37. Саралап және даралап оқытудың мәні


Кіші жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін сипаттаңыз



бет7/14
Дата12.09.2023
өлшемі76,36 Kb.
#180877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
37-45 сұрақ
қыркүйек айының сабақ кестесі, Ойындар
39.Кіші жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін сипаттаңыз.
6 жасқа орайласқанда бала негізінен жүйелі мектептік оқуға дайын. Мектеп босағасынан аттайын деп тұрған кешегі сәби енді тұлғалық жетісті, себебі ол бұл кезеңде өз қылық - әрекетіне баға бере алады, өзін басқалармен салыстыра біледі.Мектепке дейнгі шақтың соңына онда бір неше жаңа психикалық қасиеттер қалыптасады:
- қоғамдық татымды іс-әрекетке ұмтылу;
- өз қылық - әрекетіне басшылық жасау;
- қарапайым қорытынды шығара білу;
- жетілген сөз бен тілді орынды қолдану;
- өз төңірегіндегі адамдар мен байланыс жасап, қызмет бабында араласу.
Бала 6-7 жасқа келгенде, оның алдында ең алғашқы үлкен өзгеріс туындайды. Мектеп жасы кезеңіне өту баланың іс-әрекетіне, басқа адамдармен қатынасына, тілдесу әрекеттеріне түбегейлі жаңалықтар әкеледі. Енді баланың басты қызметі – оқу, осыдан өмір барысы өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады, баланың басқалармен қатынастары да жаңаланады.
Қазіргі кезеңдегі бірінші сынып оқушыларының ерекшелігі – мұғаліммен қатынасындағы шектен тыс “демократизм”, қылықтарының ырықсыздығы, өз әрекеттерін мектеп талаптарымен сәйкестендіре алмауы. Мұндай ебедейсіздіктер енді оқуға келген балалардың бәріне тән, бірақ, мұғалімдердің байқағанындай, тіпті бірінші сыныптың ақырына бүгінгі оқушыларда талаптарға деген қандай да қарсылықтар бой тіктеуде. “Қажет”, “болмайды”, “ақырына дейін бітір” – деген талаптар, ересектердің тыянақты зорлауынан соң ғана қабылданып жатады. Мұның өзі балалармен қатынас кейпін өзгерту олармен жұмсақтау адамилық байланыстарға келу қажеттігін туындатып тұрған жоқ па?
Бүгінгі бірінші сынып оқушысы, мұғалімдер айғақтағандай, бұдан он жыл бұрынғы өз қатарларынан көптеген мінез бітістерімен ажыратылады. Қоғамның әлеуметтік қарама – қарсылықтары асқынған, балалыққа симайтын теледидар жойқыны жаулаған имандылық пен инабаттылықтың кеміген, бұғаусыз еркіндік шарпыған кезең жағдайларында өскен бала бұл үдерістер астарында жатқан жақсы мен жамандықтың бәрін талғаусыз өз бойна сіңіреді. Шектен тыс түсініксіз және қажеті жоқ ақпараттармен бойын да, ойын да толтырған бала әлбетте жете дамыған,осыдан өз сезімдерін білдіруде үлкен еркіндікке құштар келеді. Адамдар арасында елеулі жік пайда болды. Ал балалар мұны көріп те, түсініп те жүр. Мектеп енді олардың ұлғая түскен талаптарын қанағаттандыруды елеулі қиыншылықтарға тап болуда. Тәрбие осы өзгерістер ізімен үлгеріп, өз міндеттерін қайта қарастыру қажет.
Кіші мектеп жасындағы балалар биологиялық тұрғыдан екінші даму кезеңіне өтеді: бой өсуі бәсеңдейді, салмағы қосыла бастайды, денесі сүйектенеді, бірақ үдеріс мұнымен аяқталмайды. Бұлшық еттер жүйесі қарқынды дамуда болады. Осыдан майда нәзік қимылдарды орындау қабілеттері пайда болып, бала тез жазу дағдыларына жетеді. Бала ағзасының барлық ұлпалары даму жағдайында болады.
Кіші мектеп жасында жүйке жүйесі жетіліп барады, бас миы үлкен жарым шарларының қызметтері қарқынды дамып, даралана бастайды, ми қабығының талдау және біріктіру қызметтері күшейе түседі. Кіші мектеп жасындағы баланың бас миы салмақ жағынан үлкендердің миымен теңдесіп, орта есппен 1400г дейін ұлғаяды. Баланың психикасы шапшаң дами бастайды, қозу және тежелу үдерістерінің арақатынастары өзгереді:
тежелу үдерісі күшейе түседі, бірақ қозу үдерісі әлі де болса басымдау, осыдан – кіші мектеп оқушысының тұрақты шыдамдылығы кем, сабырлылық оған әлі тән емес. Сезім ағзаларының дәлдік қызметі көтеріледі.
Балалардың ойлау қабілеті олардың тілімен дамиды. Қазіргі күндегі үшінші сынып оқушыларының сөздік қоры 3500-4000 сөзді құрайды. Мектептік оқудың ықпалы тек қана бала сөздік қорының ұлғайуынан көрінбейді, ең алдымен сол игерілген сөздерді ауызша және жазбаша ой білдіруде пайдалана алу ептілігінен байқалады.
Балалардың даралық ерекшеліктерін ескеру - өте маңызды, тартымды және қажетті бола тұрса да, сыныпта 20-30 оқушыны оқытып, тәрбиелеп жатқан бір мұғалімге өте қиын. Мұғалім қызметі өте ауыр. Балалар әр қилы, бірі жолдасын өкпелетіп,өз қылығына қиналады, істегенінің қателік болғанын сезінеді.Ал екінші бала,тіпті де қылығына ұялмайды, тек жазадан қорқады. Ал үшінші біреуі өз қылығын ақтап, жазаның әділетсіз екенін дәлелдеп, бағады.
Қортындыласақ, әр балада оны басқалардан ерекшелейтін даралық болады.Мұндай даралық оқушылардың түйсігінде,қабылдауында, ойлауында, есінде, қиялында, қызығуларында, икемділігінде, қабілеттерінде, темпераментінде, мінезінде көрінеді.Даралық ерекшеліктер тұлға дамуына ықпал жасайды.
40.Критериалды бағалау технологиясын сипаттаңыз (қалыптастырушы және жиынтық бағалау). Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс..
Критериалды бағалау қағидалары

  • Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес, әркімнің жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау.

  • Бағалау «жоспарлау-оқыту-бағалау» үдерісінің ажырамас бөлігі.

  • Бағалаушы мен бағаланушы бағалау шарттары мен критерийлерін алдын ала білуі және айқын түсінуі керек.

  • Даму мен жетістіктер туралы нақты ақпарат алу үшін бағалау шарттары мен критерийлері алуан түрлі болуы керек.

  • Бағалау үдерісінің басты кезеңі бағалаушы мен бағаланушы арасындағы кері байланыс болып табылады.

  • Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек

  • Өз қабілеттерін бағалауда оқушыға нақты ролдік үлгі керек.

Критериалды бағалау талаптары
1. Критериалды бағалау оқыту мақсаттарына негізделуі керек және оқыту үдерісінде мұғалім оқушылар назарын үнемі аударып отыруы керек.
2. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктеріне бағыттала отырып, оқуды мақсатты, бағалауды ашық етеді.
3. Критериалды бағалау оқушыларға түсінікті болуы креек.
4. Критериалды бағалау барысында үштен артық емес критерий қолданылуы керек.
5. Бағалау критерийлері тексеру жұмыстарын орындаудан бұрын хабарлануы, түсіндірілуі керек.
6. Бағалау критерийлері мүмкіндігінше, оқушылармен бірге дайындалуы, жасалуы керек.
Критериалды бағалау маңызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет