2 тақырып: Гравиметрия. Сулы және сусыз ортада титрлеу әдісі.(Комплексонометрия,Аргентометрия,йодометрия,Нитритометрия) Жоспары


Гравиметриялық анализдің артықшылықтары мен кемшіліктері



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#82993
1   2   3   4
Байланысты:
2 тақырып

Гравиметриялық анализдің артықшылықтары мен кемшіліктері
Гравиметриялық анализдің келесі артықшылықтары бар:
1. Өте дәл әдіс, дәлдігі 0,1-0,2% жетеді. Алайда, егер анализденетін объект құрамында анықталатын компонент мөлшері <1% болса және анализге кедергі жасайтын басқа компоненттер болса, анализ дәлдігі төмендейді.
2. Алдын-ала ерітінділерді стандарттау, стандарттар бойынша градуировкалау керек емес.
3. Есептеуді жүргізу үшін молекулалық массаларды және стехиометриялық қатынастарды білсе жеткілікті.
4. Анализді біршама бейорганикалық және кейбір органикалық заттарды анықтау үшін қолданады.
Гравиметриялық анализдің келесі кемшіліктерін атаған жөн:
1. Анализ ұзақ жүреді. Алайда екі уақытты бөліп қарастырған дұрыс: анализ уақыты – бұл анализдің басталуынан нәтиже алғанға шейін уақыт; аналитиктің жұмсаған уақыты – бұл адамның әр түрлі операциялар мен есептеулерге жұмсаған уақыты, бұл уақыт әлдеқайда аз.
2. Тұндырғыштардың ерекше еместігі. Расында көптеген бейорганикалық тұндырғыштардың талғамдығы төмен, ал ерекше тұндырғыштар жоқтың қасы. Алайда, соңғы уақытта талғамды органикалық тұндырғыштар табылып, қолданылып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет