3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата04.02.2022
өлшемі73,5 Kb.
#130650
Байланысты:
бжб тжбға 3 тоқсан
7ef833dd-d5b8-11e7-8fe7-dd79c8802846Презентация бизнес


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Санды теңдіктер және олардың қасиеттері




Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес
теңдеулер Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.
Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару.



Оқу мақсаты

6.2.2.2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес
теңдеулердің анықтамаларын білу
6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
6.2.2.4 |x ± a|=b түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар
6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Білім алушы




Орындау уақыты

25 минут



Тапсырма (ІІ нұсқа)



  1. n-тің қандай мәнінде теңдеулер мәндес теңдеулер болады?

5x+63=8 және -3x-n=5
[3]

  1. Теңдеудің түбірін табыңыз:

26,9+5(x-2) = 4,2(x+2,5)
[4]

  1. Теңдеуді шешіңіз:

А) |х+5|= -3;
В) 0,6|2x-7|=2,4
[4]

  1. Теңдеу құру арқылы шығарыңыз:

Аслан мен інісі Дархан мектепке бір уақытта үйлерінен шықты. Аслан 70 м/мин жылдамдықпен жүрсе, Дархан одан 20 м/мин кем жылдамдықпен жүріп, мектепке 4 минут кеш келді. Дархан мектепке неше минутта келді?
[4]






Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәндес теңдеулердің анықтамасын қолданады



1

Бірінші теңдеуді шешеді

1

Екінші теңдеуге х-тің мәнін қояды

1

n-нің мәнін табады

1

Сызықтық теңдеуді шешеді



2

Жақшаларды ашуды орындайды

1

Ұқсас мүшелерді біріктіреді

1

Есептеулерді орындайды

1

Теңдеудің түбірін табады

1

Модуль таңбасы бар теңдеулерді шешеді



3

Бірінші теңдеудің түбірі жоқ екенін тұжырымдайды

1

Сызықтық теңдеуге көшеді

1

Бірінші түбірді табады




Екінші түбірді табады

1

Сызықтық теңдеу құру арқылы мәтінді есепті шешеді



4

Дарханның жылдамдығын табады

1

Есептің шарты бойынша теңдеу құрады

1

Теңдеуді шешеді

1

Жауабын жазады

1

Барлығы:

15







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет