31–32. Жасанды интеллектіні олдану саласы



бет8/9
Дата18.05.2022
өлшемі498,5 Kb.
#143734
түріУчебники
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция9

ЖИ артықшылықтары:


  1. Көп ақпаратты аз уақыт ішінде есте сақтау және өңдей білу қабілеті. Адамның есінде ауқымды ақпарат сақталуы үшін күніне 3–4 рет қайталап, уақыт өткен сайын жадысын жаң- ғыртып отыру керек болады. Ал жасанды интеллект бір жаттағанын ешқашан ұмытпайды.

  2. Сандық ақпаратты жылдам өңдеу қабілеті. Адам екі орынды санды қосып болғанға дейін жасанды интеллект экономи- калық жағдайды талдап, қай валютаны сатып алу тиімді екендігін есептеп үлгереді.

ЖИ кемшіліктері:


  1. Жасанды интеллект сапалы ақпаратты әлі өңдей алмайды. Кез келген сапалы ақпарат математикалық модель күйінде беріле алатындықтан, бұл кемшілік белгілі бір уақыт ішінде шешімін табады.

  2. Жасанды интеллект істен шығып қалып жатады. Ол жоғары дәрежеде жетілдірілгенге дейін оған әрқашан «қа- рап жүретін» адам қажет.



Нақты өміріміздегі жасанды интеллект


Жасанды интеллект тек дамып келеді, оның барлық көріністері адамға қолжетімді емес. Күнделікті өмірімізде қол- данылып жүрген жасанды интеллект мысалдарын келтіретін болсақ, олар:

  1. Дамыту, жетілдіру, сауықтыру мақсатындағы түрлі мобильді қосымшалар.

  2. FaceID қызметі. Бұл – смартфонды адамның түр-әлпетімен блоктан шығаруға мүмкіндік беретін қызмет. Арнайы алго- ритм адамды сканерлеп, әмбебап түр-әлпетін құру арқылы оны идентификациялауға мүмкіндік береді.




  1. Смартфондардағы виртуалды көмекші. Барлық қызмет түр- лері жасанды интеллект арқылы жүзеге асады, дыбысты танудан бастап, дұрыс нәтиже беруге дейінгі қызметтер. Мұндай мүмкіндіктер күн санап артып келеді.

Жасанды интеллектінің ең басты артықшылығы – адамның өз ақыл-ойын арттыруға қабілетті болуы.




    1. Жасанды интеллектінің тиімділігі неде?

    2. Адам жасушасы неден тұрады?

    3. Дендрит қалай құрылады?

    4. Аксондар қандай қызмет атқарады?

    5. Жасанды интеллект қандай салаларда қолданылады?

    6. Білім беру саласында жасанды интеллектіні қолдану қалай жүзеге асырылуда?

    7. Жасанды интеллект ойын индустриясында қандай қызметтер атқарады?

    8. Жасанды интеллектінің даму бағыттары қандай?

    9. Біздің елімізде жасанды интеллект қолданыла ма?





  1. Жасанды интеллектінің даму бағытының жоғары болуы қаншалықты маңызды?

  2. Не себепті жасанды интеллектінің адам миынан айырмашылығы бар?

  3. Жасанды интеллект адамзат өмірін жеңілдеткенімен, екінші жағынан тиімсіз болып есептеледі. Неліктен?


Жасанды интеллектінің адамзаттан кем дегенде 10 айырмашылығын келтіріңдер. Мысалы:



  1. Ойлау қабілеті;

  2. Жауап беру қабілеті;

  3. Тапсырманы орындау қабілеті;

...;
10. Демалу қабілеті.
Әрбір айырмашылықты талдап, екеуінде бұл әрекеттің орындалу ретін салыстырыңдар.



Жасанды интеллектіні қолдану саласының әрқайсысына өмірден нақты мысал келтіріп, оның қызмет ету алгоритмін төмендегі кестеге толтырыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет