38. Күн жүйесі планеталарының негізгі сипаттамалары: Уран, Нептун



бет3/3
Дата26.05.2020
өлшемі32,79 Kb.
#71205
1   2   3
Байланысты:
астрономия 38,69,78
астрономия 38,69,78
78. Бірінші космонавттар. Ұшу күндері мен ұзақтығы. Космонавттарың негізгі міндеттері. Гагарин Ю.А., Титов Г.С., Николаев А.Г., Попович П.Р., Быковский В.Ф., Терешкова В.В., Леонов А.А.

Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа үш жүзден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар. 1961 жылдың 12 сәуірінде Кеңес одағының аға лейтенанты Юрий Гагарин "Восток" кемесімен алғаш рет Жер орбитасын айналып ұшты. Небәрі 108 минутқа созылған сапар ғарышты игеруде үлкен қадам болды. Юрий Гагариннің есімі әлемге әйгілі болып, өзі шұғыл майор және Кеңес одағының қаһарманы атағын алды. Ғарышқа адам жібермес бұрын ол жаққа төрт аяқтылар жіберілгені белгілі. 1960 жылдың тамыз айында бортында Белка және Стрелка иттері отырған "Восток" кеңес кемесі ғарышқа бір тәулік бойы ұшып, Жерге қайта оралды. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келді. Ол - КСРО-ның соңғы және қазақ ұлтының алғашқы ғарышкері.1991 жылы ғарышқа экспедициялық сапармен барып, сол жақта 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Әубәкіров нөмірі бірінші ғарышкер ғана емес, ол алғаш рет басқа кеңістікте жүріп қазақтың ұлттық тағамын жеген адам. Сол жылы ғалымдар ірімшік, айран және қазақша етті ғарышта жүріп жеуге болатындай етіп әзірлеген-ді.Айдың көрінбейтін жағындағы кратердің біріне Титов есімі берілген. Герман Степанович Титов - бірінші жасақтың ғарышкері және ғаламшардағы екінші ғарышкер, ең жас ғарышты бағындырушы, ол сол кезде небәрі 25 жасқа толған еді. Герман Титов 1961 жылғы 6-7 тамыз күндері «Восток-2» ғарыш кемесімен ұшты. Бұл тарихта алғаш рет ұшу ұзақтығы тәуліктен асқан ғарыштың ұшу болатын. 25 сағаттың ішінде Титов Жерді 17 рет айналып, 700 мың шақырымнан астам қашықтыққа ұшып жүрді. Ұшу кезінде ғарышкер борт жүйесінің жұмысын бақылады, екі рет кемені өзі басқаруды қолға алды, сондай-ақ Жердің және ғарыштың фототүсірілімін жүргізді. Герман Титов әлемде алғаш рет ғарышта кинотүсірілім жасады, сондай-ақ ұшу кезінде дене шынықтыру жасаған алғашқы ғарышкер болды. Бір қызығы, ол алғаш рет орбитада түстеніп, кешкі асын ішіп, ұйықтады.1963 жылғы 16 маусымда мәскеу уақытымен 12 сағат 30 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 1-ші ұшыру алаңы кешенінен әлемдегі алғашқы ғарышкер-әйел Валентина Владимировна Терешкова басқарған «Восток» ғарыш кемесі Жер серігі орбитасына шығарылды. «Восток-6» кемесі бұдан екі күн бұрын - 1963 жылғы 14 маусымда ұшырылған «Восток-5» ғарыш кемесі орбитада болған кезде жүзеге асырылды. «Восток-5» ғарыш кемесінің командирі Валерий Федерович Быковский болды. «Восток-6» кемесі бұдан екі күн бұрын - 1963 жылғы 14 маусымда ұшырылған «Восток-5» ғарыш кемесі орбитада болған кезде жүзеге асырылды. «Восток-5» ғарыш кемесінің командирі Валерий Федерович Быковский болды. Алексей Архипович Леонов 1934 жылы 30 мамырда дүниеге келді. № 11 кеңес ғарышкері, екі мәрте Кеңес Одағының батыры және ашық ғарышқа шыққан алғашқы адам. 1960 жылы ол кеңес ғарышкерлерінің алғашқы отрядына қабылданды. 1965 жылдың 18-19 наурызында Павел Беляевпен бірге "Восход-2" ғарыш кемесінде екінші ұшқыш ретінде ғарышқа ұшты Ұшу кезінде ол ерекше батылдық танытып, ғарыш тарихында алғаш рет ашық ғарышқа шықты.

Сәтті ұшып, батылдық танытқаны үшін подполковник Леонов Алексей Архиповичке 1965 жылдың 23 наурызында Ленин ордені мен "Алтын жұлдыз" медалі табысталып,  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жалпы алғанда, ол 7 күн 32 минут ғарышта болды, бір рет ашық ғарышқа 16 минутқа шықты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет