3. Махамбет Өтемісұлы әдеби мұрасының ғылыми зерттелуіне талдау жасаңыз


ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту ісінің дамуы мен ерекшелігіндегі идеяларды жинақтап, саралаңыз



бет9/9
Дата26.12.2023
өлшемі75,29 Kb.
#199478
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мама (2)
Баяндама 1, Баяндама 1, Микро және макроэкономика, тест-1, Синий Зеленый и Желтый Коллаж Тест по Музыке Презентация
86. ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту ісінің дамуы мен ерекшелігіндегі идеяларды жинақтап, саралаңыз.
ХІХ ғасырдың ортасында патша үкіметінің Қазақстандағы оқу ағарту ісі екі бағытта дамыды: діни және азаматтық. Діни бағыттағы білім беру мектеп, медреселерде жүргізілді. Мұcылман оқу орындарында араб алфавитінің негізінде молла, мектептерге мұғалім дайындайтын оқу орны болды. Діни бағыттағы мектептер мен медреселер – қазақ халықтың өмірінде басты орын алады. Мұндай мектеп-медреселер Қазақстанға Орта Азия, әсіресе, Бұхарадан тараған болатын.

Мектептер – бастауыш білім ошағы. Мектептерде 8-ден 17 жасқа дейінгі балалар оқыды. Оларды араб, татар және құранның сүрелерін жатқа айтуға, түрік тілдегі поэтикалық шығармаларды оқуға үйретті. Оқу мерзімі оқушылардың білім деңгейіне байланысты еді. Мектептерде 1 кейде 2 оқытушы білім берген.


Медреселер – орта білім беретін мектептер. Медреселерде мектепте білім алған және білімдері әрі қарай тереңдетуге тілек білдірген адамдар оқыған. Медреселер үлкен уездік қалаларда және мешіт жанында орналасты.


ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресей империясының отаршылдық торабына енгеннен соң орыс әкімшілігі мұсылмандық ағартушылыққа қарсы күрес жүргізді. Мектеп медреселердің жұмысына шек қойып, енеді орыс оқу орындарын аша бастады.


Осы мақсатта 1850 жылы отаршыл әкімшіліктің төменгі органдарына тілмаштар мен хатшылар даярлайтын Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан қазақ балаларын оқытуға арналған жеті жылдық арнаулы мектеп ашылды. Алғашқыда бұл оқу орнында негізінен діни пәндер оқытылса, 1859 жылдан бастап орыс тарихы, жалпы және орыс географиясы, математика, геометрия сабақтары оқытыла бастады.


Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.


Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды.

Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.


Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет