Тасымалдауға болмайтын жағдайлар



бет1/6
Дата10.10.2022
өлшемі205,5 Kb.
#152372
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ тілінен дидактикалық сызбалар
stud.kz-92101

Тасымал
Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.
Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы:«Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: ке-реге, кере-ге;


Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:

  1. Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. (а-та, ә-ке, арми-я.)

  2. Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт.)

  3. Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, КазҰУ, КазМУ, ҚР)

Ескерту: сөздердің бірінші буындарынан қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады.
4. Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов, Қ.С.Мусин)
5. Қысқарған өлшем бірліктерін сандардан айырып тасымалдауға болмайды. (15 см, 20 кг, 100 г)


Екпін
Екпін – сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.
Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға,яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді.
Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:

  1. Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.

  2. Болымсыз етістіктің жұрнағына

(-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме

  1. Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы т.б.

Диалект сөз
Диалект сөз – белгілі бір аймақта ғана тек ауызекі тілде қолданылатын сөздер. Мысалы, «сым» сөзі Оңт.Қазақстанда ғана қолданылады.
Диалект сөздер көбіне кәсіби сөздер болып келеді.
Қазақ тілінде диалект сөздерге арналған арнайы диалектологиялық сөздік бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет