3 Сақау ұша мен ішкі ағзаларға ветсансараптау және бағалау 4Дауалау шаралары



бет5/6
Дата12.12.2023
өлшемі24,6 Kb.
#196416
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сақау

Ажырагын балау. Сақаудың маңқадан (танау маңқасынан), кеңсірік жа- рақатынан ажырату қажет. Маңқаға шалдыққан жылқыда ірің бір-ақ мү- рыннан ағады жэне сөл түйіні қабынғанымен іріңдемейді. Маңқа көбінде созылмалы өтіп, дене қызуы тым артпайды. Егер күмәнді жағдай болса, көзге маллеин тамызып тексереді.
Емі. Індет ошағында ауырған малды бірден бөліп, жылы құрғақ қораға қояды немесе желсіз ықта ұстайды. Күтімін жақсартып, қүнарлы жұмсақ жемшөп береді. Жұтынғанда ауырсынатын болса, быламық қойыртііақ жасап, суды жылытып береді. Ауырған құлынның енесін саумай, түгелдей емізеді.
Емдеуді жалпы ем жасаудан бастап, симптоматикалық ем қолданды. Та- нау ішін күнде кали пермангантымен (1:1000), фурацилинмен (1:5000), рива- нолмен (1:1000), 0,5-1% лизолмен немесе 2% натрий гидрокарбанатымен жу- ып тазалайды. Бұл ерітінділер қабынуға қарсы антисептикалық жақсы эсер етеді. Егер сөл түйініндёгі абсцесса жұмсарып, жарьшғалы тұрса, оны жарып, іріңін ағызу қажет, ал қатты болса, оны тез жетілу үшін жылы булау қолда- нады. Жарылған абсцессаларды жоғарыда аталған антисептикалық ерітінділе- рмен жуып, АСД-ның 2-фракциясын жаққан жөн, болмаса Вишневский майын қолданады. Сақаудың жеңіл түрінде мал осы емдеуден-ақ жазылып кетеді.
Жалпы ем ретінде бұлшық етке 1 кг массасына 2 мың ӘБ пенциллин (0,5% новакаин ёрітіндісінде) немесе бициллин-3 қолданады. Дозасы Ікг массаға 12 мың ӘБ, күніне бір рет 3-4 тәулік бойы қатарына жіберіледі. Стрептококтың сезімтаидығына қарай басқа 'да антибиотиктер қолданады. Бүдан басқа көк тамырға күніне 150-200 мл, 4-5 тэулік бойына қатарынан.30% глюкозаның судағы ерітіндісіне араластырылған 33% этил спиртін 1% нор- сульфазол қосып жібереді.
Телімді ем ретінде сақауға қарсы антивирус қолданылады. Ол 18-20 тэулік бойында ЕПС өсірілген қоздырушы лизаты. Лизатты қоздырушының жергілікті штамынан лабароторияда даярлайды. Жасагсған дэріні 50-100 мл дозада мойынға, бірнеше жерден тері астына жібереді. Ауырған мал жазыл- маса 2-4 тәуліктен кейін лизатты қайталап қолданады. Егер жүтқыншақ сөл түйіні шамадан тыс Ісініп, түншығу қаупі туса, онда кеңірдекті тесіп, трахео- томия жасайды.
Сақау асқынған жағдайда (күпті ауру) тері астында 20 мл 20% кофеин ерітіндісін жібереді, көк тамырға 10%-ды ІООмл хлорлы кальций ерітіндісін жібереді жэне 40%-ды 100 мл уротропин пайдаланады. Ішетін суынын 10 литрін қышқылдатып 10 мл түз қышқылын косуға болады.
Иммунитет. Сақаумен ауырып жазылған жылқыларда қуатты, ұзаққа созылатын өмірлік иммунитет қалыптасады. Егер шаруашылыққа алыстан жылқы экелінбесе, малдың күйі жоғары, күтімі жақсы болса 5 жастан асқан жылқылар сақаумен қайталап ауырмайды. Табиғи жағдайда қоздырушысы мал денесінде сақталып, жылма жыл иммунитет дэрежесін көтеріп отырады. Шаруашылыққа антигендік қасиеті өзгеше қоздырушысының басқадай ва рианты малмен әкелінсе, жылқының күйі төмен болған жағдайда сақау қай- тадан тарап, ұзаққа созылады жэне де жануарлар жасына қарамай түгел ауы- рады. Сақауға қарсы қолдан егіп, иммунитет тудырар арнайы препарат әзірше жоқ. Дегенмен, қоздырушының иммунитеттік қасиеттері оны жасауға эбден болатынын көрсетеді жэне жүргізіліп, жатқан зерттеулер бірщама үміт күт- тірер нәтижелер беріп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет