2-тарау. ХалықТЫҢ ТҦрмыс деңгейінің статистикасы 12. Халықтың тҧрмыс деңгейі туралы жалпы тҥсінік



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата22.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#198710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Үй шаруашылығы
– бір немесе одан да кӛп адамдардан құралған, бірге 
тұратын, ӛз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және 
тауарлар мен кӛрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық 
субъект. 
Тұрмыс деңгейінің негізгі кӛрсеткіші болып үй шаруашылықтарының
табысы саналады. Табыс адам мүмкіндіктерін ұлғайтады, сондықтан оны адам 
дамуы индексін есептегенде лайықты тұрмыс деңгейін анықтайтын 
компоненттердің бір ретінде қолданады. Үй шаруашылығының табысын 
ақшалай табыс және басқа табыстар деп бӛледі. Ақшалай табысқа жалақы, 
кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс, зейнетақы, жәрдемақылар, стипендия, 
ақшалай берілетін басқа трансферттер, бағалы қағаздардың пайыздық 
түсімдері, ӛнімді сатудан түскен табыс, т.б. жатады. Басқа табыстар жеке 
қосалқы шаруашылықтан түскен табысты, заттай берілген әлеуметтік 
трансферттерді, заттай еңбекақыны қамтиды. 
Мемлекеттік статистиканың халықаралық стандартқа кӛшуіне байланысты 
қазіргі кезде үй шаруашылықтарының табыстары мен тұтыну шығындарына 
қатысты мынадай индикаторларды анықтайды: 
-
үй шаруашылықтарының қолда бар табыстары; 


275 
-
үй шаруашылықтарының түзетілген қолда бар табыстары; 
-
үй шаруашылықтарының түзетілген қолда бар нақты табыстары
-
үй шаруашылықтарының нақты ақырғы тұтынулары; 
-
тұтыну бағаларының индексі. 
Үй шаруашылықтарының 
қолда бар табыстары
деп олардың ақырғы 
(түпкілікті) тұтыну шығындарын қаржыландыруға жұмсайтын ағымдағы 
табыстарының жиынтығын айтады. Қолда бар табыстар ӛндірістік әрекет 
нәтижесінде алынған табысты, меншіктен түскен табыстың сальдосын, 
ағымдағы трансферттер сальдосын қамтиды. 
Түзетілген 
қолда 
бар 
табыстарды
анықтағанда 
үй 
шаруашылықтарының қолда бар табыстарына оларға заттай берілген 
әлеуметтік трансферттерді қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет