28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Торегелдиева Жанат Құралбекқызы


Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес. М.Шаханов



бет2/2
Дата20.07.2020
өлшемі1,03 Mb.
#63342
1   2
Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес.
М.Шаханов.

Отбасы – адам баласы үшін ең басты құндылық, тәрбиенің көзі. Отбасы сүйіспеншілікті сезінуді үйретеді, жақсылыққа жетелейді, еңбектенуге, білім алуға көмектеседі, үлкенді құрметтеп, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді. Атам қазақ ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің – деп тегіннен- тегін айтпаған.Олай болса осы құндылығымызды қадірлеп сақтай білейік ағайын.Отанға деген сүйіспеншілік , махаббат та осы отбасынан бастау алары шындық.Менің жұмысым ізденімпаздықтан тұратын болғандықтан шығармашылығыма “Қос батыры бар отбасы” тақырыбын ұсынып отырған жайым бар. Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, құрмет, азаматтықтың көрінісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін- бүгінімен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойындағы ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды. Бұл әңгімені жазғандағы мақсатым отбасы мүшелерінің Отан алдындағы жасаған қызметі үшін сый- құрмет дәмету емес, керісінше ер азаматтарымыз осы әңгімеден соң өз Отанының көркеюі үшін қандай іс- әрекеттер жасап жүргендеріне көз жүгіртіп, шыңдала түседі деген ойдамын. “Отанды сүю отбасынан басталады”- деген халық даналығын ескере отырып әңгімемді бастасам.Өз сөзімді Оңтүстік Қазақстан облысы , Сайрам ауданы, “М.Оразалиев” ауылының тумалары Торегелдиев Құралбек пен Торегелдиев Жақсыбай туралы өрбіткім келіп отыр.

Әкем Торегелдиев Құралбек 1906-жылы аталмыш ауылдың қарапайым отбасында дүниеге келген. Ата-анасының тәрбиесінде өскен ол кісі кейін келе өмір ағыммымен 1941- жылы соғысқа аттанады. “ Ердің көркі елімен, Отан көркі жерімен.”- деген ұлы сөздегідей, соғыста Отан алдындағы борышын адал атқарып күреседі. 1944-жылы жарақат алып денсаулығына байланысты елге оралады. Соғыстан кейінгі өмірін анамыз Құлқаныспен табысып 1959- жылы жанұя құрудан бастайды. Анамыз алтын құрсақ көтеріп, құдайдың берген сегіз перзентін дүниеге әкеле-ді.Әкеміз сыры бар денсаулығына байланысты егін , мал шаруашылығымен айналысып жанұясын ел қатарынан кем қылмаған. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай әке-міздің ерлігі еленіп ауданан төс белгімен марапатталса, 2010-жылы Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің тарапынан ұйымдастырылған “Даңқ” мемориалында әкеміздің аты-жөні жазылды. Бұл да болса Отан алдын-да жасалған ерліктің ешқашан ұмытылмайтындығының белгісі . Бірақ,.Сол соғыста алған жарақат күшейіп, ақыры тұңғыш қызы Шолпанды ұзатқан соң қалғандары әлі есі кіре қоймаған балғын шақтарында ана қолына аманат етіп тапсырып, өзі өмірден 1982- жылдың 2- мамырында өте барды. Амал не, тағдыр жазуы, көнгеннен басқа шара жоқ . Балапан жүрек әке мейірімін қанша сағынсада келтіре алмай,амалсыз көз жасына ерік беріп қала берді. Отағасының табыстаған перзенттерін жеткізуде анамыз белді бекем буып, бағытты бұрылыссыз тіке өмір жолына салды. Кездескен әрбір қиыншылықтарды қайыспай көтере біліп, перзенттері үшін аянбай қызмет етті.«Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер.»- деген нақылды ұстанымға алған анамыздың қазіргі таңда еңбегі жанып перзенттерінің барлығы бір- бір отбасының, бір- бір мамандық иелері. Осы тұста отбасының ауыртпалығын қайыспай көтеріп ерліктің еренін істеген анама өз жүрек жарды балалық махаббатымды өлең жолдарымен ұсынып отырған жайым бар.



Жан әкешіме арнау

Үлгі болған өнегелі ұрпаққа,

Еркелетіп, сүйеніште болдың- ау.

Түсіндік-ау мұның бәрін кештеу тым,

Қайталанбас тұлға едің әлемде.

Әлі есімде балғын бала шағымда,

Сол тәтті кез, ұмытылар ма, естен бір.

«Әпкешім» деп иығына салып-ап,

Отырушед еркелетіп жан әкем.

Бала едік көп нәрсеге мән бермес,

Білмедікте сағым болар сәттерді.

Сезе алдым ғой, әке мейірімін бірақ-та,

Өміріме жететін ғып талғажау.

Жан әкеме сұм соғыстың зардабы,

Салған сызат жан жараға айналып.

Анашыма аманат қып біздерді,

Кете барды мәңгілікке жырақтап.

Кім ойлайды ?Әкем мәңгілік кетер деп,

Кім ойлайды? Аңсап, зарығып күтем деп.

Жүрек аңсап , сағынсада талай рет,

Амал қанша жан әкемді қайтарман.

Шаршағанда күйбең тірлік қамымен,

Күлімсіреп жан әкемнің бейнесі.

Қайсарлығың, батылдығың қайда?- деп,

Келіп тұрады демегендей күш беріп.

Содан білем ,ерте өтіп кетседе,

Қиналғанда демеп жүрер жан әкем.

Бар қолымнан келетіні қазіргі,

Әруағына дұға арнап отырам.

Асқар тау әке ақылшы,

Отбасының байлығы.

Көңіліне қаяу салмай ешқашан,

Бағалайық теңдесі жоқ байлықты.




АНА
Мен өз анаммен мақтана алам,


“Деп”бүкіл әлемге мен жар саламын.
Анам менің ақылды, парасатты,
Алтын құрсақ көтеріп перзент тапқан.

Есейдім мен, есейді перзенттерің,


Барлығыда өз шаңырақ иелері.
Есейіп кетсек-дағы әлі күнге,
Сағынам “Жәнөк” деген сөзіңізді.

Өмір ағым еркелетер әр тарап,


Өте шығар аққан судай шартарап.
Кешегі бал отбасының кенжесі,
Ана болған бес перзенті қолғанат.

Апа, өміріме нәр берген шуағымсың,


Апа,көңіліме мән берген құмарымсың.
Сәл көрмесем өзіңізді сағынамын,
Тағат таппай шыдамым таусылады.

Түсінбедік еркеліктің назымен,


Қадіріңді білмеппіз-ау анашым.
Қиын болды жүрек сезеді ап-анық,
Мойымадың, еш уақытта қамығып.

Бар өмірін перзенттінің бақытына арнаған,


Менің анам дүниеде асыл ана әрқашан.
Перзенттерін жеткізуде талмаған.
Батырлықтың ең ұлысы бұл ерлік.

Сол ерліктің жемісі ғой анашым,


Өскен- өнген ұрпақтардың тобы шын.
Армандаған перзенттердің қызығын,
Нәсіп етіп, көріп отырсыз бүгін шын.

Бәрі жақсы, бірақ шіркін кәрілік,


Келіп жетті-ау қуанышпен алысып.
Қартаюдың сұлу түрі сізде бар,
Бар адамға бұйырмайтын сұлулық.

Тұла бойың тұнып тұрған тәрбие,


Таусылмайтын кені де бар ақылдың.
Өзіңе ұқсап ана болдық бәріміз,
Бар өнері сүтіменен дарыған.

Дүниеде аналардың бәрі асыл,


Менің анам асылдардың асылы.
Дүниеде аналардың бәрі асыл,
Менің анам асылдардың асылы.

Қазақ халқы бала бойындағы ерекше қабілетті, ата тегі арқылы қонған та-биғи дарынды өтежоғары бағалаған. Дәстүрлі өнер әулет мақтанышы ғана емес, ол барша халық игілігі болып саналған. Әңгімемді тақырыптың келесі кейіпкеріне бұрсам. “Анаға қарап қыз өсер, атаға қарап ұл өсер”- деген мақалды бейне біздің отбасыға арнап айтқан дерсің қазекем.Өйткені отбасының төртінші перзенті Торегелдиев Жақсыбай жылдар өте келе әке жолын қуып1981- жылы Отан алдындағы борышын орындауға әскерге шақырылған ол, сол кездегі Кеңес әскерінің жауынгері ретінде Ауған соғысынан бір- ақ шығады. Отан алдындағы борышын адал орындап елге белгіленген уақыттан алты айға кешігіп аман-сау оралады. Осы кешіккен алты ай уақыт ішіндегі тілгіленген ана жүрегінің қасіретін бүгінде сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Әлі есімде анамыз таңның атысынан , күннің батысына дейін көшедегі үлкен қара талдың түбіндегі орындықта отырып екі көзі күнұзақ жолға телміре қараумен болатын, ас батпайтын, әңгімелеспейтін, бар тілеуі Құдайдан баласы елге аман-есен, аяқ-қолы бүтін болып оралуы еді. Біраз кешіксе де ана тілегі қабыл болып, баласы аман-есен елге оралды. “Жаным- арымның садақасы, Малым- жанымның садақасы”-дегендей, қуанған ана бір сиырын сатып ағайын-туыс, жамағатқа той жасап қуанышын бөліскен. Сол кездегі әрбір сәт қазір көз алдымда сақталуда, шымырлаған жүрек шаншымай еске алу мүмкін еместігін сезініп қолыма қалам алып отырған жайым бар. Мұндай қасіретті адам баласы басына түскенде ғана сезіне алады. Бүгінгі ұрпақ қасірет шегіп, қан кешіп қиындықпен келген бейбіт өмірдің бағасын біліп , қадірін түсінуі тиіс.Менің бұл әңгімемді оқығандар мүмкін сынайтын да болар, бірақ мұншама ерлікті көріп, біліп, сезініп тұрып жазбасам әке рухы алдындағы перзенттік борышымды орындамағандығым, аға батырлығын ардақтамағандығым болып есептелер еді.Қазіргі таңда ағам Торегелдиев Жақсыбай Шымкент қаласындағы №47 “Т.Тәжібаев” атындағы мектеп гимназиясында көп жылдан бері ұстаз болып қызмет атқаруда. «Білім беру ісінің үздігі» сыйлығының иегері. Өмір жолына тоқталып өтсем, ең алдымен анасының баға жетпес ұлы, жұбайына асыл жар, бір ұл,екі қыз тәрбиелеп отырған аяулы әке, сонымен қатар тек бауырларына ғана емес бүкіл еліне құрметті азамат.Ауған соғысындағы ерлігін ескеріп өзі оқыған мектеп,қазіргі “М.Оразалиев” атындағы мектепте АӘД бөлмесіне аты беріліп кейінгі ұрпақ ерлігін әрдайым мақтан тұтып жүр.Осы тұста ағама деген жүрекжарды өлең шумақтарымды ұсынсам.



АҒАМА


Ағатайым ардақтым,

Мына өмірде қымбатсың.

Бауларым ішінен,

Ең ақылшым, қамқоршым.

Кішкентайдан «аға» деп иілгенбіз,

Артық қимыл жасамай үйренгенбіз.

Қанша қатал болсада мейірімін,

Қиналғанда қамқор боп білдіретін.

Бауыр түгіл Отанын жау қолынан,

Ерлік жасап Ауғанда қорғадыңыз.

Кейінгі ұрпақ үлгі алып, мақтан етер,

Қазағымның бір туар еріненсіз.

Тізбектеліп күндер өтер жылжып аққан,

Ғұмырың білім жолмен сабақтасқан.

Бүгінгі мерейлі күн құтты болсын,

Еңселі 50 жасқа аяқ басқан!!!



Қалай болғанда да мен үшін асқар тау әке мен қамқор ағаның Отан алдындағы жасаған ерліктері,кіп-кішкентай жүрегімде үлкен әріптермен “Қос батыр”- деп өшпестей болып жазылған.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет