25-қазан Республика күніне орай өткізілетін «Елім деп соғар жүрегім » тақырыбындағы әдеби-танымдық кештің сценарийі



бет2/3
Дата06.11.2023
өлшемі20,06 Kb.
#189943
түріСценарий
1   2   3
Байланысты:
25 қазан сценарий
Документ Microsoft Word
Тілек-сөздері............................................................................................................
1-жүргізуші: 25-қазан. .. Бұл күн – ұлттық мереке, Республика күні. Тәуелсіз елдің рәміздері: әнұран, мемлекеттік жалау, елтаңба бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.
Сахна төріне: әнұран мәтінін, ту, елтаңба, теңге суреттерін ұстаған 4-оқушы шығады. Өлеңдерін оқиды.


Әнұран (Саян): 2006 жылдың 7-қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды. Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Рсепубликасы Әнұраны деп жарияланды. Әнұран мәтінінде ғасылар бойы туелсіздік үшін күресен бабалар ерлігі көрініс табады. Сонымен қатар асыл мұрамыз – еліміздің кең байтақтығы, жер мен ел байлығы, біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатын көрініс үйлесім тапқан. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің айқын діңгегі – ел бірлігі бас айтылған.
Әнұран авторлары: Сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев
Әні: Ш.Қалдаяқов


Ту (Ерасыл):
Желбіре, туым, желбіре,
Көргенде сені қуанам.
Мақтан қып сенің сәніңді,
Атыңмен алыс аттанам.
Желбіре, туым, желбіре,
Әлемге жетсін шуағың,
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын.


Елтаңба (Мейіржан):
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әесем бейне сен қыран,
Жай бейне емес, ұғып ал.
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Тұлпар – дала дүлділі, ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігері. Таңбадағы бес жұлдыз – мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жарық жұлдызы.


Теңге (Мадияр):
Шыныменен Алла рахым берді ме?
Қазағымның көз жасын ол көрді ме?
Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз,
Қолды жаймас, кезегіне келді ме?


2-жүргізуші: Заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов өзінің бір сөзінде: «Тіл жеткізбесті ән жеткізер» -десе, Шөмішбай Сариев ән жайлы былай деп ой шертіпті.
Ән адам жанымен егіз. Расында, әнді тыңдай алатын, әуелете айтып, бағалай білетін, одан өз жан-дүниесінің бейнесін көре алатын сезімтал, сыршыл, сұлулықты сүйетін халықтың ұрпағы болғанымыз қандай бақыт. Мағынасы мазмұнды, сөздері маржандай, әуені қиялыңды алысқа сермер әндерді тыңдағанда еріксіз ойға батарың да сөзсіз. Ендеше, осындай әсем ән тыңдалық!
Ағайынды Тобағыл мен Расулдың орындауындағы «Балдырғандар» әнін тыңдаңыздар.


1-жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
Жанымызды жарылқайтын алтын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.


2-жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам
Есіміңді естігенде қуанам.
Қазақстан – қиял жетпес биік тау,
Қазақстан – жазғы күнгі гүл алаң – деп әрбіріміз, баршамыз жар салсақ жарасымды емес пе?!
1-жүргізуші:
«Жырға қостым, Қазақстан өзіңді». Ақындар осылайша Қазақстанды өз шығармаларына арқау еткен. Ендеше, ортаға мектебіміздің бір топ оқушыларын ақындардың өлең шумақтарынан үзінді оқуға шақырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет