2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме


Көркем әдебиетті дәріптеу



бет23/29
Дата30.04.2018
өлшемі5,39 Mb.
#40330
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29

Көркем әдебиетті дәріптеу

(ОҚБК) Жазушы, журналист, аудармашы Сейітжан Омаровтың 110 жылдығына арналған «Халқының сүйікті қарымды қаламгері» атты әдеби портреті өтті. Жазушының өмірі мен шығармашылығына, жас жеткіншектерді Отаншылдыққа, қаһармандыққа, шынайы достыққа  тәрбиелейтін туындылары жайында кеңінен тоқталған кітапханашы, жазушының аударма саласында Л.Толстойдың, А.Чеховтың, М.Горькийдің шығармаларын, ағайынды Гриммдердің, чех жазушысы Б.Немцованың  ертегілерін қазақ тіліне аударғаны туралы мағлұмат берді. Шара барысында қарымды қаламгер туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, қазақ балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ақынның бірі - Ескен Елубаевтың шығармашылығына арналған «Балалар бағының бағбаны» атты әдеби салон өтті. Кітапханашы жазушы шығармаларынан көрнекті орын алатын жанрдың бірі ертегілер мен аңыздар екеніне тоқталып, негізгі тақырыбы — балалар өмірі екенін баяндады. Әдептілікке, ізгілікке, парасаттылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін бірнеше өлеңдерін  талдап, соңында «Жыл мезгілдері», «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңдерін балалар мәнерлеп оқыды. (ф№1) “Ескен Елубаевтың таңғажайып әлемі” тақырыбында әдеби орындық өткізілді. Шара барысында жас оқырмандарға ақынның өмірі жайлы қысқаша айтылып, оқушылардың сөздік қорларын молайтып, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық қабілетін дамытатын -  “Жаңылтпаштар мен жұмбақтар”, “Метаграммалар”,  “Логогрифтер”, “Омофондар” кезеңдерінен сүрінбей өтті. Жеңістерін өздері ұтып алған смайликтерімен дәлелдеді.ОҚБК оқырман қауымды балалар жазушысы және ақынының туған күніне орай ұйымдастырылған  «Маршакта қонақта» атты  қызықты және интерактивтік әдеби-ойын бағдарламасына шақырды.

Балалар кітапхана қызметкерімен бірге жазушы шығармашылығына шолу жасады: жұмбақтар шешті, шығармалар бойынша үзінділерді тапты, байқауларға қатысып өздерінің жазушы жайында білетін білімдерін көрсетті.  Іс-шараға орай  Самуил Яковлевичтің өмір жолдары, шығармашылықтарымен таныстыратын «Веселый волшебник» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көңілді де қызықты өткен шара мультфильм тамашалаумен аяқталды.ОҚБК –да ақын, қызықты ертегі әлемінің өкілі, атақты балалар жазушысы Чуковскийдің туғанына 135 жыл толуына орай «Чуковскийдің таңғажайып қаласы» атты әдеби саяхат ұйымдастырылды. Балалар жазушының таңғажайып ертегілер еліне саяхаттап, өмірі және шығармашылығымен танысты,  сиқырлы кітаптарының кейіпкерлерімен кездесті. Өткізілген «Корней Чуковскийде қонақта» атты сұрақ-жауап ойынында ақынның өлеңдері жатқа айтылды. Шара барысында шығарма кейіпкерлерінің кескінділері құрастырыла отырып, назарларына ұсынылған заттардың қай шығармаға тиесілі екенін тапты. Әдеби саяхаттың соңында балалар көтеріңкі көңіл күймен «Муха-Цокотуха» атты мультфильмді тамашалады.
Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет