4-апта. Бейімдік дене шынықтырудың басқа ғылым салаларымен байланысы



Дата25.02.2023
өлшемі15,25 Kb.
#170087
Байланысты:
4-апта. СОӨЖ. БДШ-ның басқа ғылым салаларымен байланысы.
Жылу мөлшері. Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда берілетін жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. 8-сынып. Қосымша 1.

4-апта. Бейімдік дене шынықтырудың басқа ғылым салаларымен байланысы.

Ғылым саласы

Байланысы

  1. Психология

Бірінші орында Психология қоюымыздың ерекше мәні бар. Мүмкіндігі шектеулі балалар арасынан дене бітімі нормадағы баладай, бірақ ойлау қабілеті баяу немесе бұзылған балалармен айналысуда «Психология» БДШ сабағына байланысы болады.

  1. Медицина

Медицинасыз БДШ сабағын не болмаса ғылымын елестете де алмаймыз деп айта аламыз. Себебі, Медицина ғылымы арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды толықтай сауықтырып, болмаса өз қатарымен болуына жағдай жасап емдеу тәсілін қолданамыз.

  1. Технология

Қазіргі заманның дамып жатқан шағында мүмкіндігі шектеулі балаларға қалта көтергеніне қарай технологиялық тұрғыдан өзін нормадағы балалардай сезінуіне жағдай жасай аламыз. Мысалы, протез (аяқ, қол немесе т.б. мүшелері), түрлі аппараттар (құлақ естуіне, сөйлеуге арналған).


  1. Дефектология


Бұл сала мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық өмірге тікелей бейімдеу. Мысалға:
Сурдопедагогика - есту кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым, дефектологияның бөлімі.
Логопед - сөйлеу тілінің кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым.
Тифлопедагогика - арнайы педагогикада көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейтін ғылым және т.б. дефектологиялық ғылымдарды қоса аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет