2 тақырып: Гравиметрия. Сулы және сусыз ортада титрлеу әдісі.(Комплексонометрия,Аргентометрия,йодометрия,Нитритометрия) Жоспары



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#82993
1   2   3   4
Байланысты:
2 тақырып

Қорытынды
Қорытындылай келе Кондуктометрия Электролиттердің концентрациясын кондуктометрлік әдіспен анықтау талданатын ерітіндінің электр өткізгіштігін елшеуге негізделген. Кондуктометрия - ең қарапайым және талдап сұрыптаудын электрохимиялық әдісі. Кондуктометрлік әдістердің барлығы жылдамдығымен, өлшеуіш аспаптарының оңай табылуымен, жұмысының ыңғайлылығымен, қанағаттанарлық дәлдігімен, өндірістік, технологиялық және лабораториялык жағдайларда талдауды автоматты түрде, әрі қашықтықған жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.Тікелей кондуктометрлік анықтаудын қателігі - 1-2 %. Ал белгілі бір арнайы жағдайды сақтаганда талдау қателігі 0.2 %-ке дейін азаяды. Кондуктометрлік ұяшықтарды термостатсыз өлшегенде, бұл қателіктер 3 %-ке артады, өйткені температураның бір градусқа жоғарылауы электр өткізгіштікті 2 не 3 проценттей өзгертеді. Демек, ерітінділерді термостаттау кондуктометрлік талдау әдісінің дәлдігін арттырады. Қышқыл-негіздік титрлеу әдісінің негізі протонның титранттан титрленетін затқа немесе титрленетін заттан титрантқа ауысу реакциясы болып келеді. Қышқыл-негіздік реакция стехеометриялы жүреді және үлкен жылдамдықпен сипатталады. Бұл әдіс бойынша қандай-да бір қышқылдың титрленген ерітіндісін қолданып, сілтілердің сандық анықталуын жүргізуге болады (ацидиметрия) немесе сілтінің титрленген ерітіндісін қолданып, қышқылды сандық анықтауға болады (алкалиметрия). Жұмыс ерітіндісі ретінде концентрациясы 0,05-тен 1 моль/л-ге дейінгі күшті қышқыл (НС1, Н2SО4 және т.б.) ерітіндісін немесе дәл осындай концентрациялы күшті негізді (NаОН, КОН, Ва(ОН)2) қолданады. Титрленген қышқыл мен сілтінің нақты концентрациясын біріншілік стандартты заттардың бір әдісімен анықтайды. Қышқыл ерітіндісін стандарттау үшін натрий декагидраттетраборатын қолданады. Бураның жақсы қасиеттерінің бірі 190,71г/моль-ге тең эквивалентті молярлы массасы. Нейтралдау әдісінде эквивалентті нүктенің, яғни онымен әрекеттесетін анықталушы заттың саны дәл анықталуы маңызды. Тәжірибеде эквивалентті нүктені индикатор түсінің өзгеруімен анықтайды.

Әдебиеттер тізімі

  1. Ә.Қ.Патсаев «Аналитикалық химия»204-300 бет аралығы

  2. https://kk.wikipedia.org/

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D1%83%D0%BA%D1%82%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%8F


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет