16 а0пан



Дата03.03.2024
өлшемі32,04 Kb.
#200198
Байланысты:
16 а0пан
14 дәріс

Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледж
Высший казахский гуманитарно-технический колледж


План учебного занятия
(теориялық немесе өндірістік оқыту/теоретического или производственного обучения)
Тақырыбы/Тема: Ата-аналармен мектеп ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары.
Модуль/пән атауы/Наименование модуля /дисциплины: Педагогикалық шеберлік техникасын оқушылармен, оқушылар ұжымы мен және ата аналардың қарым қатынас жасау кезінде қолдану
Дайындаған оқытушы/Подготовил педагог: Ескакова Мерамгуль Ергалиевна
(Ф.И.О. при наличии)
« » ақпан 2024 жыл


1. Жалпы мәліметтері/Общие сведения:
 Курс, тобы/Курс, группы: ББ-21
Сабақтың түрі/Тип занятия: аралас сабақ


2. Сабақтың мақсаттары, міндеттері /Цели, задачи:
-Өткен сабақты қайталау
- Ата-аналармен мектеп ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары туралы түсінік беру, таныстыру,меңгеру.
3. Оқу сабағында білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі/Перечень ожидаемых результатов и профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия: Ата-аналармен мектеп ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары қандай екенін біледі, түсінеді,жаңа сабақты меңгереді.
4. Қажетті ресурстар/Необходимые ресурсы:
4.1 Презентация Power point , Техникалық жабдықтар, материалдар: College SmartNation.kz-автоматтандыру порталы, интерактивті тақта.
5.Сабақ барысы/Ход занятия:
5.1 Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, сабақтың міндеті мақсаттарымен таныстыру): (приветствие, перекличка, постановка цели и задачи урока)
5.2 Өткен сабақтың тақырыбын қайталау\ Повторение пройденного материала
5.3. Жаңа тақырыпты зерделеу /Изучение новой темы
Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Қоғамды құратын азамат атаулы отбасында өсіп өрбиді, тұлға болып қалыптасады.
Ата-аналармен мектеп ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:
- ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;
- ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету;
- топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру;
- ата-аналармен тақырыптық жиналыстар оздыру;
- мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру;
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;
Ата-аналармен тақырыптық жиналыс өткізіледі.
Мысалы: «Ал, енді танысайық», ата-аналармен сауалнама, тренинг, бірлескен істерді жоспарлау үшін «Ортақ істеріміз» атты ата-аналар жиналысы. «Біз шығармашыл жандармыз» атты ата-аналармен оқушыларға арналған көрме. Отбасындағы «Ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесі» туралы тақырыптық кеңестер оздырылады.
«Тәрбие-тал бесіктен басталады» деп халқымыздың ежелгі салты мен тамаша дәстүрі заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қанатты қағидасында да үйлесім табуы бекер емес. Арнай мамандарымыз жеткіншек ұрпақтарымыздың адами қарым-қатынасын жасауға, қоғам тірлігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуға, еңбек ету қажеттілігін ажырата білуге, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіру барысында жұмыстанады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формалары
Жас ұрпақты жан-жақты, ақылды, парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың өзекті мәселесі. Ата-аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыруда, мектеп пен отбасылық ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі роль атқарады. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
І. Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының негізгі міндеттері.
-Сынып жетекшінің сынып ата-аналарының құрамын зерттеуі.
-Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.
-Мектеп пеен отбасының балаға қоятын талаптарының бірлігі.
-Ата-аналар ұжымын құру.
-Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
-Үштік одақ (бала, ата-ана, мұғалім) жұмысын жандандыру.
ІІ. Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын қызметі.
1.Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру.
2.Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
3.Ата-аналарды балалармен бірге педагогикалық әрекетке тарту.
4.Отбасы тәрбиесі туралы ата-аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру.
5.Ата-аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру.
6.Сабақ бойынша рефлексия/Рефлексия по занятию
1.Не себепті қиын болды?
2.Сабақта нені білдім,қандай жаңа нәрсе үйрендім?
3.Сабақта сіздердің болжамдарыңыз орындалды ма?
4.Бүгінгі сабақтан не алдыңыз?
5.Сабақ сіздерге қандай ой тастады?
7.Үй тапсырмасы /Домашнее задание: Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру түрлері тақырып бойынша слайд дайындап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет