3-бөлім «Ұлттық экологиялық мәдениет» 1-мәтін



бет1/2
Дата13.01.2023
өлшемі21,77 Kb.
#165489
  1   2
Байланысты:
Эссе экологиялық мәдениет
проект Губашев М, 2. Доступность образования., Диссертация Темербулатова ЖС, 2012MMTAnswers, реферат, 1ші сор, Essay.edited

3-бөлім «Ұлттық экологиялық мәдениет»
1-мәтін
Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін табиғат байлығы деп атайды. Табиғат байлықтарының минералдық,климаттық,су,жер және биологиялық деп аталатын негізгі бес түрге ажыратылады. Олар сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар тобынга ажыратылады.
Дүние жүзі елдерінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан-жылға артып келеді. Соңғы кезде мұхит қайрандары мен суларынан да түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.Мамандардың есептеуінше, пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, XXI ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады.
Табиғат байлықтарының ішінде адамзаттың ең көп пайдаланатыны – су. Жер шарында пайдаланылатын тұщы су қорының 70%-на жуығы тек егіс алқаптарын суландыру мақсатында жұмсалады. Сонымен қатар, өнеркәсіп орындары мен тұрмыс қажетіне пайдаланылатын су мөлшері де тез өсіп келеді. Жер шарындағы әрбір қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л су жұмсайды, ал ірі қалаларда бұл көрсеткіш одан да жоғары. Планета халқы 6 млрд-тан асып отырған қазіргі кездің өзінде кейбір елдерде тұщы су тапшылығы байқалады. Сондықтан Антарктидадағы мұзтауларды ауыз су тапшы елдерге тасымалдау, мол сулы өзендерді шөлді аудандарға бұру, теңіз суын тұщыландыру жобалары іске асырылуда.
Ауыл шаруашылық өнімдерін морлайту үшін қажетті табиғат байлықтарының бірі- топырақ. Оның құнарлылығы табиғат зоналары бойынша әркелкі болып келеді. Топырақ тез өзгеріске ұшырайтын компанент болғандықтан оған ұқыптылықпен қарап, тиімді пайджалану қажет.
Жер шарының ең басты байлықтарының бірі- өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Қалпына келе алатын мүмкіндігіне байланысты оларды ұтымды пайдалануға болады. Орман байлықтары адамның көптеген шаруашылық қажетін өтейді. Жер бетінің30%-на жуығын алып жатқан ормандар табиғаттағы тепе-теңдікті сақтаумен қатар, адамдар мен жануарлардың тіршілігі үшін де өте маңызды. Сонымен қатар орман алқаптары жер бетіне әсем көрік береді.
Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда “үй, қоныс” деген мағына беретін экология ұғымын алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізген. Экология алғашында тіршілік пен оның мекен ортасының қарым-қатынасын сипаттайтын биологиялық ғылым саласы болған. XX ғасырдың екінші жартысында экология ғылымының ауқымы кеңейіп, табиғат пен адам қоғамы арасындағы күрделі қарым-қатынастарды зерттейтін кешенді ғылым саласына айналды. Сондықтан табиғи ортаның жай-күйі көбінесе “экологиялық жағдай” ұғымы арқылы сипатталады.
2-мәтін
Қазіргі күрделі, қарама-қайшылықты үрдістерге толы әлемде экологиялық проблемалар жаһандық ауқымға ие болды. Табиғаттан тыс адам өмір сүре алмайды, ол әрқашан оның ресурстарын пайдаланды. Өкінішке орай, өркениеттің пайда болуы мен дамуы, әсіресе ғылыми-техникалық прогресс адамзаттың биосферадағы кеңеюінің артуына ықпал етті. Табиғатқа қысымның тұрақты өсуі, оның табиғи мүмкіндіктерін бұзады, біздің өмір сүру жағдайымызға теріс әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар, кейінгі ұрпақтардың өмірін қиындата алады.
Ал "Экология" және "мәдениет" ұғымдары адамның табиғаттағы тарихы мен орнын түсінуге, мәдениеттердің ұлттық тамырларын, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің алуан түрлілігі нәтижесінде пайда болған елдер мен халықтардың менталитетін сақтауға көмектеседі.
Қазақтарда табиғат пен адам диалогы, табиғат пен Социум дәстүрлерінің бай, бірегей кешені қалыптасты. Бұл диалогтың өзіне тән ерекшеліктерінің бірі қазақтардың жерге деген құрмет, сыйластық қарым-қатынасы болып табылады. Қазақ тілі Жер-Ана, Отан-Ана (Туған жер), жер, Отан деген тіркестерге толы.
Осылайша, егер сіз қоршаған табиғатқа қатысты халықтық даналықтың барлық әлеуетін мақсатты түрде қолдансаңыз, онда адамның экологиялық мәдени тұлғасын қалыптастыруға болады.

Тақырыпқа қатысты сөз, сөз тіркестері:


Қоршаған ортаны қорғау – охрана окружающей среды
Ластану - загрязнение
Табиғи апат – стихийное бедствие
Урбанизация- урбандалу/ауылдан қалаға қоныс аудару процесі
Экологиялық әсер – экологическое воздействие
Экожүйе - экосистема
Жағымсыз фактор – неблагоприятный, отрицательный фактор
Биологиялық түр – биологический вид
Ауыр металл- тяжелый металл
Органикалық қосылыстар- органические соединения
Радиоактивті элементтер – радиоактивные элементы
Тұрмыстық қалдықтар – бытовые отходы
Қоқыс -мусор
Өндіріс орындары - производство
Микроағзалар - микроорганизмы
Қалдық сулар – сточные воды
Қалыпты деңгей – нормальный уровень
Қатаң қадағалау – строгий контроль
Антропогендік факторлар – антропогенные факторы
Ғаламдық ластану – глобальное загрязнение
Адам денсаулығы – здоровье человека
Орташа температура – средняя температура
Жер шары – планета Земля
Пестицид,тұз қышқылы,нитрат – соляная кислота
Газ алмасу - газообмен
Сынақ полигоны – испытательный полигон
Биосфералық қабат – слой биосферы
Жасыл табиғат - зеленая природа
Таза ауа –чистый воздух
«Қызыл кітап» - «Красная книга»
Экологиялық қор – экологический фонд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет