3 Сақау ұша мен ішкі ағзаларға ветсансараптау және бағалау 4Дауалау шаралары



бет6/6
Дата12.12.2023
өлшемі24,6 Kb.
#196416
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сақау

Дауалау және күресу жолдары. Сақаудан сақтандыру үшін малдың күтімін төмендетпей, құнарлы жемшөппен қамтамасыз етіп, әсіресе қүлын- дардың күтімін бие байлау, құлын бөлу кезінде, сол уақыттағы аса ыстықган немесе суықган қорғап, сақтандыру қажет.
Аурудың малмен келмеуі үшін сырттан келетін жылқыны сақау жоқ жерлерден алу қажет. Ал әкелінген жылқыларды дауалау карантинінде 30 күн ұстайды. Жалпы жылқыны айына бір мэрте клиникалық байқаудан өткізіп тұру керек, ал қораларды тазалап, жазғытұрым жэне күзде дауалау дезинфек- циясын жасайды.
Сақау шыға қалған жағдайда жылқы фермасын сау емес деп жариялагі, мал алыпберуге, жемшөп тасуға шектеу қояды. Әрбір зкылқыны клиникалық тексеріп, дене қызуын өлшеп шығады. Ауру жылқыларды бөліп, жеке ұс- тайды, қалғанын күя сайыы тексеріп отырады, күтімін жақсартып, бір-бірімен араластырмайды. Қораны, оның айналасын тазалап, көңді биотермиялық за- рарсыздандырудан өткізеді. Ауру малдар түрған қораларды жүмасына бір рет дезинфекциялап түрады.
Жазылған малдарды жұмысқа біртіндеп жегеді, ал сау малдарды байқап пайдаланады. Щаруашылықты індеттен сау деп ең соңғы ауру жылқы жазыл- ған соң 15 күннен кейін хабарлайды. Ал шектеуді қорытынды ветеринария- лық-санитариялық шараларды іске асырған соң барып алады.
Қорытынды Қорыта келгенде, сақаумен көбіне құлын мен тай, құнан және дөнен жылқылар ауырады. Сондай-ақ сақауға есек, қашыр да шалдығады. Сақау әдетте ауру жылқы арқылы тарайды. Сақау ауру малдан сау малға ауа арқылы және инфекцияланған азық, су және құрал-саймандар арқылы жұғады. Жасырын кезең 4 күннен 8 күнге дейін созылады. Ауру малдың температурасы көтеріледі, танауынан көп болып ірің ағады. Алқым бездері бастапқыда ұлғаяды, қатаяды, ыстық болады және мал одан ауырсынады, кейін жұмсарып іркілдейді. Пісіп жетілген бітеу жараларды жарып жіберсе, олардан сарғыш жасыл түсті қою ірің ағады. Бітеу жаралар жиырылғаннан кейін малдың температурасы төмендеп, жалпы күйі жақсарады. Ауру асқынса, шықшыт бездері және осы маңайдағы бір жердің басқа бездері қабынады, көп жағдайда ауысып келген микробтар шөгеді де, өкпе қабынады (метастаз). Қайсыбір кезде іріңдеп қабыну процесі сөл тамырларын бойлай тарайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет