31–32. Жасанды интеллектіні олдану саласы



бет5/9
Дата18.05.2022
өлшемі498,5 Kb.
#143734
түріУчебники
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция9
Білім беруде. Жасанды интеллектіні білім беруде қолдану- дың дамыған бағыты – бейімдеп оқытуда қолдану. Мұнда ЖИ әрбір білім алушының үлгерімін бақылап отырады, курс бөлім- дерін білім алушының қабілетін ескере отырып, құрастырады немесе оқытушыға қай материалдың меңгеріліп, қай материал меңгерілмей қалғандығы жайында ақпарат беріп отырады.
Қашықтан оқыту жоғары технологиялы білім беру болып табылады. Бұл жерде емтихан да қашықтан тапсырылады. Енді білім алушының ешқандай жерден көшірмей, емтихан- ды өз білімімен тапсырып шыққандығына сенімді болу үшін көмекке прокторинг деп аталатын жүйе келеді. Бұл жүйе бі- лім алушылар бақылау тапсырмаларын орындау мен емтихан тапсыру кезінде қолданылады. Прокторинг жүйесі бірнеше әрекетті бір уақытта бақылап отыра алады: «артық» адамдар кадрда жоқ па, кабинетте «артық» дауыс жоқ па, білім алу- шы қаншалықты жиі монитордан көзін алып қашып жатыр, браузерде қосымша парақшалар ашып жатыр ма, барлығын бақылауда ұстайды. Бұл әрекеттің барлығы тәртіп бұзу бо- лып саналады. Ерекше жағдайларда жүйе проктор-адамға белгілі бір білім алушыға назар аударуы керектігі жайында белгі береді. Тек сол жағдайда ғана веб-камера күдікті білім алушыны түсіреді.
Жасанды интеллектіні білім беру саласында қолдану мұ- нымен шектелмейді. Мысалы, болашақта білім алушылардың шығармашылық тапсырмаларын – эссе, шығармаларын авто- матты түрде тексеретін программалар ойлап шығарылады. Жа- санды интеллектіні білім беру саласында қолдану идеялары өте ауқымды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет