§27-28. «Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары Оқу мақсаты: Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы «Зар заман»



бет1/4
Дата30.05.2022
өлшемі24,15 Kb.
#145476
  1   2   3   4
Байланысты:
6 §27-28. «Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық
00022172-7f5967a8 (1), 00038b0c-0647ddb0, Summative assessment for the unit stress and fear, 7 3 тоқсан бжб, Астрономия реферат, 3 Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты §17-18. (1)

§27-28. «Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары


Оқу мақсаты:

  • Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы «Зар заман» өкілдерінің идеяларын түсіндіру;

  • Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау.



Тірек сөздер:
Қазақша Орысша Ағылшынша
Зар заман Зар заман (эпоха скорби) Zar zaman (Era of sorrow)
Этноаумақ Этнотерритория Ethno-territory
Шортанбай Қанайұлы Шортанбай Канайулы Shortanbay Kanaiuly


Тақырыпқа шығу:

«... бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман ақындары» деген ат қойдық». М. Әуезов


1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы елдің қоғамдық-саяси жағдайын есіңе түсір.


2. Автор неліктен «зар заман ақындары» деген ат қойды?


1. «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары. Қазақ халқының XVIII ғасырдағы тәуелсіздік үшін күресі «Ерлік дәуірі» деп аталды. Сол кезеңдегі жыраулар жас ұрпақты жаудан қаймықпай қарсы тұруға, табандылық пен ерлікке шақырды. Эпикалық жанрда жыр толғаған Ақтамберді:


Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз,
...
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз! –

деп халықты қаһармандық рухқа үндеді.


XIX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап күнделікті өмірдің әртүрлі салаларын, қарапайым адамды, оның ішкі дүниесі мен мінез-құлықтарын жыр етуде жаңа бастама қалыптасты. Бұл отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалысты, халықтың қасіретін жырлаған ағым еді.


XIX ғасырда қазақ-жоңғар соғыстары аяқталып, Еділ қалмақтары мен Алатау қырғыздарына жорықтар тоқтатылған болатын. 1755 жылғы қазақ-башқұрт шиеленісінен кейін екі туыс, бауырлас халықтар арасында біршама жылымық орнатылғанымен, ол оқиға әлі ұмытылмаған еді.
Сонымен қатар қазақ даласында әскери бекіністер мен округтік орталықтарының құрылысы жүріп жатты. Кіші жөне Орта жүз қазақтары ежелден бері көшіп-қонып жүрген бірқатар жерлерінен қуып шығарылды. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан көші-қон жүйесін бұзды. Патша үкіметінің жерді баса-көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары дәстүрлі мал жайылымдарынан айырылды. Бір кездегі дамыған көшпелі малшаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет