«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»



Pdf көрінісі
бет29/70
Дата08.09.2023
өлшемі1,64 Mb.
#180546
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (1)

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығына сәйкес: 

бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» және «Цифрлық 
сауаттылық» (1-4-сыныптар); 

негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика» (5-6-сыныптар), 
«Алгебра», «Геометрия» (7-9-сыныптар) және «Информатика» (5-9-сыныптар); 

жалпы орта білім беру деңгейінде
оқытудың екі бағыты бойынша 
«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» (10-11-
сыныптар) пәндері оқытылады. 
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан 
Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік 
оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 
(өзгерістер мен толықтырулар ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 ж. № 412 
бұйрығымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6–8, 16–
20-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11-
сыныптар) көрсетілген.
Бастауыш білім беру деңгейінде
«Математика және информатика» білім 
беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі 
объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді 
қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін меңгеруге; 
есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде 
логикалық пайымдаулар құра білу машықтарын дамытуға; ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану 
дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді 
жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен 
жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және 
деректерді ұсыну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет