Фак 11 23-24



Дата12.02.2024
өлшемі28,2 Kb.
#200075
Байланысты:
Фак 11 23-24
«Айзенк» сауалнамасы

«№35 жалпы білім беретін мектеп» КММ


2023-2024 оқу жылы
Факультативті курсы бойынша
БАҒДАРЛАМА
«Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер»

11 сынып

Құрастырушы : А.Б. Габдуллина

Педагогикалық кеңесте қаралды Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің


«31» тамыз 2023 жыл әдістеме бірлестік отырысында қаралды.
Хаттама №1 «31» тамыз 2023ж.
Бірлестік жетекшісі: ----------- Л.А.Ахметова

Семей қаласы, 2023ж.


«Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер» қолданбалы курсы.
11 сынып. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
Түсінік хат
«Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер» қолданбалы курсының негізгі ерекшелігі биология ғылымының салалары бойынша моделдеу жұмыстары мен биологиялық есептерді шығаруда оқушылардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт бере алады. Курс биология ғылымының жаңа жаңалықтарын білуге негізделген. Биология сабақтарында алған білімдерінің басқа жаратылыстану ғылым салалары арасындағы байланысты зерттеп, зерделейді. Курсты оқыту кезінде оқушылардың биология базалық білімінде алған білімдері кеңінен пайдаланылады. Курс жалпыға міндетті стандартқа сай бағдарламма бойынша берілген моделдеу және биологиялық есептерді тереңдете шешуге бағытталған. Курс жоғары сынып оқушыларына арналған
Курстың мақсаты:
Оқушылардың өздік білімдерін кеңейтіп, теориялық білімді практикада қолдануға, яғни моделдеу мен есептерді шешу жолдарын қарастыру. Оқушының функционалдық сауттылығын арттыру
Міндеттері:

  • Оқушылардың өздігінен шығармашыл ізденуге, биологиялық есептерді сауатты шеше білуге тәрбиелеу, ғылымның әлемдік бейнесін жалпы адамзаттық мәдениетттің компонентті ретінде қалыптастыру;

  • Пәнге қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Оқушылардың ғылыми-жаратылыс танымдық білімін және өздігінен білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету

  • Оқушыларға өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын кеңейту

  • Зертханалық жұмыстар арқылы теориялық білімді практикамен ұштастырып отыру



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет