3. Мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру түрлері


Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету



бет5/7
Дата18.12.2022
өлшемі57,04 Kb.
#163123
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дене
1 жақ 1 кл, 2сын КТП п
Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. Керек құрал-жабдықтарды дайындау, жаттығуларды үйрету жолдарын техникалық құралдармен жабдықтау, сабақты спорттық снарядтармен толық қамтамасыз ету т.б.

Көмекшілерді даярлау. Төрешілермен, команда капитандарымен, спорт мамандарымен тұрақты жұмыс істеу. Кезекшілерді даярлау. Мұғалімнің әрбір көмекшісі өзінің міндетін жақсы білуі және дәл уақытында орындауы керек. Ұстаз әрбір сабақ алдында оларға нұсқау береді, жаттығуды дұрыс орындауды тапсырады, сақтану әдістемесін үйретеді.

Сабақтан босатылған оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру шаралары. Ол оқушылар мұғалімнің теориялық мәліметтерді баяндауын, әр жаттығудың ағзаға қалай әсер ететіндігін, ойын ережелері, дене қасиеттерін дамыту әдістемесі туралы түсіндірген сөздерін тыңдаулары керек. Мұғалімнің ойын барысын талдауын ұғынулары, сабақ барысындағы жаттығу техникасын көруі, балалардың жаттығу орындауларын бақылаулары керек. Олар бос отырмай мұғалімнің сұрақтарына жауап беруі, сабақ өткізетін орынды дайындауға көмектесуі, қазылық жасауға қатысулары қажет. Бұл шаралар сабақтан босатылған оқушылардың оқу бағдарламасы мен өтіліп жатқан сабақтардың материалдарын толық біліп отыруларына көмектеседі, оқушылардың бос жүріп, тәртіп бұзуларына жол бермейді.


15.Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау.
Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мүмкіншілік болғанынша көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық жағдайында көп қалдырмау. Дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтың жалпы және қозғалтатын тығыздығы болады. Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз.
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б.
Педагогикалық тұрғыдан ақталмаған уақытқа жататындар: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спорт залдан себепсіз шығуы және т.б. Бұл кемшіліктер ұйымдастыру түрінің нашарлығына жатады. Толық дұрыс өткізілген дене тәрбиесі сабағының жалпы тығыздығы 100% болуы керек, сондықтан да уақытты тиімді пайдаланған дұрыс.
Сабақтың жалпы ұзақтығы кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын орындауға кеткен уақытты қозғалтатын тығыздық дейміз. Қозғалтатын тығыздық – сабақтың негізгі бір өнімділігін, сапасын көрсететін көрсеткіш. Біз оның жоғары болуына ұмтыламыз. Қозғалтатын тығыздық жаттығу сабақтарында – 70-80%, оқу сабақтарында – 60-70% болуы керек. Сабақтың қозғалтатын тығыздығын көбейту үшін мұғалімдер түсіндіру мен көрсетуді біріктіреді, жаттығуларды толассыз орындау әдісін, айналмалы жаттығу әдісін қолданады, сыныпты топтарға бөледі, барлық оқушы бірден жаттығуға мүмкіншілігі бар жабдықтарды пайдаланады, сабақта сынып белсенділерін көмекке тартады. Сабақтың тығыздығын анықтау хаттамасы сынып оқушыларының ішіндегі белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін оқушының қимыл- әрекеттерін тіркеу арқылы жүргізіледі. Сабақ тығыздығын анықтауға қатысар алдында біз қағазға толық дұрыстап жазып, сызып хаттаманы дайындап алуымыз керек. Хаттама жүргізген кезде хаттама жүргізуші жазып, келесі бақылаушы адам секундомерді қоса отырып, бақылаудағы оқушының орындаған барлық іс-әрекеттерін айтып, жазып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет