2014 жылдың 9 айына Курчатов қаласы бюджетінің орындалуы туралы АҚпарат



Дата08.06.2018
өлшемі25,19 Kb.
#41723
2014 жылдың 9 айына

Курчатов қаласы бюджетінің орындалуы туралы

АҚПАРАТ
Курчатов қаласының 2014 жылға бекітілген бюджеті 1757638,0 мың теңге сомада, соның ішінде 713997,0 мың теңге меншіктік кірісті құрады (салықтық түсімдер – 682090,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 7445,0 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 24462,0 мың теңге), ағымдағы нысаналы трансферттер – 66112,0 мың теңге, нысаналы трансферттерді дамытуға 787440,0 мың теңге, субвенция 141199,0 мың теңге сомада, 48890,0 мың теңге сомада ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдардан алынатын қарыздар.

Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы

2014 жылдың 9 айына қала бюджетіне 580494,5 мың теңге кірістер түсті немесе 105,8 %, өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда 74416,8 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер мен субвенциялар 1116665,0 мың теңгені құрады.

Толық қала бюджеті бойынша бекітілген жоспарлардың орындалуы барлық 22 кіріс көздері бойынша қол жеткізілді.

Толығымен 2014 жылдың 9 айына тағайындалған жоспардан тыс 32081,3 мың теңге келіп түсті.



Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.

2014 жылдың 9 айына , қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер, субвенциялар, есебімен 1760212,6 мың теңге немесе 99,5% құрады.



Жалпы түрдегі мемлекеттік қызметке 98721,5 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 98828,6 мың теңге немесе 99,9 %. Соның ішінде сатып алынды: көшіретін аппарат, ламинатор, сандық диктофон, жүйелі блок, архивке сөрелер, мәслихат аппараты үшін вирусқа қарсы бағдарлама, бизнес-ноутбук, түрлі-түсті принтер, теледидар, әкім аппараты үшін проектор, орындықтар, кресло, металл шкафтар, компьютер, әкім аппаратына ВАЗ 21713-138/31 автокөлігі, офистік орындықтар, қаржы бөліміне ВАЗ 210703 автокөлігі, компьютер жиынтығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ноутбук.

Қорғанысқа 10234,9 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 10235,0 мың теңге немесе 100 %.

-«Жалпы әскери міндеттемелерді орындау аясындағы іс шаралар» бағдарламасы бойынша 5234,9 мың теңге шығысталды немесе 100%.

142 адамға мед. комиссия жүргізілді, соның ішінде: шақырылғандар -58 адам, жаңадан қосылғандар - 73 адам, Әскери жоғарғы оқу орынына үміткерлер -7 адам, әскери техникалық мектеп -6 адам.

-«Аудан ауқымында (облыстық маңызы бар қала) төтенше жағдайларды жою және ескерту» бағдарламасы бойынша қалаға әлеуметтік тағайындалған нысандарды жылумен қамтамасыз етуге 5000,0 мың теңге шығысталды.



Қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметіне 8500,0 мың теңге бөлінді, 100%игерілді. 40 дана жол белгілерін ауыстыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білімге 379772,1 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 380199,2 немесе 99,9 %. оның ішінде сатып алынды:

«Күншуақ» бала бақшасына жиһаздар, жұмсақ құралдар, шаруашылық құралдары, етке металл сөрелер, бактерцидтты лампалар, компьютер, ноутбук, компьютер жиынтығы, ноутбук атып алынды.

«Журавушка» бала бақшасына сатып алынды: ЛС-8 кептіргіш машинасы, құймақ пысырғыш, екі қабатты төсек, ойын аймағы (дүкен, гараж, шаштараз), музыка залына перде, газон шапқыш, процессор, акустикалық жүйе, құрал-саймандар үшін шкаф, киімдер үшін шкаф, ойыншықтар үшін шкаф, стөл және орындықтар, 1С-Кәсіпорын бағдарламалық қамтамасыз ету, 1 жұмыс орынына клиенттік лицезия, вирусқа қарсы бағдарлама, түптейтін машина, мемлекеттік рәміздер, медициналық кушетка мен ширма;

-«Скала» балалар жасөспірімдер клубына спорттық велосипедттер сатып алынды.

-№ 3 орта мектепке және мектепте құрылған шағын-орталыққа суды диспенсерлегіш, актовый залдың сахна декорацияларын,ағаштан жасалған ойын аймағы ас үй және туалетный стол, кілем-төсеніш, 5 кілем, 3 электржылытқыш, тәрбиешілерге стол және орындық, орындықтар, екі қабатты төсектер, 4 шаңсорғыш және 2 пневматикалық винтовка, спорттық тренажерлер, би үйірмесіне костюмдер және мектеп-гимназияда құрылған шағын-орталыққа төсектер, кілемдер, 2 шкаф, шаңсорғыш, лавочкалар, үтіктейтін тақтайша, аяқ киімге сөрелер, сәнді ағаштар сатып алынды мектептің электрсымдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

-2014-2015оқу жылдарына оқыу-әдістеме жиынтығы және оқулықтар 15130 данада сатып алынды;

-шаңғыдан жарыстар, кәсіпорындар арасында спартакияда, шағын-фудболдан жарыстар, спорт түрлері бойынша ұлттық ойындарға іріктеу жарыстары өткізілді, осы мақсатқа грамоталар, кубоктар, есте қалатын сувенирлар мен силықтар сатып алынды;

- ұлттық ойынға қатысу үшін спорттық формалар сатып алынды;

-қамқоршыларға айсайын ақша қаражатын төлуге 3481,8 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, 21 қамқоршыға төлем жүргізілді.

Аптасына бес күн 4 сағаттан, күніне 2 мезгіл тамақтандырумен № 3 орта мектепте және мектеп гимназияда мини орталық қызмет көрсетеді.



Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 85056,3 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 85194,0 мың теңге немесе 99,8 %.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған қаражат 24429,0 мың теңге сомада, 24422,9 мың теңге сомада игерілді немесе 100 %.

2020 жұмыспен қамту Бағдарламасының қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсету шараларына республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 10809,0 мың теңге бөлінді, 10808,2 мың теңге сомада игерілді немесе 100 %. Еңбек ақысын жартылай қаржыландырумен әлеуметтік жұмыс орынына 85 адам жіберілді. Жастар тәжірибесінде 12 адам жұмысын аяқтады. Кадрларды қайта даярлауға жіберілді және 27 адам оқып келді.

Қоғамдық жұмыстарға 10074,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, қоғамдық жұмыстарға қала бюджетінің есебінен 110 адам қатысты.

Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін 40 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыздарды қайта даярлау және кәсіптік даярлау бағдарламасына 1340,0 мың теңге бөлінді, 1334,8 мың теңге сомада игерілді немесе 99,6%, 20 адам оқып шықты.

Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға 2206,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 20 адам әлеуметтік жұмыс орынына жұмысқа орналасты, 11 жас маман жастар тәжірибесіне қатысуға қабылданды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 327,0 мың теңге бөлінген, 319,9 мың теңге сомада игерілді немесе 97,8 %, төлем тұрғындардың өтініш беру фактілері бойынша жүргізілді, соның ішінде 100,0 мың теңге республикалық бюджет трансферттері есебінен игерілді, осы көмек 24 алушыға тағайындалды және төленді.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге 1375,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, немесе 100 %, осы көмек 58 отбасына тағайындалды және төленді , 22 отбасына телефонға көтерілген абоненттік төлемдерге өтемақы тағайындалды және төленді.

Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 28690,0 мың теңге түсті, толықтай игерілді, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға және оған тең келетін тұлғаларға коммуналдық қызмет төлемінің шығындарына өтем ақы 417 адамға материалдық көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасылардан 7 балаға жоғары оқу орнында оқу үшін көмек көрсетілді, 42 көп балалы аналарға, «Алтын алқа» белгісімен марапатталған, «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Материнская слава» 1,2 дәрежелі орденімен марапатталған және 4 және одан да көп балалы кәмелетке толмаған балалармен тұратын 43 көпбалаплы аналарға материалдық көмек көрсетілді. Қала бюджеті қаражаты есебінен 2110,0 мың теңге бөлінді, 2110,0 мың теңге сомада немесе 100 % игерілді, тұрмысы төмен азаматтар санынан көмек сұраған 117 адамға материалдық көмек көрсетілді. Төлем іс жүзінде аударым және өтініш бойныша жүргізілді.

Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 1507,0,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 10 мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілді, нақты есеп бойынша төлем жүргізілді.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 1251,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%, соның ішінде 90,0 мың теңге республикалық бюджет трансферттері есебінен игерілді. 189 балаға жәрдемақы төленді, алушыларға төлем іс жүзінде өтініш бойынша жүргізілді.

Арнайы гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектерді қамтамасыз етуге 383,0,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%. 8 адам арнайы гигиеналық құралдардармен қамтамасыз етілді.

Жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 8458,0 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді, 8457,6 мың теңге игерілді немесе 100%, төлем тағайындалған шоттар мен есептеу фактілері бойынша жүргізілді.

Өрлеу жобасы бойынша Республикалық бюджеттен 1360,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, 1312,0 мың теңге игерілді немесе 96,5 % бюджетінен 57,0 мың теңге бөлінді, 53,0 мың теңге игерілді немесе 93,0 %, ақпараттық-түсіндіру сипаттағы баспа өнімін дайындауға төленді, Өрлеу тематикасымен баннер сатып алынды. Отбасынның әлеуметтік келісімін жандандырып орындауға және қол қою шартымен оларды іс жүзінде қажет ету есебімен 3 отбасына шарттасқан ақшадай көмек ұсынылды.

Тұрмыстық коммуналдық шаруашылыққа 681648,8 мың теңге бөлінді, игерілгені 681173,3 мың теңге сомада игерілді немесе немесе 99,9 % оның ішінде:

-мемлекеттік тұрғын-үй қорын сақтауды ұйымдастыруға 475,1 мың теңңге бөлінді, Олимпийская көшесі 31, Абая көшесі,46 бойынша көп қабатты тұрғын үйлердің төбесін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар аяқталмауына байланысты қаражат игерілген жоқ;

- кондоминимумдар нысандарына техникалық құжаттар даярлауға 549,2 мың теңге бөлінді, 549,2 мың теңгесомада игерілді немесе 100 %. Тәуелсіздік көшесі, 17 және Абай көшесі 37,Олимпийская көшесі 38 бойынша 3 кондоминимумдер нысандарына тех.құжат даярлауға аванстық төлемдер аударылды;

-тұрғын үй сатып алуға 589440,0 мың теңге бөлінді, 589439,7 мың теңге сомада игерілді, конкурс нәтижелері бойынша үнем;

-сумен қамтамасыз ету және су жүргізу жүйелеріне қызмет көрсетуге 35000,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, 3 участок, 3-ден 4 көтерілімге дейін сыртқы су жүргізу желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді;

- көшелерді жарықтандыруға 10627,9 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, көшені жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарға, 2318862 квт электрэнергияны тұтынғаны үшін, төленді;

- қаланың тазалығын қамтамасыз етуге 12614,0 мың теңге қаражат бөлінді, қаражат толық көлемде 100 % игерілді, механикалық жинауға келмейтін аумақтарды қолмен жинау жүргізілді, қоқыстар мен қарлар жинап шығарылды, қураған талдар қиылды, шөптер шабылды,ағаштар ақталды, төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша ;

-панасыздарды жерлеуге және жерлейтін орында ұстауға 900,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Зираттардың аумағына тазарту жүргізілді, кіреберіс жолдарға жоспарлау жүргізілді, қоқыс салу үшін арнайы контейнерлер орнатылды;

- көгалдандыруға және абаттандыруға 32042,6 мың теңге қаражат бөлінді, 32042,5 мың теңге сомда игерілді немесе 100 %. Абай көшесі бойынша жолдың іргесіне металл қоршаулар орнатылды, қарағай егілді, гүлдер егілді, көшеттер отырғызылды;

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 75821,0,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 75809,4 мың теңге немесе 100 %.



  • бос уақытты мәдениетті өткізуді қолдау жұмыстарына

34115,9 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, соның ішінде қалалық мерекелік іс шаралар өткізілді; интернационалист әскер күні, халықтық мейрам «Масленица», 8 наурыз, Наурыз – Мейрамы, Өскемен қаласында конкурсқа әртістер іс шараларына, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін іс шаралар, Қазақстан Халықтар Бірлігі күні, Жеңіс күні, Балаларды қорғау күні, Астана күні, Қала күні, Өскемен қаласына конкурсқа бару;

  • спорттық сайыстарды өткізуге 335,0 мың теңге бөлінді, толық

көлемде игерілді немесе 100%, шаңғы, волейбол, баскедбол, жарыстарын өткізуге, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары арасында спартакияда, гир спорты бойынша іріктеу турниріне сыйлықтар сатып алынды.

-басқа аумақтардағы спорттық жарыстарға қатысуға 5700,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Кимоно, фудбол ойнағанда киетін киім, Армреслингке, күрескенде киетін киімдер, Халық ойындарының костюмдері сатып алынды. (Аягуз .қ.) қазақша күрес чемпионаты іс шараларына, (Семей. қ.) тхэквондо біріншілігі, (Озерка.с.) хоккейден жарыс, волейболдан көктемгі чемпионаты, хоккейден (Өскемен. Қ.) «Жұлдызша» облыстық турнирі, Халық ойындарының командасына, армреслингтен жарысқа басқа аумақтағы жарыстарға қатысты;

-қалалық кітапхананың қызметтеріне 5608,0 мың теңге бөлінді, 5607,9 мың теңге сомада игерілді немесе 100%;


  • мемлекеттік және басқа да Қазақстан халықтарының тілдерін

дамытуға 4924,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе немесе 100% , мемлекеттік тілді оқу бойынша 8 топ (110 тыңдаушы) құрылды және ағылшын тілін оқу бойынша 5 топ (70 тыңдаушы) құрылды және қызмет көрсетеді; қазақ тілін оқуға ниет білдіргендер үшін конкурстар, мемлекеттік тыңдаушылар үшін қазақ тілінен үнемі сынақ тесттері өткізіледі, ай сайын үлкендер мен балалар үшін газетте қазақ тілінде рубрикалар шығарылып тұрады, маусым айында 2013-2014 жылдарға қорытынды тестілеу жүргізілді, тестілеудің нәтижесімен сертификаттар тапсырылды ;

-газеттермен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттарды өткізу бойынша қызметке 1512,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе немесе 100%, «Спектор резонанс», «Көкжиегі» газеттері арқылы ақпараттық қызметтерге төлем жүргізілді;

- телерадио арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттарды жүргізу бойынша қызметтерге 110,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, хабарландыру және қала әкімінің пресс-қызметі материалдарын телевизияға шығару үшін «Поиск» ЖШС берліген шоттары бойынша төлем жүргізілді.

- қалалық мәдениет үйіне кабинетке жиһаз, ілгіш, бумен үтіктейтін үтік, сәнді гүлді қоятын төсеніш, залды әсемдеу үшін гүл композицияларын, суреттердің конкурсын өткізу үшін мольберт, вазалар, жасанды гүлдер, достық үйіне вирусқа қарсы бағдарламалар, көпқызметті лазерлік түрлі-түсті құрылғы, қалалық кітапханаға шаңсорғыш,стол, кресло, электрондық кітап, қалалық кітапханаға веб-камера, жастар бастамасы орталығына проектор мен фотоаппарат, интерактивтік тақта, ағылшын тілінен әдістемелік құрал сатып алынды.

-жастар саясаты саласында бағдарламаны жүзеге асыруға 5313,0 мың теңге бөлінді, 100 % игерілді, «Жастар бастамасын дамыту орталығы» КММ ұстауға, жастар іс шараларын өткізуге кеңселік тауарлар, сыйлықтар сатып алынды;

- ішкі саясат бөліміне компьютер, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне модем және сандық фотоаппарат сатып алынды.



Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалануға 6446,6 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 180,4 мың теңге сомада игерілді немесе 2,8 %. № 1 қазандықтың құрылысына ЖСҚ дайындау бойынша атқарылған жұмыс актілері ұсынылған жоқ.

Ауыл шаруашылық, жер қатынастарына 16458,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 16334,7 мың теңге сомада игерілді немесе 99,3 % соның ішінде:

-елді мекендерде жерге шаруашылықты орналастыруға 6000,0 мың теңге бөлінді, 5877,7 мың теңге сомада игерілді немесе 98,0%. ШҚО Курчатов қаласының әкімшілік шекарасында елді мекендеріндің базалық ставкасын кешенді әзірлеу өткізілді. Орындаушы ҚР аймақты дамыту Министрлігі жер ресурстарын басқару бойынша Комитеті «ҒӨО жер кадастры» шаруашылық жүргізу құқығындағы ВКФ РМК. Жерді пайдаланушылар, жер участкелерінің иелері және жер санын есепке алу бойынша кадастрлық жұмыстар жүргізілді сондай-ақ басқа да субъектілердің құқықтық қатынастары, орындаушы ҚР аймақты дамыту Министрлігі жер ресурстарын басқару бойынша Комитеті «ҒӨО жер кадастры» шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар филиалы РМК;

- қаңғырған иттер мен мысықтарды жойып және оларды ұстауды ұйымдастыруға 582,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 117 иесіз иттер мен мысықтар ұсталды;

-ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру бойынша іс шаралар жүргізуге 54,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Өскемен қаласының «Казагромаркетинг» АҚ мамандары АШМС (ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру) бағдарламасын жаңарту, аппараттық қамтамасыз ету және бағдарламалық қызмет көрсету, жұмыс бекетін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға келтіру бойынша жалпы алдын алу жұмыстарын жүргізді;

- жануарлар індетіне қарсы іс шаралар өткізуге жергілікті бюджеттен 344,0 мың теңге бөлінді,толық көлемде игерілді, 2865 бас ауылшаруашылық малдарына сібір жарасына қарсы вакцина егу жүгізілді, 79 бас ауылшаруашылық малдарға (талдау жасауға қан алу) диагностика жүргізілді.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құылыс қызметтеріне – (құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімін ұстауға) -7532,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 7531,5 мың теңге игерілді немесе 100 %.

Көлік және коммуникацияға 23324,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 % қала көшелерінің жолдарын жазда сыпыру және қыста қардан тазалау бойынша келесі жұмыстар жүргізілді, автогрейдермен және қолмен қарды жинау, қала көшелерінің жолдарының шұңқырларына жөндеу және бордюрлерді сырлау жұмыстары жүргізілді;

Басқа да – 330368,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 329304,0 мың теңге сомада игерілді немесе 99,7 % оның ішінде:

-білім бөліміне Chevrolet Orlando жеңіл автокөлігі сатып алынды;

-2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында мноқалаларды ағымдағы жайғастыруға 46418,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%. Жеңіс саябағына жөндеу жұмымтары жүргізілді, креберіс стеллаларды орнату, «Аллеи строителей» және «Буратино» саябақтарына ағымдағы жөндеу жүргізу;

-«моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредиттеу» бағдарламасы бойынша 48890,0 мың теңге бөлінді, кәсіпкерлікті шағын кредиттеу үшін, қаражат толық көлемде «Ертіс» ӘКК Ұлттық компаниясы» АҚ аймақтық өкілдік ұйымға аударылды;

-«2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру үшін кредиттер бойынша пайыздық ставкамен қаражаттандыруға» 75000,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді,қаражат «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аударылды;

-«2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге» 8000,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, гранттар «Дегелен Сервис KZ» ЖШС-2500,0 мың теңге, ЖК Базархан.Ш.- 2700,0 мың теңге, ЖК Демышев В.А.-2800,0 мың теңге сомада берілді;


Бюджеттің атқарылуы бойынша



уәкілетті ұйымның басшысы А. Қуандықов
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет