3 тақырып. Ғылымның қызметтері



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі53,76 Kb.
#83669
  1   2   3
Байланысты:
2 а лекция, фил


3 тақырып. Ғылымның қызметтері.

1. Ғылымның қызметтерін классификациялау мәселесі.


2. Ғылым және қазіргі заманның жаһандық мәселелері
3. Білім беру үрдісінің негізгі құрамдас бөліктерін қалыптастырудағы ғылымның рөлі

Ғылымның қоғамдағы қызметтерін анықтап, оны жүйелеу сонау көне дүние философиясынан бастау алған. Өзіне дейінгі білімдерді жинақтап, бір ортаға біріктіріп, олар туралы пікір қорытқан ғалымдардың бірі Аристотель болған.


Аристотельдің ғылыми классификациясын мына кестеден көруге болады.

Іс-әрекет түрлері

Ғылымдар

Зерттеу обьектісі

Әлем құрылымы







Философтар

Теориялық ғылымдар

Алғашқы философия
Физика

Математика



Алғашқы бастаулар
Табиғи заттар бастауы
Сандар

Құдай бірінші қозғаушы табиғат
Табиғи заттар

Саясаткерлер

Практикалық ғылымдар

Саясаттану
Этика
Экономика

Мемлекет бастаулары

Мемлекет полис

Шығармашылдар

Шығармашылық ғылымдар

Емдеу
Тоқу, тігу

Жасанды заттар бастауы

Жасанды заттар

Ф.Бэкон (1561-1626)



Адамның қасиеттері

Ес, жад

Ақыл-ой

Қиял

Тарих

Философия
1. табиғи теология
2. табиғи философия
3. адам туралы ілім

Поэзия

Р.Декарт барлық ғылымды ағаш түрінде елестетті1. Оның тамыры – мета-физика, сабағы – физика, сабақтан таралған бұтақтар: медицина, механика және этика.


Гегель ғылымның негізіне даму принципін алып, өзінің философиялық жүйесін үлкен үш топқа бөлді: 1) логика, Гегельдің жүйесінде диалектикаға таным теориясы да, болмыс, мән, тән туралы ілімде кіреді. 2) табиғат философия. 3) рух философиясы.
Табиғат философиясы механикаға, физикаға, органикалық физикаға бөлінді.
Рух философиясы субьективті рух, обьективті рух, абсолютті рух деп талданды. Субьективті рухтың мәні антропологияда, феноменологияда және психологияда ашылады. Абсолютті рух философияны талдаумен аяқталады.
О.Конт классификацяисында табиғат және адамның өзіндік ерекшеліктері қарастырылып, математика, астрономия, физика, химия, биология және социология ғылымдарына ерекше назар аударылды.
Конт классификациясының бастапқы ерекшелігі – оның құрамында бұрын болмаған социология ғылымының орын алуында. Ол осы ғылымның негізін қалаушы болды, қазіргі уақытта социология жан-жақты даму үстінде.
Ф.Энгельс ғылымдарды классификациялауда материя қозғалысының түрлерін есепке алды. Механика, физика, химия, биология әлеуметтік ғылымдар деп жіктеп, оларды материя құрылымының табиғатына қарап орналастырды.
Жаңа кантшылдықтың өкілдері В.Виндельбанд және Г.Риккерт ғылымдарды екі үлкен топқа бөлді: тарихи және жаратылыстану ғылымдары. Біріншісі идеографиялық, өйткені ол қайталанбайтын жеке оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді баяндайды. Екіншісі – номотетикалық, олар қайталанатын, тұрақты құбылыстар мен оқиғаларды зерттейді. Бұған физика, биология сияқты ғылымдар жатады, олар заңдар мен ұғымдар ұсына алады. Тарихи ғылымдар – оқиға туралы ғылымдар, ал жаратылыстану ғылымдары – заң туралы ғылымдар болып табылады.
Қазіргі уақытта ғылымды жіктеудің әртүрлі негіздері бар. Зерттеу нысанының табиғатына байланысты жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар деп бөлуге болады. Ойлау және таным мәселелерімен логика, гносеология, диалектика, эпистемология айналысады. Техникалық ғылымдар жеке бір топты құрайды. Математикалық ғылымдар да жеке қарастырылады. Қазіргі математика –көп салалы, жан-жақты дамыған ғылым. Сонымен қатар, ғылымдар қолданбалы және іргелі болып екіге бөлінеді.
ХХ ғасырдың 60-жылдары Б.М.Кедров (1903-1985) ғылымдардың авторлық концепциясын ұсынды. Ол ғылыми білімнің үш маңызды саласының ерекшелігіне назар аударды.
Б.М.Кедровтың ғылымдар классификациясы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет