Нұсқау:Егер балалардың барлығын осы баспалдаққа отырғызсақ, онда жоғарғы үш сатысында жақсы балалар: ақылды, қайырымды, мықты әрі үлкендерді тыңдайтын балалар отырады, ал төменгі үш сатыда жаман балалар отырады. Ортаңғы сатыларда жақсы да емес, жаман да емес балалар орналасады. Сен өзіңді қай сатыға қоятыныңды көрсет. Неге осы сатыға қойғаныңды түсіндір.
Балалардың таным процестерін зерттеу әдістемелері
«Не жетпейді?» әдістемесі
Мақсаты: Баланың қабылдау ерекшелігін анықтау
Нұсқау: Мына суреттерде не жетіспейтінін тап.
«Қисынсыздарды тап» әдістемесі
Мақсаты: Баланың байқағыштығын, логикалық ойлауын және өз ойын грамматикалық дұрыс құра білу іскерлігін дамыту
Нұсқау: Суретті мұқият қарап ал, қисынсыздықтарды тап.
Нұсқау: «Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тыңдап, есте сақтап қалуға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар».