2018 – 2019 оқу жылындағы №10 жалпы білім беру мектебінің 4 «Қ» сыныбында «Сен агрессияны қалай жеңесің?» тақырыбымен өткізілген тренингке



Дата29.02.2020
өлшемі0,63 Mb.
#59299
Байланысты:
Агрессия (2)

2018 – 2019 оқу жылындағы №10 жалпы білім беру мектебінің

4 «Қ» сыныбында «Сен агрессияны қалай жеңесің?»

тақырыбымен өткізілген тренингке

АҚПАРЛАМА

Мақсаты: Оқушылардың агрессивті күйін қауіпсіздендіру. Ой бөлісу. Проблемалық сұрақтарды ортаға салу.

Тернингтің кіріспе барысында ғаламтор желісінде тараған Түркістан облысындағы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бір - бірін аяусыз соққыға жығып, құқық бұзушылық жасағандары туралы айтылды. Бұл құбылыстардың балалардың бойындағы агрессияның салдарынан екені түсіндірілді.

Мини дәріс барысында сұрақ – жауаптар арқылы «Агрессия» ұғымының анықтамасымен және түрлерімен таныстырылды : Агрессия (латынның «agressio» – тиісу, ұстама деген сөзінен) шыққан. Қоғамдағы адамдардың өмір сүру нормасы мен ережелеріне қарама - қарсы бағытталған объектіге қатерін тигізіп тиісу (жанды және жансыз нәрселерге), адамдарға дене зорлығын тидіруші (жағымсыз күйзеліс, іштей қысым, қорқыныш, басқындық жәнет. б.) мотивацияланған деструктивті мінез - құлық.

Келесі кезеңде балалар агрессиялы мінез – құлықты баланы суреттеді. Жағдаятты талдау кезінде:


  1. Сыныбыңызда тәртіп бұзушылық болса, Сіз оны жасырасыз ба, жоқ әлде дер кезінде психологқа, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшіге хабарлайсыз ба?

  2. Екі оқушы көшеде келе жатып бірін - бірі қағып кетеді. Екеуі біраз кикілжіңге барды. Соңында төбелеске ұласу қаупі туындады. Төбелісті болдырмау үшін не істеу керек?

  3. Оқушы сабақта қандай болу керек? -

сұрақтары аясында оқушылар өз ойларын ортаға салды.

Психологиялық ойындар арқылы агрессия күйіне түспеудің жолдары үйретілді:

1 - кезең. «Мен сабырлымын», «Мен тынышталамын», «Бәрі жақсы болады» деп іштей қайталап өзімізді сендіреміз.
2 - кезең. Сабаңа түсіп көңіл - күйің қалпына келгенше 10 - ға дейін сана.
3 - кезең. Құлақ қалқанын жеңіл қимылмен айналдыра сипала, басыңды қолыңмен қаусыра құшақтап, алақаныңды құлағыңа тигіз, мойныңды сипап иығыңды ысқыла.

Тренингтің соңғы бөлімінде оқушылардын агрессия күйін анықтауға алынған тест алынды. Тест 15 сұрақтан тұрды. Тест қорытындысында сынып оқушыларының агрессиялық күйінің төменгі жағдайда екендігі анықталды.








Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет