. Сабақтың мақсаты



Дата19.03.2022
өлшемі17,87 Kb.
#136221
түріСабақ
Байланысты:
№2 тақырып
НПК Итоги Covid - 19 на 30 и 31 марта 2021 c 13.00 до 16.00. Время Алматы редакия от 22.03.2021. (1)

2-тақырып. Философияның пәні, функциялары және міндеттері.


Сабақтың мақсаты: Философияның онтологиялық, гносеологиялық, т.б. қызметімен таныстырып, оның дүниеге деген біртұтас жүйелі көзқарасты қалыптастыратынын көрсету.


Жоспар:
1.Философия пәні: Дүние және адам. Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
2.Дүниеге көзқарастың формалары және типтері.
3.Философия білімнің формасы ретінде. Философия мәдениетінің өзіндік санасы ретінде. 4.Философия және ғылым.
4.Философия дегеніміз не?
5.Философиялық білімдер жүйесі, олардың құндылығы.
6.Философияның мәдениеттегі орны мен рөлі.


Талқылау сұрақтар

  1. Мифологиканың негізгі бағдарлары

  2. Көне Шығыстық (Қытай, Үнді) мифологияның ерекшеліктері

  3. Ежелгі Грек мифологиясының танымдық бағдарлары

4. Ежелгі Грекиядағы әр түрлі бағыттардың идеялық ерекшеліктері
5. Көне Грекиядағы философиялық ойлаудың қоғамдық өмірде құндылық ретінде бағалануы
6. Скептицизм – сыни ойлаудың үлгісі ретінде.
Әдістемелік ұсыныстар
Көне мифтерге мысалға ала отырып, мифті түсіндірушілердің көзқарастарын сараптаңыз. Мифтік логикадағы әдіснамалық бағдарларм ен ойлау машықтарын сараптаңызх, мифтік логикадағы антропоморфтауға мысалдар келтіре отырып, сипаттама беріңіз. Мифтік логикадағы себеп-салдарлық қатынастың қатаң сақталмауы хақында баяндаңыз. Мифтегі Бейболмыс мәселесін саралап, оған басқа да мысалдар келтіріңіз. Симбиоздар мен мистикалық бейнелер хақында реалды және ирреальдылық тұрғыдан ой өрбітіңіз.
Мифтік логиканың адамзат үшін маңызына тоқталып өтіңіз. Қазіргі заманғы әлеуметтік мифтеродің ерекшеліктерін бағамдаңыз және оны қазіргі заманғы философиялық ойлаумен салғаластырыңыз.

Көне Грек философиясы кәсіби деңгейдегі философиялық ойлау мәдениетінің бастамамасы болғандығын сипаттаңыз. Сократтың маевтикасы мен эвристикасының философиялық ойлау мәдениетіндегі орнын көрсетіңіз. Софистердің логикасы және философиялық ойлау мәдениетінің арақатынасын айшықтаңыз. «Мүйізді» софизміне философиялық талдау жасаңыз.


Антикалық скептицизм философиялық ойлау мәдениетінің бір түрі екендігін дәйектеңіз. Энесидемнің скептикалық тәсілінің он түрін түсінгдіріп беріңіз және мысалдар келтіріңіз. Пратагордың «адам барлық заттардың өлшемі» деген афоризмін философиялық ойлау мәдениеті бойынша талдаңыз.
Кіші софистер сөздерді ойнату (жонглерлеу), ақиқаттың жалған дәлелдері, жалғанды ақиқат ретінде дәйектеу, диалектикалық пікірлерді концептуалды түрде негізге ала отырып, оларды бұрмалап көрсету дәстүрлерімен айналысқандығыфн мысалдармен дәйектңіз.


Әдебиет:

  1. Мырзалы С. Қ. Философия. Алматы, 2014.

  2. Нұрышева Г.Ж. Философия. Алматы, 2013.

  3. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

  4. Қасабек А. Тарихи-философиялықтаным. Алматы, 2002.

  5. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

  6. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы. – Алматы, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет