3-дәріс Солтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері Солтүстік жарты шар материктерінің жер бедеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар



бет2/3
Дата21.09.2022
өлшемі22,34 Kb.
#150226
1   2   3
Байланысты:
Лекция мәтіні
Келіссөздер және іскерлік жиналыстар туралы Скачать Реферат, Келіссөздер және іскерлік жиналыстар туралы Скачать Реферат, менеджмент, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.10-сынып. 2-бөлім, О ушыларды о у мотивациясын зерттеу, Қысқа мерзімді жоспар Әдебиет Д.Исабеков "Әпке" драмасы
Жер бедерінің негізгі түрлері. Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданының жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда дүние жүзіндегі аса биік тау жүйелері орналасқан: мұндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Олардың 11-і Гималай тауында орналасқан, ең биігі – Джомолунгма (Эверест), 8848 м. Таулардың аралығын кең байтақ жазықтар алып жатыр. Еуропа мен Азияның жер бедері бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ірі жазықтардың бірі – Шығыс Еуропа жазығы мен Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр. Скандинавия, Орта Еуропаның аласа таулары және Орал Еуропаның аласа таулы бөлігін құрайды. Бұл таулар палеозой эрасында қалыптасып, кейінгі дәуірлерде сыртқы күштер әсерінен күшті үгілуге ұшырап, аласарған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары, Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің таулары Еуропаның биік таулы аймағын құрайды. Биік таулардың шыңдары үшкір, беткейлері тік жарлы, қия болады. Таулардағы мұзданумен байланысты мұндай жер бедері альпілік жер бедері деп аталады.
Азияның 3/4 бөлігін таулы үстірттер, таулы қыраттар және тау жоталары алып жатыр. Жазықтар (Тұран, Батыс Сібір, Солтүстік Сібір, Яна-Индигирка, Колыма ойпаттары, Орта Сібір таулы үстірті) негізінен солтүстікте шоғырланған. Бұл жазықтардың оңтүстігінде Алтай, Саян, Байкал маңы таулары, Солтүстік-Шығыс Сібір таулары (Верхоян, Черский жоталары мен Коряк және Чукот таулы қыраттары), Амур бойы мен Қиыр Шығыс таулары (Бурея, Сихотэ-Алинь және т.б.) және Биік Азия (Тянь-Шань, Памир, Гиндукуш, Қарақорым, Куньлунь, Тибет, Гималай) таулары орналасқан. Оған батыстан Кіші Азия түбегінің таулары, Кавказ тауы мен Иран таулы қыраты келіп жалғасады. Бұл таулы белдеудің оңтүстігі Арабия, Үндістан, Үндіқытай түбегінің таулы үстірттері мен жазықтарына, шығысқа қарай Ұлы Қытай жазығына ұласады. Биік Азияның орталық бөлігінде ойыстар, көтеріңкі жазықтар мен биік үстірттер.
Еуразияның қатпарлы жас таулары материктің оңтүстік және шығыс бөліктерінде екі ірі белдеу құрайды. Оңтүстіктегі Альпі-Гималай белдеуінде материктің ең биік таулары (Альпі, Кавказ, Памир, Гималай) шоғырланған. Бұл белдеудің кейбір бөліктерінде тау жоталары түйісіп, таулы қыраттар түзеді. Олардың ірілері – Тибет және Армян таулы қыраттары. Шығыстағы Тынық мұхиттық қатпарлы белдеу Камчатка түбегінен Үлкен Зонд аралдарына дейін созылып жатыр. Мұнда өздеріңе белгілі жер сілкіну және жанартау белдеуі орналасқан. Сондықтан кейбір тау шыңдары сөнбеген және сөнген жанартаулардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет