3 Дәрістін қысқаша курсы


Тұрақты тоқ машиналарында негізгі магнит өрісін қоздыру жүйесі



бет13/56
Дата21.10.2022
өлшемі6,02 Mb.
#154427
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
Агро УМКД

Тұрақты тоқ машиналарында негізгі магнит өрісін қоздыру жүйесі. Негізгі магнит туғызатын қоздыру орамасын жалғау тәсіліне қарай тұрақты тоқ машиналары былай бөлінеді:
- тұрақты магниттен қозатын машиналар;
- тәуелсіз қоздырушы машиналары;
- паралель қоздыру өзін – өзі қоздыру машиналар;
- тізбектей қоздыру машиналары;
- аралас қоздыру машиналары.

Тұрақты тоқ машиналарының электр сұлбалары: тәуелсіз (а), паралель (в), тізбектей (с), және аралас қоздыру көрсетілген.


Тұрақты магниттерден қоздыру жүйесі. Қоздыру жүйесі магниттен жасалған полюстердің негізгі магнит ағынынан болатын тұрақты тоқ машиналары магнитті электрлі машина деп аталады. Оларда қоздыру орамалары болмайды.
Тәуелсіз қоздыру жүйесі. Мұндай машиналардың негізгі полюстерінің қоздыру орамалары тұрақты ЭҚКі бар сыртқы көзден қоректенеді (аккумулятор батареясы, тұрақты тоқ генераторы және т.б.) (4.19а – сурет). Тәуелсіз қоздыру жүйесі электр сұлбаларында «ОВ» (обмотка возбуждения) ал олардың қысқыштары Ш1 және Ш2 деп белгіленеді.
Параллель қоздыру жүйесі. Мұндай машиналардың қоздыру орамалары шунттық деп аталады, щеткі арқылы якордің орамасына параллель жалғасады (4.19в-сурет). Мұндай орамалы машиналар өздігінен қозу машиналары немесе шунттық машиналары делінеді. Параллель қоздыру орамасы жүйесі электр сұлбаларында «ШОВ» (шунтовая обмотка возбуждения), ал олардың қысқыштары Ш1 және Ш2 деп белгіленеді.
Тізбектей қоздыру жүйесі. Мұндай машиналардың қоздыру орамалары сериесті делінеді якорь орамасына тізбектей жалғанады (4.19с – сурет). Оны электр сұлбасында «СОВ» (сериесная обмотка возбуждения), ал олардың қысқыштары С1 және С2 арқылы белгіленеді.

4.19 – сурет. Тұрақты ток мәшинелерінің қоздыру жүйелерінің негізгі сұлбалары: а-тәуелсіз қоздырғыш; в- параллель қоздырғыш; с-тізбектей қоздырғыш; d-аралас қоздырғыш.

Аралас қоздыру жүйесі. Аралас қоздыру жүйелі айнымалы тоқ машинасы, компаудты делінеді, негізгі полюстерінде екі орамасы — шунтты және сериесті болады. Шунттық орама қимасы жіңішке өткізгіштен жасалады, орам саны өткізгішінің қимасы якорь орамасымен бірдей, аз орамды сериес орамасына қарағанда, айтарлықтай көп болады. Шунттық орамалар, якорь орамаларымен параллель, ал сериестік тізбектай жалғанады (4.19d-сурет). Шунттық орама арқылы қоздыру тоғы аз бөлігі өтеді, ол якордің қалыпты тоғының (1...5)%іне тең, қоздырудың сериесті орамасы арқылы якорь тоғы өтеді. Параллель және аралас қоздыру машиналары ең көп тараған олар тәуелсіз қоздырғышы барлар сияқты негізгі магнит ағынын туғызу үшін тоқ көзін керексінбейді.


Тұрақты тоқ генераторы. Өркениеттің қазіргі дамыған кезеңінде электр энергиясын өндіру үшфазалы синусойдалы ЭҚКі бар электрмеханикалық генераторлармен өндіріледі. Өндіріс жағдайына байланысты тұрақты тоқ қажеттілігі туындағанда оны айнымалы тоқты тұрақты тоққа (түзеткіш) айналдыру арқылы алады. Тұрақты тоқ генераторы алғашқы тоқ көзі ретінде, негізінде жеке қондырғыларда (электрмен пісіру кезінде синхронды машиналардың қоздырғышы ретінде және т.б.) қолданылады. Ауылшаруашылық өндірісінде ол іс жүзінде қолданылмайды. Сондықтан мұнда генератордың негізгі қасиеттері ғана қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет