3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты


Интербелсенді оқыту технологиясын сипаттаңыз



бет7/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Заманауи
кору жане есту анализаторы, Қазақ фольклорының жанры мен түрлері, Гуманистік тәрбие жүйесі, Адамның өсу және даму заңдылықтары, Әліппеге дейінгі кезең, Пропорция, Матем 1 РГР китап каз нов
Интербелсенді оқыту технологиясын сипаттаңыз
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
Интербелсенді оқыту – бұл танымдық əрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған жəне мақсатын алдынала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интербелсенді оқытудың мəнісі сыныптағы барлық оқушы таным үдерісімен қамтылады, олар өздерінің білетін жəне ойлайтын нəрселері арқылы түсінуге жəне қарсы əсер етуге мүмкіндік алады. Таным үдерісінде, оқу материалын игеруде оқушылардың біріккен əрекеттері мынаны білдіреді: əр оқушы өзіне тəн ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, əрекет ету тəсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үдеріс өзара қолдау жəне қайырымдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық үдерістің өзін дамытады, оны əлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дəрежесіне көтереді.
Бүгінгі күні əдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары – «үлкен шеңбер», «аквариум», «миға шабуыл» (мозговой штурм), «дебаттар». Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тəжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір мəселе толығымен талқыланатын болса ғана, интербелсенді оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек. Талқыланатын мəселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) сұрақтардан мəселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.


Пәні: Заманауи білім беру технологиялары
Оқытушы: Жиембаев Жомарт Тумарбекович
7 тапсырма
1.Психологиялық-педагогикалық кеңес беру механизмдеріне түсінік беріңіз

Қазіргі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім деңгейіне және әрбір жеке тұлғаның шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талаптар арта түсуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген [1].


Мамандық таңдауда Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке қажет». Сондықтанда мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарай таңдау керек. Және де, таңдаған мамандығы 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөлу керек. Осы мамандықтарға бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Сұранысын, қызығушылығын жоймаған, кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім, заңгер және құрылысшы кіреді. Ал, керекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару, педагогика және психология және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет