20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


Эндодонтиялық құрал саймандарды қолданудағы мақсат



бет10/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

15. Эндодонтиялық құрал саймандарды қолданудағы мақсат
Эндодонттық ұсақ аспаптарды жүйелеу оларды негізгі атқаратын
қызметіне негізделген және төмендегідей болып бөлінеді:
Диагностикалық аспаптар (түбір өзектерінің ұзындығын анықтауға арналған);
Өзек сағаларын ашуға және кеңейтуге арналған;
Ұлпаны немесе ұлпа қалдығын алуға арналған;
Түбір өзектерін өтуге арналған;
Түбір өзектерін кеңейтуге арналған;
Өзек қабырғаларын тегістеуге арналған;
Түбір өзектерін пломбылауға арналған.
Эндодонттық аспаптардың барлығы JSO 3630 стандартына
байланысты белгіленіп (маркировка) шығарылады. Стандартта
аспаптың пішіні, профилі, ұзындығы, қалыңдығы, механикалық
беріктігінің көрсеткіштері берілген.Сонымен қатар әрбір аспапқа тән өлшемдер түрлі түспен көрсетілген және типтік символдармен белгіленген.
Эндодонтиялық аспаптар тіс қуысында, түбір өзектерунде жұмыс істеуге қолданылады.
Түбір өзегіне жетуін қамтамасыз ететін аспаптар: борлар,эндоборлар, эндодонтиялық экскаваторлар, қолмен жұмыс іститін әр түрлә пішінді эндодонтиялық зондтар.
Жалпы эндодонттық аспаптар қолдану ретіне қарай 4 топқа тағайындалған:
-Зерттеуге, тексеруге арналған аспаптар
-Жұмсақ тіндерді алып тастайтын аспаптар
-Түбір өзектерің өтуге және кенейтуге арналған аспаптар
-Түбір өзектерін пломбалауғаарналған аспаптар
Зерттеуге, тексеруге арналған аспаптар . Оларға иілгіш, тегіс аспаптар – терендігін өлшейтің аспап – түбір инесі жатады. Олар жұмсақ темірден жасалған, өте иілгіш болып келгендіктен, олармен кейде кисайған түбір
өзектеріне өтуге болады. Эндодонттық аспаптардың ең біріншісі болғандықтан, бұл аспап түбір өзегінің ұзындығын өлшеу үшін де қолданылады.
Жұмсақ тіндерді алып тастайтын аспаптар.Бұл аспаптардың жұмыс жасайтын жағында тісшелері бар. Оларға ұлпа суырғыш және түрлі түсті егейтің аспаптар жатады. Улпа суырғыш – улпаны түбір өзегінен суырып тартып алуға қолданылатын жінішке болат сымнан жасалған аспап.
Ал түрпі өзек қабырғасынан жұмсарған тіндерді алып тастауға, ұлпаның қалып қалған үзінділерін, дентиннің зақымданған қабаттарын алып тастауға кенінен қолданылады. Негізгі қызметі түбір өзегі қабырғаларындағы өзгерген дентин бөліктерін қопсытады,кейінгі қолданатын аспаптардың жұмысына жол ашады. Кемшілігіне жататыны:дентин өзеккешелеріндегі өзгерген қабаттардың бетінің шамалы ғана бөлігін қопсытады.
Түбір өзектерің өтуге және кенейтуге арналған аспаптар. Бұл топқа эндодонттық аспаптардың 3 түрі - өзекті тегістегіш, кенейткіш және түбір өзегіне белгілі бір пішін бере отырып кенейтетің аспаптар жатады.
Кей жағдайда пломбаланған өзекті өту қиынға түссе, машиналық дрильбордың көмегімен жузеге асыруға болады. Бірақ машиналық дрильборды көп пайдаланған дұрыс емес, себебі машинаның айналым жылдадығы жылдамдығы жоғары болған кезде, түбір өзегінен тыс кетіп, сынып қалуы мүмкін. Келесі аспап - өзекті тегістегіш – бурав деп аталады.Бұл аспап түбір өзегіне өте отырып, кенейтіп, тегістеп,өзек қабырғаларын майдалануға тағайындалған. Түбір өзегіне белгілі бір пішін бере отырып, кенейтетін
аспапты өңдеудін ең сонғы сатысы болып саналады. Бұл аспап түбір өзегіне конус тәрізді пішін береді, ал бұл кейінгі саты түбір өзегі пломбалауға қолайлы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет