4 1, Гинекологиялық науқастарды тексерудің арнайы гинекологиялық әдістерін көрсетіңіз Арнайы


Чеклист :-Арнайы гинекологиялық тексеру



бет2/4
Дата06.04.2023
өлшемі21,08 Kb.
#173921
1   2   3   4
Байланысты:
Document (6)
шетелдік білім беру тұжырымдамаларына шолу, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі., САБАҚ КЕСТЕСІ 2023-2024 күнделік 1 ауысым
Чеклист :-Арнайы гинекологиялық тексеру 
1 . Креслоға жаялық салып пациенттің жатуын сұрады. Қолды инструкцияға сай жуды. 
2. Қажетті құралдарды дайындады: қасық тәрізді айна, стерильді қолғап. Стерильді қолғаптарды стерилдігін сақтай отырып киді.
3. Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда түктену түріне, үлкен және кіші жыныс еріндеріне, аралық жағдайына және қынап сағасының қалпына баға берді.
4. Екі қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашып, қынап сағасын, қынап қабырғаларын, шырышты қабаттың түсін, бөлініс сипатын, сыртқы зәр шығару каналының жағдайын, парауретралды және кіреберіс үлкен бездерінің шығару өзектерін қарады.
5. Сол қолдың үлкен және сұқ саусағымен жыныс еріндерін ашып, оң қолмен қасық тәрізді айнаны алдымен артқы айнаны бүйірімен енгізіп, төмен қарай бұрады және аралықты төмен тартты, содан соң алдыңғы айнаны дәл осылай бүйірімен енгізіп жоғары көтерді.
6. Айнада қынап қабырғасын және жатыр мойнының қалпын бағалады (конус тәрізді, цилиндрлі, деформацияланған). Шырышты қабатының түсін қарады. Жатыр мойнындағы патологиялық процесстерді жыртылу, эрозиялар, қабыну үрдістерін анықтады. Қынаптан айналарды (алдымен жоғарғы, содан соң төменгі) шығарды.
7. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ерiндерiн ашып, қынапқа оң қолдың 2 саусағын енгiздi. Екінші қолмен құрсақтың алдыңғы қабырғасы арқылы жатырды пальпациялап тексерді, оның орналасу қалпын,пішінін, консистенциясын, қозғалғыштығын, ауру сезімін анықтады.
8. Оң жақтағы қосалқыларды тексергенде қынаптағы қолды оң күмбезге, ал сыртқы қолды оң мықын аймағына, ал сол жақ қосалқыларды тексергенде қолдарды сол жаққа ауыстыру арқылы қосалқылардың орналасуын, көлемін, консистенциясын, формасын, қозғалуын, ауру сезімін анықтады.
9. Қынаптың артқы күмбезінің ерекшелігін (тегістелуі, тығыздалуы, шығып кетуі, ауру сезімі, флюктуация) анықтады. Қараудан кейін қынаптан саусақтарды шығарып бөлінділердің сипатын бағалап, оларды қарады (қан аралас, іріңді-шырышты).
10. Айналарды дез. ертіндіге салды. Қолғапты шешіп арнайы контейнерге салды. Қолды жуды, құрғатты. Амбулаторлық картаға немесе ауру тарихына тексеру нәтижесін жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет