3. Пререквизиттері және постреквизиттері Пререквизиттері



бет2/11
Дата20.03.2023
өлшемі86,76 Kb.
#172884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қаржылық есеп 1 силлабус
15a2d939-3824-4627-93ed-5a678f50bf36 (2), ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, Кунделик Апилова, 2 лекц, бух есеп, 4 Дәріс кешені, УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ КАДАСТРОВАЯ ОЦЕНКА И ЗОНИРОВАНИЕ ЗЕМЕЛЬ (1), лекция 1, Силабус, ИС 342 силабус, Спутниктік байланыс және навигация жүйелері, Практикум по гидравлике, Шаршеналиев диплом, Дип.-Арысқұм-мұнай-кенінің-бұрғылау-қондырғысының-жаңартылған-қосалқы-элементтерін-электр-энерги
4. Қысқаша сипаттама:
Пәннің сипаттамасы: «Қаржылық есеп1» пәні бухгалтерлік есеп бойынша маманданатын студенттер үшін дайындалған. Бұл курста кәсіби ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін іргелі тақырыптар оқытылады.
Пәнді оқытудың мақсаты: Кәсіпорындардың ақша қаражаттарынан бастап қаржылық есептілікті құрастырғанға дейінгі барлық объектілердің есебін толық қамтиды. Кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және басқару шешімдерін қабылдап, талдай алатын, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыра алатын және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті құрастырып, ұсына алатын бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Пәнді оқытудың міндеттері: Қаржылық есеп 1 пәні бойынша қарастырылатын тақырыптарды теориялық және тәжірибелік жақтарын қабыстыра отырып меңгеру; Тақырыптардың басқа пәндермен байланысын анықтау; Құжаттарды толтыруды үйрену. Пәннің құзырлылығы: «Қаржылық есеп 1» курсын толық аяқтаған және меңгерген студент ұйымдардың бухгалтерлік есебін жүргізу деңгейіне жетеді, атап айтатын болсақ: бастапқы құжаттарды толтыру, операцияларды өңдеу және жинақтау, қаржылық есептілік нысандарын құрастыру.
5. Баға қою саясаты
Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы( бұдан әрі – СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескерілі отырып есептеледі.
Дисконт:
1. Себепсіз бір сабақ жіберу – (-10 балл)
2. Бір тапсырманы орындамау – (-10 балл)
3. Тапсырманы уақытылы орындамау – (-10 балл)
4. Сабақ үстіндегі мәдениетсіздігі үшін үш ескерту – (-10 балл)
Бонус:
1.Сабаққа белсенді қатысу- 10 балл
2.Сабақты ерекше тауып айтуы- 10 балл
3.Жұмысты мезгілінен бұрын тапсыру – 10 балл




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет