3-күн тапсырмасы. А берілген тест тапсырмасын орындаңыз


Бұл әдістің ерекшелігі неде?



бет5/6
Дата19.04.2024
өлшемі18,5 Kb.
#201025
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-күн 3-тапсырма

Бұл әдістің ерекшелігі неде?


Грамматиканы белгілі бір контекст, коммуникативтік жағдаят негізінде оқытылады.


Грамматикалық ережені білуден гөрі орынды және дұрыс қолдануына мән беріледі.
Мәтіндердің стилі мен жанрына байланысты, коммуникативтік жағдаятқа байланысты оқушы грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай алуы тиіс.
Ауызша және жазбаша мәтін құрауда грамматикалық бірліктер мен құрылымдарды түрлендіріп қолдана білуі қажет.
Грамматикалық бірлікті түсіндіру не қайталату барысында арнайы коммуникативтік жағдаят ұсынған дұрыс. Ол мәтін не сергіту тапсырмасы түрінде болуы мүмкін. Әдетте грамматикалық бірліктердің жұмсалуын, білдіріп тұрған мағынасын сұрақтар арқылы оқушылардың өздерін (guided discovery) анықтатуға болады.


Презентация-практика-продукт тәсілі


Грамматикалық бірлікті түсіндіру не қайталату барысында арнайы коммуникативтік жағдаят ұсынған дұрыс. Ол мәтін не сергіту тапсырмасы түрінде болуы мүмкін. Әдетте грамматикалық бірліктердің жұмсалуын, білдіріп тұрған мағынасын сұрақтар арқылы оқушылардың өздерін (guided discovery) анықтатуға болады. Яғни грамматиканы коммуникативтік мәнмәтінде оқыту үш қағидатқа сүйенеді:


Мағына-Форма-Жұмсалуы.


Оқушы мәтін, мәнмәтін арқылы мағынасымен танысады, кейін ережелер арқылы формасы, құрылымымен танысады және тапсырмалар арқылы оны орынды жұмсай білуге үйренеді.
Ал грамматикалық ұғымды бекітуге және қайталатуға арналған практикалық тапсырмалар түрлері әдетте қысқа әрі тез орындауға мүмкіндік беретіндей болып келеді. Олар: сөйлемдегі бос орынға қажетті сөзді қою, жалғауларды дұрыс жалғау, орны ауысқан сөздерден сөйлем құрау, жабық тест, т.б.
Грамматкалық қателерді бағалау барысында тек сабақ үйретілген ұғымдарға ғана баса назар аудару керек, Себебі бір сабақта барлық қатені жөндеу, үйрету мүмкін емес. Бұған біртіндеп келген дұрыс. Яғни бір сабақта бір ғана ереже және оған арналған бірнеше практикалық тапсырмалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет