2 зертханалық жұмыс токарлық кескіштер жұмыстың мақсаты



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі274,5 Kb.
#195968
  1   2   3
Байланысты:
2 zerthanal k zhum s tokarl k keskishter


2 зертханалық жұмыс
ТОКАРЛЫҚ КЕСКІШТЕР
Жұмыстың мақсаты: токарь кескіштерінің түрлерімен, классификациясымен, геометриясымен және қолданылуымен танысу. Токарь кескіштерін дайындау тәсілдерін және олар дайындалатын аспаптық материалдарды білу.
Жұмыс орнының жабдықтары:
1. Кескіштердің түрлері
2. Бұрыш өлшегіштер
3. Штангенциркуль 0-250 мм
4. Макеттер
5. Плакаттар
Жұмысты орындау тәртібі:
1. Кескіштердің элементтерін, түрлерін, классификациясын және қолданылуын оқып білу.
2. Кескіштің денесі мен кесу бөлігінің материалдарын анықтау.
3. Кескіштің өңделетін бөлшекпен бірге сұлбасын дәптерге сызу.
4. Жазықтықтар туралы ұғымдар және олардың анықтамаларын білу.
5. Кескіштің негізгі өлшемдері мен бұрыштарын өлшеу.
6. Бұрыш өлшегіш аспаптардың құрылысымен танысу.
7. Жұмысты тест бойынша тапсыру.
8. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.
9. Жұмысқа қысқаша конспект жасап, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Токарлық кескіштердің түрлері


Токарлық кескіштер қолданылуы бойынша, кесу бөлігінің материалы және пішіні бойынша, кескіш денесінің көлденең қимасының пішіні мен конструкциясы бойынша, беріліс бағыты бойынша және т.б. бөлінеді.
Қолданылулары бойынша кескіштер өтпелі, шеткі қырын кесу (қысқарту), кесу, кеңейтіп кесу, галтельді, әртүрлі пішінді және бұранда оймаларын кесу кескіштері болып бөлінеді. Кеңінен қолданылатын токарь кескіштерінің түрлері 2.1 суретте көрсетілген.
Өтпелі кескіштер (2.1 сурет, а, б, в, г, д) дайындаманың немесе бөлшектердің сыртқы беттерін қара және таза өңдеуге арналған. Бұл кескіштердің барлығы дайындама осіне параллель бағытта бойлық беріліспен жұмыс істейді.
Шеткі қырын кесу кескіштері (2.1 сурет, ж) дайындамаларды қысқартып кесу үшін қолданылады. Бұл кескіштер дайындама осіне перпендикуляр бағытта көлденең беріліспен жұмыс істейді.
Кесу кескіштері (2.1 сурет, з) дайындамаларды кесу және оның бетіндегі ойықтарды алу үшін қолданылады. Кесу кескіштерінің бір бас және екі көмекші кесу жиектері бар. Дайындама мен кескіштің арасындағы үйкелісті азайту үшін, олардың көмекші артқы беттері 1,5-2,0 о бұрышпен қайралады. Бұл кескіштер көлденең беріліспен жұмыс істейді.
Кеңейтіп кесу кескіштері (2.1 сурет, и, к) алдын-ала бұрғылап немесе құю, штамптау кезінде алынған тесіктерді өңдеуге арналған. Кеңейтіп кесу кескіштері бітеу тесіктерді және ашық тесіктерді өңдеуге арналған болып екіге бөлінеді. Бітеу тесіктерді өңдейтін кеңейтіп кесу кескіштерінің пландағы бас бұрышы j³90 о, ал ашық тесіктерді өңдейтін кеңейтіп кесу кескіштерінің пландағы бас бұрышы j=45-60 о.
Галтельді кескіштері (2.1 сурет, в, д) әр түрлі пішінді ойықтарды, радиустық дөңгелек беттерді өңдеуге арналған.

1.1 сурет – Токарлық кескіштердің негізгі түрлері
Барлық токарь кескіштері шартты түрде екіге бөлінеді: басы (жұмыс бөлігі) және денесі (станоққа бекітілетін бөлігі) (2.2 сурет).

2.2 сурет – Токарлық кескіштің элементтері
Конструкциялары бойынша кескіштер келесі түрлерге бөлінеді:
- кескіштің басы мен денесі аспаптық материалдардан дайындалған тұтас кескіштер;
- кескіштің басы аспаптық материалдардан, ал денесі аз көміртекті болаттардан дайындалып, бір-біріне тоғыстырылып пісірілген құрама кескіштер;
- кесу жиектері пластина түрінде аспаптық материалдан дайындалып, кескішке дәнекерленіп бекітілген кескіштер;
- пластиналар кескішке механикалық жолмен (винттің көмегімен) бекітілген кескіштер.
Кескіштердің денесі пішіндеріне байланысты төртбұрышты, квадрат немесе дөңгелек болады. Олар аз және орташа көміртекті болаттардан (40, 45, 50, 40Х және т.б.) дайындалады.
Кескіштің жұмыс бөлігінің негізгі элементтері:
- кескіштің алдыңғы беті – жаңқа түзілетін беті;
- кескіштің бас артқы беті – өңделетін дайындаманың кесу бетіне қараған беті;
- көмекші артқы беті – дайындаманың өңделген бетіне қараған беті;
- бас кесу жиегі – бас артқы және алдыңғы беттердің қиылысу сызығы;
- көмекші кесу жиегі – көмекші артқы және алдыңғы беттердің қиылысу сызығы;
- кескіштің төбесі – бас және көмекші кесу жиектерінің қиылысу нүктесі. Кескіштің төбесі үшкір сүйір бұрышты немесе доғал бұрышты болуы мүмкін.
Жұмыс бөлігінің пішіні мен беріліс бағытына байланысты кескіштер оң және сол болып екіге бөлінеді. Оң кескіштердің бас кесу жиегі сол жағында орналасқан және оңнан солға қарай бағытталған беріліспен жұмыс істейді, ал сол кескіштердің бас кесу жиегі оң жағында орналасқан және беріліс бағыты, керісінше, солдан оңға қарай бағытталған. Кескіштердің бастары созылған, оңға немесе солға және жоғары немесе төмен майыстырылған болып келулері мүмкін (2.1 сурет, б, з).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет