35 мектеп –гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нысанова Айгүлдің қысқа мерзімді жоспары



Дата25.06.2018
өлшемі18,3 Kb.
35 мектеп –гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Нысанова Айгүлдің

қысқа мерзімді жоспары


Саб тақыры

Ғафу Қайырбеков «Алғашқы қоңырау»

Сілтеме

Әдебиеттік оқу «Атамұра 2013ж» Авторлары:Б.Т.Қабатай, С.Р.Рахметова

Жалпы мақс

Ғафу Қайырбековтың өмірімен шығармаларымен таныстыру. Ыбырай туралы айтылған өлеңдегі і негізгі ойды анықтату

Міндеттері

Елін, жерін қорғауға патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі

Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи отырып,ең алғаш оқу-білімге шақырған адам Ыбырай Алтынсарин екенін біледі.

Тапсырмалар

Талантты және дарынды балаларды оқыту - алдын ала берілген тапсырма бойынша

Сыни ойлау – Сұрақтарға жауап қайтару

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер - топтық жұмыс .

Диалогтік оқыту- сұрақ –жауап

АКТ-Интербелсенді тақтамен жұмыс





Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушы іс-әрекеті


15мин

20мин


10мин

1.Мотивациялық кезең

Ұйымдастыру

1.Сабақ алды сергіту.

Психологиялық тренинг өткізе отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату

2. Топқа бөлу. 1,2,3 сандары арқылы топқа бөлінеді.

3. Бағалау критерийлерімен таныстырып, бағалау бетшесін тарату.
Үй тапсырмасын сұрау

1. Атан түйе шөккен жер мәтінін топ оқушуылары берілген бөлімдері бойынша түсінгенін айтады.

2.Райымбек батыр туралы өз білетіндерін әңгімелейді.

Жаңа сабақты ашу Топтық жұмыс

1-топ «Ыбырай» сөзжұмбағын шешеді


2-топ Ғафу Қайырбековтың өмірі туралы талантты –дарынды балалардың жұмысынан сызба жасақтайды.

3-топ

«Пікір ағашы» атты ойынының ағаш бұтақтарына Ыбырай Алтынсарин өмірінен сызба толтырады




Интербелседі тақтадан

Ғафу Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін мәнерлеп оқытып,автор өмірінен қосымша мағлұмат тар беріледі.



2. Операциялық кезең

Жаңа сабақты бекіту

1. Оқулықпен жұмыс

А) Әр топ бір оқушы шығып бір-бір шумақтан оқып шығады.

Ә) Өлеңді өз еріктерімен іштей оқиды.

Б) Әр топтан бір оқушы шығып,өлең шумақтарын қара сөзбен әңгімелейді.

В) Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап қайтарады.

-Өлеңнен ақын сұрағын тауып оқы.Оған сен қалай жауап берер едің?

-Ақын өзі қалай жауап бергеніне назар аудар.

-Ақынның мақтанышқа толы шаттанған көңіл күйі өлеңнің қай жолында байқалады?



3.Рефлексиялық кезең

1.Сабақты қорытындылау

Өлеңнен нені түсініп қандай әсер алдың?



2.Кері байланыс «Конверт сұрақ » әдісі арқылы әр оқушылардан қаншалықты меңгергендігі туралы кері байланыс орнату.Әрбір оқушыға сұрақтар салынған конверттер дайындалады.Оқушыларға таратылып беріледі.

Мұғалім келесі сабақта оқушы жауабының қате дұрысын атап өтеді.



3.Бағалау

Оқушыларды топ басшысы бағалайды.



4.Үйге тапсырма

1. « Алғашқы қоңырау» мәнерлеп оқу 2.Ғафу Қайырбековтың өмірінен қосымша мағлұматтар жинақтап әкелу.



Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып,күзгі жапырақтарға жазып алып келген тілектерін ортаға шашады.Бір-бір жапырақтан жинап алып,тілектерін оқиды.

Қатарда тұрған оқушыларды 1,2,3 санымен санап,1деген оқушылар бір топқа,2деген

оқушылар екінші топқа ,3 деген оқушылар үшінші топқа бөлініп отырады.

Бағалау критерийлерімен танысып бағалау парақшаларын қолдарына алады.


Атан түйе шөккен жер мәтінін топ оқушуылары берілген бөлімдері бойынша түсінгенін айтады.

Райымбек батыр туралы өз білетіндерін әңгімелейді.



1топ оқушылары «Ыбырай» сөзжұмбағын шешеді.

2-топ Ғафу Қайырбековтың өмірі туралы талантты –дарынды балалардың жұмысынан сызба жасақтайды.

3-топ

«Пікір ағашы» атты ойынының ағаш бұтақтарына Ыбырай Алтынсарин өмірінен сызба толтырады

Слайдтан өлеңді мәнерлеп оқиды.

Ғафу Қайырбеков туралы қосымша мәлімет алады.

Өлеңді шумақтап оқиды.

Өлеңді іштей оқиды.

Топтар ұжымдасып сұрақтарға жауап қайтарады

Ашық сұрақтарға жауарп қайтарады.

Оқушылар жауаптарын стикерге жазып конвертке салып жібереді.

Топ басшылары бағалайды.


Күнделіктеріне үй тапсырмаларын жазып алады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет