2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «рационал сандарға амалдар қолдану»



бет1/3
Дата14.12.2022
өлшемі21,56 Kb.
#162684
  1   2   3
Байланысты:
6 сынып БЖБ 2-тоқсан
Атомное ядро. Понятие об ядерных реакциях. Элементарные частицы

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«РАЦИОНАЛ САНДАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып:
Рационал сандарды қосу мен көбейтудің терімділік қасиеттері
Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру
Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру
Рационал сандарға амалдар қолдану
Мәтінді есептер шығару
Оқу мақсаты:
6.1.2.17 Рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану
6.1.2.16 Рационал санды бөлуді орындау
6.1.2.21 Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру
6.1.2.22 Рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау
6.5.1.4 Рационал сандарды қолданып мәтінді есептер шығару


Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану, жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты: 25 минут


І нұсқа
1.[3 балл] Есептеңіз:
2. [4 балл] Өрнектің мәнін табыңыз:
1) 5,(2) 2) 7,1(51) – 6,1(31)
3. [3 балл] (𝑎 + 𝑏) ∙ 𝑐 = 𝑎𝑐 + 𝑏𝑐 көбейтудің үлестірімділік қасиетінің орындалатынын
𝑎 = 0,5; 𝑏 = −2; 𝑐 = −0.8 сандары арқылы тексеріңіз.
4 . [4 балл] Алихан бір сан ойлады. Осы саннан −0,4-ті алып, нәтижесін 0,5-ге көбейткенде 6 саны шықса, Алихан бастапқыда қандай сан ойлаған еді.


ІІ нұсқа
1.[3 балл] Есептеңіз:
2. [4 балл] Өрнектің мәнін табыңыз:
1) 7,(4) 2) 4,3(45) – 7,5(25)
3. [3 балл] (𝑎 + 𝑏) ∙ 𝑐 = 𝑎𝑐 + 𝑏𝑐 көбейтудің үлестірімділік қасиетінің орындалатынын
𝑎 = 0,8; 𝑏 = −4; 𝑐 = −0.9 сандары арқылы тексеріңіз.
4 . [4 балл] Алихан бір сан ойлады. Осы саннан −0,7-ті алып, нәтижесін 0,3-ге көбейткенде 9 саны шықса, Алихан бастапқыда қандай сан ойлаған еді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет