3 1-Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу


Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссөздері



бет13/26
Дата13.05.2020
өлшемі224,5 Kb.
#67900
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу
Лекция №5 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері., Лекция №4 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссөздері (ҚР ҚІЖК 563-бап). Сот тергеуі аяқталғаннан кейін алқабилердің қатысуымен сот тараптардың жарыссөздерін тыңдауға көшеді. Сот жарыссөздері айыптаушы мен қорғаушының сөздерінен тұрады.

Жарыссөз - бұл сот процесінің бөлігі, онда сот тараптары сот алқабилеріне қаратылған сөз, оларды тағылған айыптың дәлелденгендігі немесе дөлелденбегеніне, қылмыстың дұрыс белгіленгендігіне сендіру керек. Сонымен тараптар өз орындауларында дәлелдерді сараптап, сотталушыға берілген жаза өлшемі туралы өз шешімдерін дәлелдеп, алдағы тұрған үкімге рұқсатпен өз ұсыныстарын енгізеді. Сот жарыссөзі екіге бөлінеді. Жарыссөздердің бірінші бөлігі мемлекеттік айыптаушының, жәбірленушінің, қорғаушының және сотталушының сөздерінен тұрады, олар сотталушының бұрынғы сотталғандығын еске салмай оның кінәсінің дәлелденуі немесе дәлелденбеуі жөніндегі өз ұстанымдарын баяндайды.

Тараптар алқабилер қатысқан соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды еске алмауға және сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасамауға тиіс. Егер бұл жағдайларды қозғайтын болса төрағалық етуші мұндай сөздерді үзіп тастайды жөне алқабилердің үкім шығару кезіңде осы мән-жайларды есепке алмауға тиіс екендігін оларға түсіндіреді.

Жарыссөздердің екінші бөлігі мемлекетгік айыптаушының, сондай-ақ жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, қорғаушының және сотталушының сөздерінен тұрады, оларда сотталушының іс-әрекетін дәрежелеу, жаза тағайындау, азаматтық талап мәселелері бойынша ұстанымдары баяндалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет