3. Махамбет Өтемісұлы әдеби мұрасының ғылыми зерттелуіне талдау жасаңыз


Сал-серілер туындыларының ұлттық тағылымы, көркемдік тіл кестесі мен лиризм. Мысал келтіріңіз



бет6/9
Дата26.12.2023
өлшемі75,29 Kb.
#199478
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мама (2)
Баяндама 1, Баяндама 1, Микро және макроэкономика, тест-1, Синий Зеленый и Желтый Коллаж Тест по Музыке Презентация
52. Сал-серілер туындыларының ұлттық тағылымы, көркемдік тіл кестесі мен лиризм. Мысал келтіріңіз.
Сал-серілік екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оған үлкен өнер, қазына, мол байлық керек. Олардың жүрген жері той, думан, қызық, мереке болғандықтан, ел-жұрт өздерінің серкесі, еркесі, мақтанышын шапан жауып көтермелеген. Сал-серілерді Әз- Жәнібек, Абылай хандардың өзі жоғары бағалаған, құрмет көрсеткен.
Салдар сайқымазақ, қу-әзілкештер секілді елді күлдіріп, думандатып жүрген. Салдар сияқты серілер де қымбат матадан киім киіп, арғымақ ат мініп, бүркіт баптап, құс салып, қасындағы жігіт-желеңімен ел аралаған. Бірақ салдарға тән ерсі мінез, аттан құлау, елден ерекше күлкілі киімдер кию тәрізді іс-әрекеттер жасамаған. Серілер таза, етек-жеңі жинақы киінген, кербез, паң мінездерімен оқшауланып, жомарттық, алғырлық, білімдарлық қасиеттерімен ерекшеленген, өнер жолына беріліп, сауық құрып, аңшылық-саятшылықпен айналысқан. Серілер репертуары салдардікінен едәуір аз болған, олар лирикалық әндер, мақтау өлеңдер шығарып, айтыстарға түскен. Серілерді сал типінің негізінде өткен ғасырда қалыптасқан өнер иелерінің жаңа түрі деуге болады. Сал-серілер топтаса жүріп, ауыл-ауылды аралаған, ақын, әнші, балуан, т.б. өнерпаз серіктері қатар жүрген. Серілердің бірдей ат мінуі, біртектес киім киюі, салдардың елден ерек, алабажақ киімі, басындағы үкісі де көшпелі дала әртістеріндей әсер қалдырған. Сал-серілердің іс-қимылы халықтық драма өнеріндегі ойын-сауықтың бір түрі қызметін атқарды. Сал-серілер ақын, композитор, әнші болумен қатар әртістік, бишілік, сиқыршылық, т.б. қасиеттерді бойына жинақтаған өнерпаздар еді. Мысалы: А.Жұбановтың, Ә.Тәжібаевтың естеліктерінде Шашубай Қошқарбайұлы туралы “ат үстінде тұрып баянмен ән салғанда бет-аузын адам танымастай өзгертіп, бас терісін жүгіртіп ойнатқанда қалпағы төбесінде мөңкитін, таяғын сиқыршыдай ойнататын” дейді. Аяғына үлкен сырық байлап өнер көрсеткені үшін “ағашаяқ” деген атқа ие болған Берікбол 6-7 түйені қатар қойып, бір жағынан екінші жағына секіріп түсетін болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет