20 ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар



бет5/5
Дата17.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#132161
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жанна саясаттан
4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, 4.12, МАТЕМАТИКА ОГН Рус 120, ЕРЖАНОВА ДАНА саясаттану, Презентация 4

Міржақып Дулатов

  • Ұлтқа деген адалдықдың үлгісін көрсеткен Алаш ардақтыларының бірі – Міржақып Дулатұлы (1885-1935 жж). Пәлсапалық таным, саяси көзқарас және қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттері тұрғысынан Міржақыптың табиғаты Махатму Гандидің тұлғалық болмысына жақын дейді көптеген зерттеушілер. Өзінің бүкіл саналы ғұмырында Міржақып «ізгілік философиясын» насихаттап өткен. М.Дулатұлының қабілет-қарымының жан-жақтылығы адамды таң қалдырады. Ол – журналист, жазушы, публицист, тарихшы, лингвист, түріктанушы, филиолог, географ, педагог, ақын, композитор, мемлекет қайраткері, ойшыл... Ол – қазақ халқының Әнұранының авторы. Карелияда айдауда жүрген жылдары дәрігер мамандығын игерген. Сөйтіп, Міржақып халықтың рухани жан жарасын ғана емес, тән жарасын да емдеп жазуға тырысқан. Ол математика пәні бойынша оқулық жазып шыққан. Қазақша айтқанда, нағыз жетпіс жеті қырлы, бір сырлы асып туған ер. 1935 жылы Соловецк лагерінде тұтқында жүріп қаза тапты.

Дулатов, біріншіден, өзін қазақпын деді, содан кейін ғана барып, екіншіден – мұсылманмын, үшіншіден, Ресей азаматымын деп таныды. Қазақ қоғамының жаңғыруын ол ең алдымен еуропалық өркениеттен, сосын мұсылмандықтан іздеді»... Токио университетінің ғалымы Уямо Томихиконың Алаш арысы туралы айтқан ғылыми тұжырымдарының бір парасы осындай. Ол Міржақып Дулатұлыны осылай деп танып білген екен.

  • Дулатов, біріншіден, өзін қазақпын деді, содан кейін ғана барып, екіншіден – мұсылманмын, үшіншіден, Ресей азаматымын деп таныды. Қазақ қоғамының жаңғыруын ол ең алдымен еуропалық өркениеттен, сосын мұсылмандықтан іздеді»... Токио университетінің ғалымы Уямо Томихиконың Алаш арысы туралы айтқан ғылыми тұжырымдарының бір парасы осындай. Ол Міржақып Дулатұлыны осылай деп танып білген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет