2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме


Эстетикалық бағыттағы әдебиетті насихаттау



бет15/21
Дата06.02.2022
өлшемі5,39 Mb.
#34215
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Эстетикалық бағыттағы әдебиетті насихаттау


(ОҚБК) XX ғасырда өркендеген қазақ ұлттық өнері мен мәдениетінің төрінен ойып тұрып орнын алатын қазақ халқының талантты да аяулы қызы, ата аңызға айналған қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, ҚКСР халық әртісі Күләш Байсейітованың 105- жылдығына орай «Сыңғырлаған сазды әуен» атты өнер сағаты өтті. Иісі қазаққа мақтан болған әнші-актрисаның әншілік өнерін бейнетаспадан тамашалап, жасынан домбырада, сырнайда ойнап, ән салғанын аса бір қызушылықпен тыңдады. Күміс көмей, бұлбұл үнді әншінің өмірі мен өнеріне арналған «Ғасыр бұлбұлы-Күләш» атты көрмеге шолу жасалды. Домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі – Мағауия Хамзиннің 90 жасқа толуына орай А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы «Рауан» клубының аясында «Сен мәңгісің, шертпе күйдің шебері» атты әдеби- сазды сағат өтті. Кітапханашы шетелдік талғампаз көрермендерінің алдында қос ішекті домбырасын оркестрдей ойнатып өнер
көрсеткен күйші шығармашылығына тоқталып, бейнетаспадан күйлерін тыңдатты. Күйшінің жолын қуып, өнер әлеміне қадам басқан №15 мектеп оқушысы Аманрахим Мұқатай орындауындағы күйлер кеш көркін әрлендіре түсті. (ф№3)Қазақ өнеріне өткен ғасырдың ортасында келіп, театр мен кино саласында есімі елімізге ғана емес әлемге әйгілі болған актердің жүріп өткен жолдарын жастарға өнеге ету мақсатында КСРО және Қазақ КСР халық әртісі, режиссер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовтің 80 жасқа толуына арналған «Тірісінде аңызға айналған тұғырлы тұлға» атты ақпараттық сағаты ұйымдастырылды. Шараға № 7 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты. Халық әртісі А.Әшімов жайлы жазылған пікірлер талқыланып, «Қазақтың Асанәлісі» атты видео көрсетілді. кітапхана кызметкерлері Асанәлі Әшімовтың шығармашылығына тоқталып, жас оқырмандарымыз «Майраның әні», «Жан бөлек», «Менің жанрым –күнделік» атты кітаптарынан үзінді оқыды, кітап көрмесін тамашалады.

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет