«2023-2024 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұСҚау хат



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі4,4 Mb.
#186079
  1   2   3
Байланысты:
әдістеме хат слайд
10 сынып физ 0дік бақылау, Казахстан тарихы ТЖБ 8 сынып 4 тоқсан, 8 сынып ТЖБ

«2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ


І 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 (12)-
сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.
 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері,
3-4-сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәні оқытылады.
 Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе»,
«Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту
басталады.
 Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады.
 Негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру
деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған соң қазақ тілінен емтихан
тапсыру енгізіледі.
 Экологиялық білім беру сапасын арттыру: экологиялық проблемаларды
шешуде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытуға арналған
зертханалық, зерттеу, жобалық жұмыстарды ұйымдастыру.
 Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту.
 Білім беру ұйымдарында тұтас тәрбие бағдарламасын енгізу.
 Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар өткізу, мектептердегі
шахмат секцияларының желісін кеңейту.
 Мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған сыныптан тыс іс-шараларды
ұйымдастыру.
 Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту,
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын құру.
 Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру.
 «Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру: «Үздік педагог» байқауы
жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу
 «Білім беруді өзгертудегі 1000 көшбасшы» республикалық кадрлық
резервтің деректер қорын жасау.
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске
асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан
Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және т.б., Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алуы және оқыту процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
1 қыркүйекте «Білім күнін» өткізу форматын білім беру ұйымдары дербес
анықтайды және мектептің барлық қауымдастығының қатысуын қамтамасыз
етеді. Білім күніне арналған сынып сағатының ұсынылып отырған тақырыбы:
«Мектебім – мейірім мекені!».
Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес
жүргізіледі. Педагогтер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, достық пен жауапкершілік,
бір-біріне сыйластық құндылықтарын дарытуға мән беруі қажет. Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары/заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының
ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараларға қатысуының маңызды екендігіне назар аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет