№3 жалпы орта білім беретін мектеп кешені



Дата07.02.2022
өлшемі19,6 Kb.
#97392
Байланысты:
мәселе есептер Багдатова А


“№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені” КММ
Математика пәні мұғалімі Багдатова А.Б.


Мәселе есептерді шешу жолдары

Күнделікті тұрмыста мәселе есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу - әр адамның математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Мәселе есептер бастауыш сынып математикасынан бастап барлық орта мектеп математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпта оларды өз дәрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Мәселе есептер өте алуан түрлі болып келеді, кейде есептің мазмұнын түсіне бермейді, сондықтан қиындық тудыратын тақырыптардың бірі болып табылады.


Енді осы тақырыпқа байланысты есептердің шешу жолдарын қарастырайық.

  1. Ағынсыз судағы жылдамдығы 20 км/сағ-қа тең катер ағысқа 30 км және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: Өзен ағысының жылдамдығы – х км/сағ
Ағысқа қарсы жүзгенге кеткен уақыт – сағ
Өзен ағысының бойымен жүзгенге кеткен уақыт – сағ
Теңдеуі:
Жауабы: 2 км/сағ.



  1. Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: ­Өзен ағысының жылдамдығы – х км/сағ
Моторлы қайықтың өзен ағысымен жүргенге кеткен уақыты – сағ
Моторлы қайықтың өзен ағысына қарсы жүзгенге кеткен уақыты – сағ
Теңдеуі: . х1=3, х2= –108.
Жауабы: 3 км/сағ.



  1. Тынық судағы жылдамдығы 15 км/сағ болатын моторлы қайық өзен ағысының бойымен км жүзіп барып, қайта қайтып келеді. Қайық барлық жолға 20 сағ уақыт жұмсаған болса, өзен ағысының жыдамдығын табыңыз.

Шешуі: Өзен ағысының жылдамдығы – х км/сағ
Өзен ағысымен жүзгенге кеткен уақыт – сағ
Қайтар жолға кеткен уақыты – сағ
Теңдеуі: .
Жауабы: 4 км/сағ.



  1. Жинақ кассасынан ақша салушы әуелде өз ақшасының бөлігін алып, екінші рет қалған ақшасының бөлігін және 640 теңге алды. Ақшасын 2 рет алғаннан кейін жинақ кітапшасында барлық салған ақшасының бөлігі қалды. Басында салған ақшаның мөлшері қандай еді?

Шешуі: Бастапқы ақша – х тг
Теңдеуі: .
Жауабы: 2400 теңге.



  1. Екі бригада орындықтар жасады, сонда бірінші бригада 65 орындық, ал екінші бригада 66 орындық жасады. Бірінші бригада 1 күнге екіншіден 2 орындық артық, бірақ одан 1 күн кем жұмыс жасады. Екі бригада бірлесе отырып, бір күнде қанша орындық жасады?

Шешуі: І бригада бір күнде – х орындық жасады.
ІІ бригада бір күнде – у орындық жасады.
Теңдеулер жүйесін құрамыз:
у1= 11, у2= -12 – бөгде түбір.
х1= 13, х1+ у1=24.
Жауабы: 24.



  1. Қандай да бір жұмысты екі жұмысшы бірігіп 12 күнде бітіре алады. Бірлесіп 8 күн жұмыс істегеннен кейін біреуі ауырып қалды, содан екіншісі жалғыз істеп, жұмысты 5 күнде бітірді. Әрқайсысы жеке-жеке жұмыс жасағанда, бұл жұмысты неше күнде бітіретіндігін анықтаңыз.

Шешуі: Бір жұмысшы – х күнде бітіреді.
Екінші жұмысшы – у күнде бітіреді.
Теңдеулер жүйесін құрамыз:
у=15, х=60.
Жауабы: 60; 15.



  1. Теңіз суында 5% тұз бар. Массасы 80кг болатын теңіз суынан 4% тұзды су алу үшін қанша кг тұщы су қую керек?

Шешуі: ІІ ерітіндідегі тұщы судың массасы – х кг
І ерітіндідегі тұздың массасы – у кг
Пропорция құрамыз:
1) 80 кг - 100%
у кг - 5%

у=4 кг

2) 80+х кг - 100%


4 кг - 4%
(80+х)·4=4·100
х=20 кг
Жауабы: 20 кг.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет