2 –ТОҚсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма



бет1/3
Дата10.03.2020
өлшемі240,25 Kb.
#59823
  1   2   3
Байланысты:
биология сор 2 токсан

2 –ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА




«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаты

7.1.3.1 Тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру

7.1.3.4 Тамыр және сабақтың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты сипаттау

7.1.3.6 Жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тірі ағзалардағы қоректік заттар тасымалын зерделейді

  • Тамыр мен сабақтың құрылысын және қызметін анықтайды

  • Жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма


  1. Қан айналым жүйесінің маңызын түсіндіріңіз. Тасымалданатын заттарға мысал келтіріңіз.

Қан айналым жүйесі денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Маңызын салыстырмалы түрде түсіндірер болсақ, қан айналым жүйе болмаса, тіршілік болмайды, оның орнын ештене ауыстыра алмайды. Тасымалданатын заттар: қан,оттек, көмірқышқыл газы,гормондар, т.б биологиялық заттар.





  1. Сабақтың көлденең кесіндісін қарастырыңыз.

(а) Сабақтың ішкі құрылымдарының атауларын суретпен сәйкестендіріңіз.


А. Тоз -2

В. Өң- 1

С. Өзек-6(7)



    1. Камбий-4

    2. тін-3

    3. сүрек-5

(b) Қабық пен камбийдің құрылысы мен қызметін сипаттаңыз.


Құрылым

Құрылысы

Қызметі


Қабық

сабақтың ең сыртқы қабаты. Қабық – өң, тоз, тін қабатынан тұрады.

Қабық өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.


Камбий

 қабықтан кейінгі орналасатын қабат. Камбий жасушалары ұшы сүйірленген ұзынша пішінді. Бірнеше қабат жасушалардан түзіліп, камбий аймағын құрайды. 

Камбий жасушаларының бөлінуінен ағаштар жуанданды.(қыста бөлінбейді)

(с) Сабақ пен тамыр арқылы су және минералды заттардың тасымалдануын сипаттаңыз.



Тамыр топырық түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды заттарды сорады.Тамырдың түксіз өткізу бөлімі арқылы жер үсті мүшелеріне жеткізеді.Ал сабақ болса, өсімдіктің жер асты мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек болып табылады.



  1. (а) Өзен шаянының 1 және 2 санымен берілген мүшелерін анықтаңыз.


1. Тыныс алу жүйесі(желбезектер)

2. Қан тамырлар жүйесі
(b) Өзен шаянының заттар тасымалдау ерекшеліктерін түсіндіріңіз.


Баскөкіректің астыңғы жағындағы саңылаудан су дене қуысына өтіп, желбезекке дейін барады. Желбезек арқылы қанға оттегі өтіп, қаннан көмірқышқыл газы суға бөлінеді. Шаянның қан айналымы арқа жағын ала орналасқан жүрек пен қантамырлар - салатамыр арқылы жүзеге асады.

Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тірі ағзалардағы қоректік заттар тасымалын зерделейді

1

жануарлардағы қанайналым жүйесінің

маңызын сипаттайды;



1

тасымалданатын заттарға мысал

келтіреді;



1

Тамыр мен сабақтың құрылысын және қызметін анықтайды

2

суреттен тоз бен өңді көрсетеді;

1

суреттен өзек пен камбийді көрсетеді;

1

суреттен тін мен сүректі көрсетеді;

1

қабықтың құрылысы мен қызметін

жазады;


1

камбийдің құрылысы мен қызметін

жазады;


1

су және минералды заттардың сабақ пен тамыр арқылы тасымалдану үдерісін

сипаттайды;



1

Жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді анықтайды

3

Өзен шаянының 1 санымен белгіленген

тасымалдау мүшесінің атауын жазады;



1

Өзен шаянының 2 санымен белгіленген

тасымалдау мүшесінің атауын жазады;



1

омыртқасыз жәндіктердің тасымалдау

мүшелерінің ерекшеліктерін түсіндіреді.



1

Барлығы

11












Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет