4-апта. 4-дәріс: Болмыс онтология және метафизика



бет4/9
Дата06.02.2022
өлшемі242,67 Kb.
#80402
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс 4. Онтология және метафизика

Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.
Спиноза пантеистік-материалистік көзқарасты ұстанды. Табиғат пен құдай біртұтас субстанция деген қағиданы негіз етті. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады. Діни-телеологиялық қағиданы жоққа шығарды, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады. Өзінің пантеистік метафизикасы мен соған негізделген этикасын нағыз дін деп жариялады.
Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:
1.субстанция мәселесі;
2.таным теориясы;
3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.
Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыстың мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасады. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.
Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:
1.жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;
2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар; ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;
4.Табиғат – Құдай – бір;
5.Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ;
6.Құдай Табиғаттың ішінде;
7.Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады;
8.«Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай – «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;
9.жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның – Табиғат + Құдайдың «модустары» - көріністері ғана;
және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет