Дәріс №2 Тақырыбы: алгоритмдер және шамалар мазмұны: Есептерді компьютерде шешу



бет1/4
Дата30.09.2023
өлшемі113,1 Kb.
#183129
  1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 2


Дәріс № 2
Тақырыбы: АЛГОРИТМДЕР ЖӘНЕ ШАМАЛАР
Мазмұны:
Есептерді компьютерде шешу кезеңдері. Компьютерде кез- келген есепті шешу бойынша жұмыс алты қадамды қамтиды:

  1. Есептің қойылымы.

  2. Есепті формальдау.

  3. Алгоритм құру.

  4. Программалау тілінде программа құрастыру.

  5. Программаны түзету және тексеру.

  6. Есептеулерді жүргізу және алынған нәтижелерді талдау.

Бұл реттілік ЭЕМ-де есептерді шешудің технологиялық тізбегі деп аталады
Есептерді қойылымы кезеңінде тапсырмада не берілген, нені табу керек екендігін нақты анықтау керек. Есепті шешуге қажетті бастапқы деректердің толық жиынтығын сипаттау өте маңызды.
Формальдау кезеңінде есептер әдетте математикалық
формулалар, теңдеулер мен қатынастар тіліне аударылады. Есептің шешімі қандай да бір нақты объектінің, құбылыстың немесе процестің математикалық сипаттамасын қажет етсе, онда оны формалдау тиісті математикалық модельді алумен тең нәтижеге ие болады.
Үшінші кезең - бұл алгоритм құру. Тәжірибелі программалаушылар әдетте алгоритмдерді сипаттайтын арнайы құралдарға (блок-сызба, псевдокод) жүгінбей белгілі бір тілде бірден программа жазады, бірақ оқу мақсатында алынған алгоритмді программалау тіліне аудармас бұрын, алдымен бұл құралдарды пайдаланған абзал.
Алғашқы үш кезең компьютерсіз жұмыс істейді. Келесі екі кезең
— белгілі бір программалау жүйесіндегі нақты тілде программалау болып табылады. Соңғы — алтыншы кезеңде әзірленген программа практикалық мақсаттарда қолданылады.
Осылайша, программалаушы алгоритмдерді құруды, программалау тілдерін білуді, сәйкес программалау жүйесінде жұмыс істей алуы тиіс.
Программалаушының негізгі кәсіби сауаттылығы ол - дамыған алгоритмдік ойлау қабілеті болып табылады.
Алгоритм ұғымы. Информатикадағы негізгі ұғымдардың бірі - алгоритм түсінігі болып табылады. Математикаға тәуелді
«алгоритм» термині лат. Algorithmi, ортағасырдағы әйгілі шығыс математигі Мұхамед аль-Хорезмидің (787 - 850) есімін жазумен байланысты пайда болған. XII ғ. оның математикалық трактатының латын тіліндегі аудармасы жүзеге асырылды, соның нәтижесінде еуропалықтар ондық позициялық санау жүйесі және көпмәнді сандардың арифметикалық ережелері туралы біле бастады. Осы ережелерді сол кезде алгоритмдер деп аталды. Көпмәнді сандарды қосу, азайту, «баған» арқылы көбейту, «бұрыштап» бөлу, бұлар - математикадағы алғашқы алгоритмдер. Математикалық алгоритмдерге алгебралық түрендірулер мен теңдеулердің түбірін есептеу ережелерін жатқызуға болады.
Қазіргі уақытта алгоритм ұғымы кеңінен қарастырылады. Алгоритм — белгілі бір орындаушы басқаратын командалар тізбегі. Алгоритм ұғымы және алгоритмдерді құрастыру әдісімен оқушылар мектеп курсында келесідей орындаушылар мысалдары арқылы танысады: Робот, Тасбақа, Сызғыш және т.б. Бұл орындаушылар ешқандай есептеулер жүргізбейді. Олар экранда сызбалар жасап, лабиринттермен қозғалады, нысандарды бір орыннан екінші орынға тасымалдап апарады. Мұндай орындаушылар әдетте ортада
жұмыс істейтін орындаушылар деп аталады.
Информатиканың «Программалау» бөлімінде ЭЕМ жұмысын программалық басқару әдістері оқытылады, яғни орындаушы рөлін компьютер атқарады. Компьютер шамалармен жұмыс істейді — әр түрлі ақпараттық объектілермен: сандармен, символдармен, кодтармен және т.б., сондықтан компьютерді басқаруға арналған алгоритмдер шамалармен жұмыс жасайтын алгоритмдер деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет